Термодинамиканың бiрiншi заңын изопроцестерге қолдану Изохоралық процесс



бет3/5
Дата04.01.2022
өлшемі64,44 Kb.
#109339
1   2   3   4   5
Байланысты:
Термодинамиканың бiрiншi заңын изопроцестерге қолдану
1 курс АДА-21-1,2,3
АДИАБАТАЛЫҚ ПРОЦЕСС

Бұл процесс табиғатта, жылу двигательдерінде кездеседі.



Қоршаған ортамен жылу алмаспай-ақ жүйе (газ) күйінің өзгеруін адиабаттық процесс деп атайды, яғни dQ=0 (грекшк «а»-жоқ,теріс, «диабойно»- өтемін).Мұны төмендегі мысалдармен түсіндіруге болады:

           а) қабырғасы қалың шыны цилиндірдің ішінде (4-сурет) поршень еркін қозғалады. Поршеннің түбінде тез от алатын – сіріңкенің үгітілген басын, қышқылға батырылған мақтаны салайық. Поршеньді тез алға қарай жылжытсақ ұшқын пайда болады, мұның себебі газдың қысымымен бірге температурасыда артады. Газға жылу бермесек те, температураның артуы поршеньді қысу кезіндегі жұмыс салдарынан болады.



4-сурет.


             Бұл адиабаттық сығылу.

          б) ауа насосының қалпағының астына дымқыл қағаз немесе мақта орналастырып оның ішінен ауаны тез сорып алайық. Осы кезде  қалпақ астынан тұман көреміз. Мұның себебі сорылмай қалған ауа ұлғаяды да, өзінің көлемін де , қысымын да өзгертеді. Ұлғаю кезіндегі газ жұмыс істейді де суынады, оны тұманның пайда болуынан байқаймыз.Бұл да адиабаттық ұлғаю процесі . Тура осыған ұқсас процесті атмосферадан бақылауға болады. Ылғал ауа жер бетінен көтеріліп, қысымы төмен атмосфераға енгенде ұлғаяды да, одан бұлт пайда болады.

Адиабаттық процесстің теңдеуін қорыталық. dQ=0 болғандықтан термодинамиканың бірінші бастамасын төмендегіше жазамыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет