Тест Мамандығы: 0511000 Туризм Біліктілігі: 0511032 – Туристік агент



бет1/26
Дата21.01.2022
өлшемі86,83 Kb.
#112795
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Турагент каз-2020 — копия
Турагент каз-2020 — копия, transcript request, Метод рекомендации ОСКЭ 6 курс. рус.

Тест
Мамандығы: 0511000 - Туризм

Біліктілігі: 0511032 – Туристік агент



  1. Туристік қызмет дегеніміз бұл ... бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі

  1. Туристік қызметтер көрсету

  2. Қазақстан Республикасы азаматтарына демалыс ұйымдастыру

  3. Халықтар арасында интернационалдық достықты нығайту

  4. Ел бюджетін толықтыру

  5. Қазақстан Республикасының азаматтарының бос уақыттарын ұйымдастыру




  1. Туристің аталған тармақтардың біреуінен басқасына құқықтары бар:

  1. Өзінің барлық қажеттіліктерін еш кедергісіз және толық қанағаттандыруына

  2. Саяхат туралы ақпарат алуға

  3. Қозғалыс еркіндігі мен туристік қызметтерді алуға

  4. Жеке бас қауіпсіздігіне, мүлкінің сақталуы мен медициналық көмек алуға

  5. Жергілікті билік органдардың жәрдемдесуімен байланыс құралдарына қол жеткізуге




  1. 2020 жыл деректері бойынша «Шенген келісіміне» кіретін елдер саны:

  1. 26 мемлекет

  2. 16 мемлекет

  3. 14 мемлекет

  4. 20 мемлекет

  5. 18 мемлекет




  1. Қазақстан Республикасының визаларын пайдалану саны (дүркіндігі):

  1. 1-2-3 немесе бірнеше дүркін

  2. 1-2 дүркін

  3. 1-2-3 дүркін

  4. 1-2 немесе бірнеше дүркін

  5. 1 және бірнеше дүркін




  1. Туристік кәсіпорнының мақсаттары келесіге байланысты анықталады:

  1. туризмнің таңдалған түрлері мен көрсетілетін қызметтеріне

  2. кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігіне

  3. сыртқы экономикалық ортаға

  4. ҚР инвестициялар және даму Министрлігінің өкімдеріне

  5. жергілікті басқару органдарының үкімдеріне




  1. Көрсетілетін туристік қызметтердің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін растайтын құжат -

  1. сертификат

  2. лицензия

  3. стандарт

  4. анықтама

  5. ереже




  1. Нақты бағыт бойынша қызмет көрсету шарттары мен бағдарлама мазмұнын анықтайтын құжат:

  1. Технологиялық карта

  2. Жол картасы

  3. Туристік трасса

  4. Туристік жол

  5. Жоспар-сызба




  1. ҚР аумағынан тыс жерге шығатын туристің құқықтары ... реттеледі:

  1. ҚР және қабылдаушы елдің заңнамасымен

  2. ҚР заңнамасымен

  3. қабылдаушы елдің заңнамасымен

  4. әлеуметтік серіктертер келісімімен

  5. туристің және қабылдаушы тараптың жауапкершілігімен




  1. "Спелеотуризм" дегеніміз:

    1. үңгірлер мен әртүрлі жерасты лабиринттердегі туризм

    2. шаңғы туризмі

    3. тау туризмі

    4. су туризмі

    5. автомототуризм




  1. «Ішкі туризм» түсінігіне анықтама беріңіз:

  1. Бір ел аумағында саяхаттау

  2. Бір мемлекет азаматтарының шетелге саяхаттауы

  3. Азаматтығы жоқ адамдардың саяхаттауы

  4. Басқа елдерде саяхаттап жүрген азаматтар

  5. Шетел азаматтарының біздің елде саяхаттауы




  1. Туристік қызмет көрсету бойынша келісімшарттарды «Қазақстан Республикасының Туристік қызмет көрсету туралы» Заңының келесі бабына сәйкес құрылуы қажет:

  1. 17

  2. 10

  3. 18

  4. 15

  5. 12




  1. Туризм инфрақұрылымының секторлары:

  1. Көлік, орналасу, тамақтану, көңіл көтеру, ақпараттық-жарнамалы

  2. Орналасу, тамақтану, көлік

  3. тамақтану, көңіл көтеру, ақпараттық-жарнамалы

  4. Көлік, ақпараттық-жарнамалы

  5. Орналасу, тамақтану




  1. Туристерді орналастырудың негізгі функциясы

  1. уақытша қоныспен қамтамасыз ету, тамақтандыру, көңіл көтеру

  2. қосымша және көмекші қызмет көрсету

  3. қабылдау және орналастыру

  4. қоғамдық тамақтандыру

  5. коммерциялық




  1. Туристің қызметтерді пайдалану құқығының негізгі құжаты:

  1. ваучер

  2. маршруттық кітапша

  3. туристік жолдама

  4. виза

  5. тур




  1. Туристік мекеме - бұл ...

  1. туристік қызмет көрсетуге лицензиясы бар кәсіпорын

  2. сауда құрылымы

  3. мемлекеттік құрылым

  4. қоғамдық ұйым

  5. жекеменшік




  1. "Турагент" сөзінің мағынасы:

  1. туроператорлардан турларды сатумен айналысатын заңды және жеке тұлға

  2. туристік қызметтерді анықтайтын фирма

  3. мемлекеттік мекеме

  4. туристік кадрларды оқытатын мекеме

  5. турларды дайындаумен айналысатын фирма




  1. «Туроператор» сөзіне анықтама беріңіз:

  1. өз турларын құру, жылжыту және іске асырумен айналысатын фирма

  2. турларды жарнамалаумен айналысатын фирма

  3. көлік саяхаттарымен айналысатын туристік құрылым

  4. турларды сатумен айналысатын фирма

  5. туристерді тамақтандырумен айналысатын фирма




  1. Қойылған мақсаттарына жетуде орындаушыларды ынталандыру бұл -...

  1. мотивация

  2. басқару

  3. бақылау

  4. ұйымдастыру

  5. жоспарлау




  1. Туристке арналған ақпараттық қағазға кірмейтін мәліметтер:

  1. валюта курсы жайында

  2. тур программасы туралы

  3. тамақтану шарттары туралы

  4. тасымалдау шарттары туралы

  5. турдың ұзақтығы туралы




  1. «Турист жадынамасына» кірмейтін мәліметтер:

  1. тур бағдарламасы туралы

  2. кедендік шарттар туралы

  3. жеке бас қауіпсіздігі туралы

  4. валюта курсы жайлы

  5. табиғи ескерткіштер туралы




  1. Тур бағдарламасы бұл - ...

  1. Белгілі бір реттілікпен, уақытпен, орын және шарттары бойынша туристерге көрсетілетін қызметтер тізімі

  2. Туристерді күндер және сағат бойынша қарсы алудың бағдарламасы

  3. Тур құжаттары

  4. Іс-шараларды ұйымдастыру жоспарының жобасы

  5. Туристік пакет




  1. Туристің міндеттері....

  1. уақытша келген елдің заңдарын ұстану, қоршаған ортаны және табиғи ескерткіштерді қорғау

  2. ел аумағында еркін жүріп-тұру

  3. жедел медициналық жәрдем алу

  4. отельдерге орналасу

  5. тегін тамақтану




  1. Туристің құқықтары – бұл ...

  1. еркін қозғалу, туристік ресурстарға еркін қолжеткізу, мемлекет туралы сенімді ақпарат алу, байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізу

  2. тарихи және мәдени ескерткіштерге бару

  3. тегін жол жүру

  4. саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  5. тегін тамақтану




  1. Туристік өнімнің негізгі құрылымы

  1. Көлік, тамақтандыру және орналастыру

  2. Қонақүй

  3. Мейрамхана

  4. Жарнама

  5. Туристік фирма




  1. Туристік бизнеске әсер етуші сыртқы факторлар

              1. табиғи-географиялық, мәдени-тарихи

              2. көлік

              3. жарнама

              4. орналастыру және тамақтандыру

              5. кадрлармен қамтамасыз ету




  1. Туристік бизнеске әсер етуші ішкі факторлар –

  1. аймақтық инфрақұрылым, экономика, экология, мемлекет құқығы

  2. экономикалық факторлар

  3. демографиялық факторлар

  4. экологиялық факторлар

  5. құқықтық фактор




  1. Туристік бизнестегі жарнама – бұл...

  1. тұтынушыларға турларды ұсыну, турлар жайлы ақпарат

  2. қоғамға әсер ету

  3. ақпарат беру

  4. турларды сату

  5. хабарландырулар тарату




  1. Қатаң, алдын-ала жоспарланған қызметтер жинақталған тур:

  1. пэкидж тур

  2. шоппинг-тур

  3. креатив-тур

  4. сервис-тур

  5. тур по выбору




  1. Туристік мекеменің құзыретіне кірмейді...

  1. туристік қызметті лицензиялау

  2. турпакетті қалыптастыру

  3. Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы бағдарламасын жүзеге асыру

  4. Туристерге жолдмалар сату

  5. Жарнамалық қызмет




  1. Танымдық, діни, спорттық, іскерлік және т.б. – бұл...

  1. Турлар түрлері

  2. Турдың атауы

  3. Саяхат туралы ақпарат

  4. Қызмет көрсету бағдарламасы

  5. Таңдау бойынша тур




  1. Турдың заңды құжатына жатпайды...

  1. Турист жадынамасы

  2. Туристік қызмет жеткізушілермен келісім-шарттар

  3. Лицензиялар

  4. Жолдамалар

  5. Клиенттермен жасалған келісім-шаттар




  1. Жарнамаларға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Шынайылығы, сенімділігі және дәлдігі

  2. Қажеттілігі

  3. Қызықтырушылығы

  4. Сатылым

  5. Таралымы




  1. Шетелдегі сапарда паспортыңызды жоғалтқан жағдайда сізге жеке басын куәландыратын құжат алу үшін бару қажет мекеме...

  1. шетелдегі өз еліңіздің консулдық мекемесіне

  2. ҚР ІІМ (МВД)

  3. ҚР ШІМ (МИД)

  4. Қонақүй әкімшілігіне

  5. Сіз барған жердегі полиция бөліміне




  1. Тур атауы төмендегіні көрсетуі керек:

1)Маршрут мазмұнын

2)Саяхат туралы ақпаратты

3)Маршруттағы қызмет құрамын

4)Туристердің контингентін

5)Жергілікті жерлер атауын


  1. Транзиттік туризм бұл - . . .

1)Негізгі мемлекетке бару үшін, қысқа мерзімді аялдамалармен үшінші мемлекет арқылы саяхаттау

2)Демалу, емделу мақсатындағы саяхат

3)Таңдалған спорт түрімен айналысу мақсатындағы саяхат

4)Экзотикалық көлік құралдарын қолдану арқылы саяхат

5)Индивидуалдардың саяхаты (адамдардың жеке саяхаты)


  1. Тур құрылымы – бұл . . .

1)Трансфер, орналастыру, тамақтандыру және көңіл көтеру

2)Келу және кету

3)Маршрут, баға, трасфер

4)Маршрут, қызмет пакеті

5)баға, тпансфер, кездесу


  1. Турды әзірлеу кезінде қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар төмендегідей болып келеді:

1)Міндетті

2)Ұсынылатын

3)Арнайы

4)Қосымша

5)Кездейсоқ


  1. Қонақ үйлердегі алдын-ала тапсырысты жүзеге асыратын ол -

1) Брондау қызметі

2) Кассир

3) Әкімгер

4) Директор

5) Экскурсия жүргізушісі


  1. ”Туризм индустриясы” ұғымының негізгі белгісін атаңыз:

1) Кешенді туристік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мекемелер жиынтығы

2) Туристік базалар, курорттар, демалыс үйлер жиынтығы

3) Туристерге арналған тауарларды өндіруді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығы

4) Туристерге тұрмыстық қызмет ұсынатын кәсіпорын жиынтығы

5) Туристерге ойын-сауық ұсынатын кәсіпорындар жиынтығы


  1. Туроператор және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға ...

1) Міндетті

2) Міндетті, егер турист баратын елдің заңнамасы оны талап етсе

3) Сақтандырады,егер қаражат мүмкіндігі болса

4) Қалауымен

5) Міндетті емес


  1. Туристік офисті рәсімдеуге қойылатын талаптар көрсетілетін құжат:

1) «Туристік-экскурсиалық қызмет көрсету» (Жалы қызметтер) МЕМСТ

2) Туристік кәсіпорынды лицензиялау ережелері

3) «Қазақстан Республикасында туристтік қызмет туралы» заңы

4) Туристік кәсіпорындарды сертификаттау

5) ҚР «Сақтандыру туралы» заңы


  1. Турфирмаға жұмысқа қабылдау кезінде келесі менеджерге артықшылық беріледі:

1) Бірнеше тілде еркін сөйлей алатын

2) Каллиграфиялық жазу иесі

3) Тек мемлекеттік тілде сөйлей алатын

4) Дене бітімі сымбатты

5) Экстравагантты киім киетін




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет