Тәрбие мен оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп



Дата14.09.2023
өлшемі21,31 Kb.
#181096
Байланысты:
Райхан Шалабаева
Мұқағали баян

Тәрбие мен оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп

«Баланы ерте дамыту бағдарлары» жұмысы мазмұны бойынша «Ойын арқылы дамыту» қағидасын негізге алып, атқарған жұмысымда тәжірибе негізінде бақылау жүргіздім. Өйткені, ойын ойнау арқылы балаға кез-келген білімді үйретуде оның бойында өмірлік маңызды дағдылары мен қасиеттер қалыптасады, бойындағы өзге де қызығушылықтар мен ерекшеліктер дамиды, бастапқы әлеуметтік қарым-қатынасқа еркін түседі, өзін қоршаған әлемді тереңірек тануы байқалады. Ұйымдастырылған іс-әрекетте мақсатты смарт мақсаттарға айналдыра отырып өзгерістер енгіздім. Мақсатым қолжетімді әрі шынайы, нақты іс-әрекетпен балаға, баланың эмоциялық күйі мен қабілетіне, жас ерекшелігіне бағытталған.


Балаларға таңғы жаттығу барысында және ұйымдастырылған іс-әрекет сәттерінде де жоспарға өзгерістер жасадым. Өйткені, аталған жоспарға әр баланың жеке қабілеті, қабылдауы және жас ерекшелігі негіз болды. Осы бақылау уақытында Абдурахман есімді баланың холерик темпераментті болуы өзге бүлдіршіндермен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі болғандығы байқалды.
Абдурахманның бұл әрекеті арқылы қарым-қатынас барысында дағдарысқа тап болмасы үшін, таңғы жаттығуды «Әдемі көбелек», «Гүлдер» әуенді релаксациясынан қолға алуды жоспарладым. Аталған бүлдіршін үйрене бастағаннан кейін «Жел және әуе шары» тыныс алу жаттығуларын жоспарлы түрде әрекетке қостым. Одан өзге, педагог жетекшілігімен құрылымдалған «Бақша ішіндегі сыйлық» ойыны мен «Қимылды қайтала» қимылдық ойынын жоспарыма енгіздім.
«Арыстан», «Қағаз ұшақтар» топтық ойындарға қатыстыру барысында, бала өзін айтарлықтай нәтижеде ыңғайлы,сабырлы сезіне бастады, өзге балалармен де байланысқа түсуі оған еш қиындық туғызбады. Аталған ойындарды ойнау барысында Абдурахманның іс-қимылы тұрақталып, мазасыздығы төмендеп, достарымен бейбіт қарым-қатынас жасауы оның бойындағы маңызды дағдылардың қалыптасуына әсерін тигізгендігін нақты айта аламын. Еркін ойын сәтінде «Балықтар мен бақалар» ойыны таңдалып, бұл ойын баланың өзінің ішкі күйін бағалау қабілетін арттырып, өзгелермен ортада өз ойымен бөлісіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсе бастады, мейірімділік сезімі артқандығы байқалды.
Сурет салу әрекетінде жанама бақылау бойынша Мансур есімді бала сурет салудан бас тартып қана қоймай және өзге балалармен бірге отырудан қашқақтағанын аңғардым. Мансурдың сурет салуға ынтасын арттыру үшін жоспардан тыс сурет салу әдістемелерін қолдануды жоспарладым. Балаға ыңғайлы жаңдай туғызу үшін «Үшінші ұстаз» заттық-дамытушылық ортаны сурет салуға арналған дәптер, акварель бояуымен, түтікшелер, мақта таяқшаларымен толықтырдым. Мансур өз қалауы бойынша түтікшелерге қызығушылық танытып, мақта таяқшаларын қолданғанда қасындағы бір-екі досын жанына шақырып, белсенділігін көрсетті.
Мақта таяқшаларын қолданғанда ыңылдап көңілді әуендетіп отырғанын аңғардым, суретті өз қиялымен дамытып, салуды жалғастырды. Педагогтің басқаруымен басталып еркін ойынға айналған «Менің қиялымның жемісі» ойыны сәтінде Мансур топпен салынып жатқан жұмысқа қосылып, ұжымдық іс-әрекетке белсендігілігін көрсетті. Осы сәтте өзге балалармен тілдік қарым-қатынасқа түсуі арта бастады. 
Тәжірибеде педагогтің жетекшілігімен «Балықтар мен бақалар» ойыны барысында Абдурахманның мазасыздығы төмендеп, өзін бағалап, бағдарлай алу қабілеті артты, топтық қарым-қатынасқа еркін түсе алды, бұл жерде саралау әдісі тиісті әсерін тигізді, сондықтан ойын нәтижесі сәтті әрі ойлағандай өтті деп санаймын. Мансур сурет салу әдістемелерін таңдағанда баланың ішкі күйі ескерілді, қызығушылық, эмоциялық, шығармашылық дағдылары қалыптасты. Сезімдік, ішкі жан дүниесіне назар аударту арқылы, эмоциясын жеткізе білу қаншалықты маңызды қабілет екендігіне ұмтылысы байқалды. Танымдық қабілеті артып, тілдік қатынасқа оңай түсті. Балада әсерлі, жақсы сезімдердің қалыптасуы маңызды рөл атқаратындықтан, әрбір кішкентай жетістіктерінің өзін мадақтап отырдым. Дәстүрден тыс шығармашылық іс-әрекеттер баланы мазасыз, ынжырғалы жағдайдан шығарып, жүйкеге әсер ете ойлардың орын алмастыра алды,эмоционалды көңіл-күй туғызуға септігін тигізді. Балаға: «Саған салған қандай әсер берді?» -деп сұрағанда, «Ерекше, басқаша әсер алдым»,- деп жауап берді. Сондай-ақ, «Басқа балалармен бірге сурет салған кезде қандай сезімде болдың?»- деген сауалға «Достармен бірге жасаған ұнады» деп жауап берді. Одан өзге, "Сурет арқылы нені байқай алдың?" «Өз суретіңнің қандай өзгешелігін айта аласың?» — деген қосымша сұрақтар да қойылды. Бұл сұрақтардағы жауаптар кезінде баланың тек жеке өз қызығушылығы төңірегінде «Мен» түсінігі басым болды. Демек, бала өзі атқаратын жұмысты топтық жұмыспен ұштастырып, басқалармен бірге атқаруды қаламағанын, бірақ ойын ережесіне бағынып, тәртіпті бұзбағандығы аңғарылды, бірақ осы негізде сурет салуға деген ынтасы төмендегені байқалды.
Бұл ойынның кері жағы да болды, бірақ сәтсіздікті оңтайлы шешу методикалары қарастырылып, жоспарланады. Алдағы уақытта Мансур  ұжымдық, топтық ойындарға барынша көбірек қатыстыру, сюжеттік ойындарға атсалыстыр және кішігірім сахналық қойылымдарға қатыстыруды жоспарладым. Және өзіне қызмет ету, достарымен қосылып ойыншықтарды жинау іс-әрекеттерін әрі бірлесіп қолөнер жұмыстарын жасатып көріп, бақылауды жоспарға енгізуді жөн көрдім. Топпен бірге бірлесіп шешу жолдарын табатын түрлі жағдаяттарды жүйелеп, ойластыруды жоспарыма аламын. Баланың шығармашылық қабілетін одан әрі өрбітуге, сана мен қиялының артуына , эстетикалық талғам мен эмоционалдық-сезімдік қабілетін дамытуға, әлеуметтену ортасына арналған дамытушылық ресурстарды жеткілікті деңгейде толықтыруды жоспарлаймын. Ойын арқылы оқыту және тәрбиелеу кез-келген баланың тұлғалық сипатын дамытып, өз интелегентін арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет