Тәуелсіз Қазақстанның жаңа буын оқулықтарының негізін қалаушылар



бет2/3
Дата28.09.2023
өлшемі412,25 Kb.
#182845
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
№3
556178.pptx
Аймақ Жанғалиев

Дүние жүзінде мәдени түрде қолдан өсірілетін алма іріктемелерінің бастапқы мәдени отаны Қазақстан деген пікірді осы өңірлерге ғылыми экспедициялар ұйымдастырған көрнекті селекционер ғалым Н.И. Вавилов та ұсынған болатын. Оның ұсынған пікірінің дұрыстығын қазақстандық ғалым А.Жанғалиев ғылыми тұрғыда дәлелдеп, дүние жүзі ғалымдарының көзін жеткізді. Ол көптеген шетелдің көрнекті ғалымдарымен бірге Іле және Жетісу Алатауларына бірнеше рет арнайы халықаралық ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) ғалымы Баррей Джунипер 2500 мәдени алма іріктемелерінің ДНК құрылымын салыстыра зерттеп, олардың бәрінің де арғы тегі сиверс алмасы екендігіне көзін жеткізді. Сондықтан да, еліміздегі селекциялық тұрғыдан дүниежүзілік маңызы зор сиверс алмасы өскен алқаптарды қорғау мақсаттарында елімізде арнайы Іле Алатауы (1996) және Жетісу Алатауы мемлекеттік (2010) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды.
Қосжарнақтылар класы күрделі гүлділер тұқымдасына жататын дүние жүзінде жусанның 500-ден аса түрі кездеседі, оның 81 түрі еліміздің далалы, шөлейтті және шөлді өңірлерінде өседі. Қазақстанда өсетін жусанның 17 түрі сирек кездеседі және олардың кей түрлері тек біздің еліміздің аумағында өсетін эндемик түрлерге жатады. Елімізде өсетін дермене, ермен (ащы жусан), тықыр жусан т. б. жусан түрлері туралы ғылыми жаңалықтардың әлемдік деңгейдегі маңызы зор екендігінде айрықша атап өтуге болады. Мысалы, дермене жусанынан алынатын «Сантонин» дәрісі дүние жүзінде біздің елімізде (Шымкент) ғана өндіріледі. Бұл дәрі ішекте тіршілік ететін паразитті жұмыр құрттарға қарсы қолданылады. Ал, соңғы жылдары Орталық Қазақстан өңірлерінде өсетін тықыр жусаннан қазақстандық көрнекті ғалым Серғазы Әдекенов басшылығымен «Арглабин» препараты бүкіл әлемнің назарына ілігіп, еліміздің абыройын асқақтатып тұрғаны біз үшін аса зор мақтаныш деп айтуға болады. Бұл препарат қазіргі кезде дүние жүзінде кеңінен таралған қатерлі ісік ауруын емдеу мақсатында қолданылады.
Сондай-ақ, жабайы жылқы жануарын алғаш рет қолға үйреткен (бұдан 5500-6000 жыл бұрын) біздің арғы ата-бабаларымыз екендігін де соңғы кезде дүние жүзі ғалымдарының мойындауы да әлемдік деңгейдегі ерекше ғылыми жаңалықтың бірі екендігін атап айтуға болады.
Мектептерге арналған биология оқулықтарымен оқу-әдістемелік кешендердің тағы бір бағыты бойынша балама оқулықтардың болуы дұрыс деп есептейміз. Өйткені әрбір балама оқулықтардың өзіне тән ерекшеліктері болатыны белгілі. Ондай балама оқулықтарды ұстаздар қауымы бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ішінен мұғалімнің таңдап алуына мүмкіндік туады.
Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендердегі бағыттың бірі – әрбір тақырыптың танымдық және тәрбиелік мәселелерінің өзара байланыстылығы жан-жақты ескерілуі қажет.
Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінде мынадай негізгі қағидалар қамтылуы қажет:
Біріншіден – тәуелсіздік алған әрбір мемлекеттің мектептерге арналған оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері міндетті түрде мемлекеттік тілде жазылып, олар басқа тілдерге (орыс, ұйғыр, өзбек) аударылуы қажет.
Екіншіден – мектептерге арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендеріндегі әрбір тақырыпта берілетін соңғы әлемдік ғылыми жаңалықтар әрі нақты әрі жүйелі эволюциялық тұрғыда берілуі қажет.
Үшіншіден – биология пәндерінде берілетін ұғымдар мен тұжырымдар салыстырмалы дамытушылық сипатта болып, бірте-бірте күрделене түсу мәселелері де ескерілуі қажет.
Төртіншіден – жаңа буын биология оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріндегі тақырыптарда пәнішілік және пәнаралық (география, химия, физика, әдебиет, тарих және т. б.) байланыстарды жүзеге асыратын мәліметтер қамтылуы қажет.
Бесіншіден – мектептерге арналған жаңа буын биология оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріндегі тақырыптардың мазмұны қазіргі заман талабына сәйкес оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениеттілігін қалыптастыруға негізделуі қажет.
Қорыта айтқанда, жаңа буын биология оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері Отанымыздың болашақ азаматтарының жеке кемел тұлға болып қалыптасуына және олардың қоғам алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуіне зор әсер ететін деңгейде жазылуына ерекше көңіл бөлінуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет