Темперамент түрлерінің психологиялық сипаттамасы және өзіндік бағалауына әсері



бет3/4
Дата31.01.2023
өлшемі46,66 Kb.
#166908
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы және өзіндік бағалауына әсері
1616064815
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақыртып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған ұрысатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес) мұндайда бала әрине төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайдға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып белсенді сөз айтудан қалады. Бұл темпераменттегі оқушы, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп- тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатынасқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп.
  Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.
Адамның мінез-құлқы оның туыстан пайда болған тип өзгешелігіне ғана тәуелді болмай, жүйке қызметінің тікелей өмір барысында қалыптасатын түрімен де байланысты екенін еске ұстау қажет. Кейде тыныш бір қалыпты флегматик холерикше эмоциясы бұрқанып, күйіп-пісіп, әлек болады, ал холериктің кейбір жағдайларда өз күшіне сенбейтін, енжар меланхоликтің қалпына түсіп кететін кездері де болады.
Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу қажет. Мұндайда кездейсоқ реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі ұзақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады.
Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді.
Ағылшын психологы Ю.Айзенк психологияның биологиялық бағытындағы лидердің бірі. Ол қозу және тежелу процесі негізінде экстраверсия – интроверсияны ұсынды. Экстраверсия – (лат.exter –сыртқы, versave –қарау) дегенді білдіреді. Экстраверт адамдармен тез араласуға бейім тұратын, публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын, кез келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адам. Экстраверттерге сангвиниктер мен холериктер жатады.
Интроверсия –(лат. intro – ішінде, versave –қарау) ұялшақ, көп нәрсені ішінде сақтайды. Аяқ астынан ашуланбайды, жинақылықты жақсы көреді, суық, тұрақты, субьективті, қарапайым, экстраверсияға қарама –қарсы. Интраверт : жалғыздықты сүйетін, өз-өзімен сөйлескенді ұнататын, ішкі әлемінде өмір сүретін жан. Интраверттерге флегматиктер мен меланхоликтер жатады.
Адам тұлға ретінде өз-өзін бағалайтын болмыс. Өзіндік бағалау – адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі. Өзін бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін дамытады, адамның айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, адамның іс-әрекетінің тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына әсер етеді.
Өзіндік бағалау тұлғаның өзіне ғана тән жеке құндылығы. Яғни өзіндік бағалау дегеніміз адамның өзін-өзі құрметтеу сезімінің дамуы, жеке құндылығын сезу және «Мен» сферасына қатыстының бәріне деген позитивті көзқарасы. Өзіндік бағалау өз әрекетін бағалауда маңызды роль атқарады, онсыз өмірде өзін анықтау мүмкін емес. Нақты бағалау адамға рухани қанағат пен адамгершілік қасиеттеріне қолдау көрсетеді.
Мен мектепте 5-7 сыныптарға психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Осы зерттеулердін нәтижесінде оқушылардың өзіндік бағалауы темперамент түрлеріне байланысты екені анықталды. Зерттеуге 5-7 сынып аралығында 348 бала қатысты. Оқушылардан А. Беловтың «Темперамент формуласы » тесті және «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі алынды. Темпераментті зерттеу барысында анықталғаны:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет