Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қоғамға қызмет» Қоғам дегеніміз не? Қоғам



бет2/2
Дата13.11.2023
өлшемі21,89 Kb.
#191184
1   2
Байланысты:
user file 5a8d494628269
angl mag shpor 2016 polny, геометрия 11 сынып кгб
Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылды тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі.
4. Адам мен қоғам арасында қандай айырмашылық бар?
5.Қоғам жайлы жалпы түсінігіңіз?
6. Қоғам мен құқықты қалай байланыстырасыз ?
7. Қоғамның қандай қағидаларын білесіздер?
8. Қоғам қандай жағдайда қалыптасады?
Тек азат адамдар мен тәуелсіз халықтар ғана дүниеде шынайы жарастық орната алады. Өйткені халық бостаныққа жетпей тұрып, қоғам бостандыққа жете алмайды. Сондықтанда бүгін күллі жалпақ әлем бостандықты ту еткен жарастықты аңсайды. Ендеше, адамдар мен қоғамдардың, мемлекеттер мен халықтардың өз еркі өзіндегі тәуелсіздігі.
Тәуелсіздік жайында сұрақ:
1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қай жылы қабылданды? (16 желтоқсан 1991ж.)
2. Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының мүшелігіне қай жылы өтті? (3 науырыз 1992ж.)
3. Мемлекеттің жаңа әнұраны, елтаңбасы, туы қай жылы қабылданды?
Студенттердің жауаптары.
90-жылдары тәуелсіздік алған өзге мемлекеттердегідей, Қазақстан да мәдени интелектуалдық ой мен ғұрып шын мәніндегі тектоникалық өзгерістерге ұшырады. Ғасырлар бойы жаншылған, тепкі көрген халықтың ұлттық санасы оянды. Отарлық егізден шыққан қазақ халқы үшін осы тұста ұлттық-мәдени түлеу ауадай қажет болатын. Бұл, өз кезегінде, жаңа рухани құндылықтарды қалыптастыру, жаңа сападағы білім жүйесін жасау, адам капиталын дамыту арқылығана іске асырылатын еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекет осы рухани мұқтаждықтың өтелуіне көп күш пен қаржы жұмсады. Ұлтымыздың жоғалуға айналған тілі мен діні, ділі қайта оралды.
-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан иелміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбағанелмііз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Осылай деп кім айтқан?
-Қаз дауысты Қазыбек би
Мағынаны тану
- Ия, осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік алғанымызға 32 жыл толғалы отыр. 16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жылдарға шолу жасайық.
1991 жыл- нарықтық экономикаға көшкен жыл.
1992 жыл- қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.
1994 жыл- Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
1995 жыл-Қ.Р. конституциясы қабылданды.
1996 жыл-Мемлекеттің жаңа әнұраны; елтаңбасы, туы қабылданды.
1997 жыл- жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
1999 жыл- ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.
2001 жыл- тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
2003 жыл – Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
2005 жыл- «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
2008-2009 жыл –Қазақстанда берілетін жәрдем ақы, айлық табыс, зейнетақы, көлемі жоғарлап, халықтың әлқуаты артты.
2010 жыл –Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстан жаңа мүмкідіктері» жолдауы жарияланып, ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.
Дөңгелек үстелді қортындылау.
Қазіргі қоғам қойнауында жеке адамдардың әлеуметтік пісіп-жетілуіне, олардың әр түрлі формалары негізінде еркін дамуына мүмкіндіктер жасалады. Онда әрбір азаматтың мүддесін, еркіндікке, өмірге деген табиғи құқығын жан-жақты қорғауға , қоғамдық өмірдің барлық салалары қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге азаматтық қоғамда жекелеген адамдардың, топтардың қарым-қатынастары реттеледі, болуы мүмкін жанжал- қақтығыстарға жол берілмейді.
Тағы бір қоса кететінім, осы жетістіктеріміз бен еркіндігіміз тәуелсіздіктің арқасында ие болғанымыз анық. Азаматтық қоғам-азаттық қоғам болып қалыптасуына еркін азаматтар ғана біріккен саналы іс-әрекеттерінің нәтижесінде мұндай адами қауымдастықты жасай алатыны сөзсіз.
Тәуелсіздік – кез келген халықтың маңдайына жазылмаған, тағдыр –талайына бұйырмаған ғажап сый.
Мың жылдап күткен арманды бір күнде жүзеге асыра салмасымыз белгілі, ғасырлап аңсаған азаттық бәрімізді бір күнде бай қылып, барша мұратқа жеткізбей жатқаны рас. Бәрі де рас. Әзір орнай алмай жатқан молшылық пен әділет бәрібір орнамай қоймайды.ү Қай халық та ондай дәуренге , тек тәуелсіздіктің арқасында жетіп жатыр. Ал қолымызға әзер қонған азаттық құсын бір үркітіп алсаұ, қайта айналып қонғанша қашан?!.
Олай болса, уақытша қиындықтарға бола мәңгілік мұраттарымызды тәрк ете алмаймыз.
Міне тәуелсіздігімзді алып, елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде.
Тәуелсіз еліміздің көгеріп-көркеюі жолында күш- жігерді аямаймыз. Тарихтың қандай адал сынына да табандылықпен төтеп бере аламыз. Өйткені тәуелсіздік бәрінен қымбат, бәрінен ұлы!
Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет