Тəртібі қиын оқушыларды тəрбиелеу əлеуметтік-педагогикалық мəселе ретінде


Дамыта көмек көрсету негізіндегі мəселені шешуде өзара ықпалдастықтың қарым-қатынас технологиясы педагог мінез-құлқының келесі техникасын ұсынады



бет2/7
Дата19.12.2021
өлшемі41,33 Kb.
#103308
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қиын оқушылар

Дамыта көмек көрсету негізіндегі мəселені шешуде өзара ықпалдастықтың қарым-қатынас технологиясы педагог мінез-құлқының келесі техникасын ұсынады:

  • əнгімелесуге қызығушылық білдіріп, оның бетіне тіке қарауға жəне тындауға үйрену;

  • ойындағысының барлығын айтқызу, тыныштықты сақтай біліу, оқушының жай-күйін түсінуге тырысу;

  • өз көңіліңді білдіре білу;

  • керекті ақпаратты алу жəне барлығын түсінуге бағыттылған сұрақтарды қоя білу;

  • əңгімелесуші мəселесін түсінуге, оның шешімін табуға тырысу;

  • жай кеңес беруден гөрі мəселенің шешіміне ықпал ететін шешім қабылдауға итермелеу.

Сынып жетекшінің оқушымен əңгімелесуге осындай шарттар ұсынылады. Оның негізінде адамға өзін-өзі дамытуға талпынушы тұлға ретіндегі көзқарас, ал оқушыға дамушы, оқушыларға көмек көрсете алатын адам ретіндегі көзқарас жатыр.

Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесiк. «Азамат қалыптастырамын десең, бесiгiңдi түзе», —деп ұлы ғұлама М. Əуезов əу заманнан бағыт беріп келеді [3].

Отбасыда адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк жəне əлеуметтiк бағыт-бағдар түзiледi. Отбасыда өз кезегімен қарапайым да жеңiл түрде шешiлiп жататын көптеген мəселелер, ересек шақта шырғалаң күйге түсiп жататыны белгілі. Шынымен де, бар тəрбиенің бастауы бесікте, отбасында екені белгілі. Бесікте ананың сүтімен сусындап, бесік жырын тыңдап, отбасы мейрімін сезініп, еңбек қабілетін шыңдаған бала егемен еліміздің ертеңі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет