«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» тарихи танымдық ойын Мақсаты : Білімділік



Дата23.03.2018
өлшемі99,21 Kb.
#39441
«Тәуелсіз елдің ұрпақтары » тарихи танымдық ойын

Мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой – өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру,оқушылардың арасынан озық ойлы дарабоз топты анықтау, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.

Дамытушылық : Оқушылардың дүниетанымын,тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Түрі : Танымдық ойын
Жүргізуші : Құрметті сайысқа қатысушылар, ұстаздар мен көрермендер! Президент күніне орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Сайыс басталмай тұрып, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – деп бүгінгі бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық \ ортаға сайыскерлер шығады\



Жүргізуші : «Нұрлы жол» мен «Мәңгілік елді». 



Сайысқа кіріспес бұрын әділқазылар алқасын сайлап аламыз.

Оқу ісінің меңгерушісі : Нығызбаева Ж.Ж.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сергазина Қ.Б.

Кітапханашы : Сыздыкова Ғ.Қ.
І кезең. Топпен таныстыру .

«Нұрлы жол» тобы: 
«Нұрлы жол» атыменен топ жарып, 
Барша жұртқа нұрлы сәлем береміз. 
Сайыстардан жоғары баллды мол алып
Алғырлықпен қарсыласты жеңеміз!
Біздің ұран: Нақты жауап, саналы шешім таба біл! 

«Мәңгілік ел» тобы: 

Ұран етіп тапқырлық пен білімді

Сұрақтардан сүрінбей біз өтеміз


«Мәңгілік ел» жастарымыз бүгінгі
Бұл сайыста тек жеңіске жетеміз!

Біздің ұран: Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске. 

ІІ кезең . Тікелей сұрақ
Ойыншылар берілген сұрақтарға жауап беру керек? Дұрыс жауап 1 ұпай.

« Мәңгілік ел» тобына

1.    Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді)


2.    Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)
3.    Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
5.    Қазақстанның алғашқы Астанасы? (Орынбор қаласы)

7.    «Ата заң» қашан қабылданды ( 1995 жыл 30 тамыз )


8.    16  желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
9  Әнұранның сөзін жазған кімдер? Н. Назарбаев. Ж. Нәжмедиев

10.«Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»:



( М. Дулатұлы)

11.Кіші жүзді Ресей құрамына қосу туралы грамотаға орыстың қай патшасы қол қойды? (Анна Иоановна)

12. Қазақстан Республикасы халқының саны шамамен: ( 17 млн)

13. 1916 ұлт – азаттық көтерілістің басталу себебі . ( Патша жарлығы)

14. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң (Жеті Жарғы)

15. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы: (өзбек-қазақтар)

16. Қай жылы Қ.Рысқұлбековке – «Халық қаһарманы» атағы

берілді. (1996 жылғы 9 желтоқсан )


«Нұрлы жол» тобына

1.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі? (конституция)

2.Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

3.Әр бір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамға өмірдегі ең

қымбат нәрсе не? (Бостандық)

4.ҚР кім басқарады? (Президент)

5.17 желтоқсан қандай күн ? ( Жаңару күні)

6.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

7.   Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
8.Астана қаласының символы (Бәйтерек)

9. 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға



( ұлттық теңге айналымға енгізілді)

10.Елбасымыздың мамандығы (Инжинер- металлург)

11. «Батыр » деген кім ?

( адам жеке ерлігімен ерекше көзге түскенер жүрек, қаһарман )

12. Геральдика нелерді зеттейді? ( елтаңбаларды)

13. Ең бірінші қолданылған металл ( мыс)

14.«Тарих» сөзін алғаш қолданған кімдер ( арабтар)

15. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы. (М.Х. Дулати )

16. Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш қай жылы салынды?(2006 ж)


ІІІ кезең. «Тіл шебері». (5-10 ұпай аралығында)
1)Туған жердей жер болмас...

(Туған елдей ел болмас). Ел-страна-country


2)Тіл тас жарады,

(Тас жармаса, бас жарады). Тас-камень-stone
3)Ел елдің бәрі – жақсы,

(Өз елің бәрінен – жақсы). Жақсы-хороший-good


4) Жері байдың –

(Елі бай) бай-богатый-rich


5) Ұстамен жақын болсаң, іс-дело-work

Ісің бітер.
6) Жеті рет пішіп,

Бір рет кес бір-один-one
7) Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы ұстаз-учитель-teacher
8) Өнер алды - қызыл тіл қызыл-красный-red
9) Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің. су-вода-water


10) Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар. сөз-слова-word



ІҮ кезең . Алфавит бойынша сұрақтар


А

Ә

Б

Г

Ғ

Д

Е

Ж

К

Қ

М

Н

О

П

Р

С

Т

ф

Х

Ц

Ч

Ш

Ы

Э

Л


А- адам қаңқасын зерттейтін ғылым ( антропология)

Ә – Атақты ғалым ойшыл ( Әл - Фараби )

Б- Әлкей Марғұлан зерттеген ескерткіш ( Беғазы – Дәндібай)

Г – Маймыл тектес ең алғашқы жабайы адам ( Гоминид)

Ғ- Б.з.б. 56 жылы екіге бөленген мемлекет . ( Ғұн мемлекеті)

Д- Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ ( Диаспора)

Е- Ең үлкен материк

Ж- «Алтын киімді» адамның бас киімінің биіктігі ( жетпіс сатиметр )

К – Парсы патшасы ( Кир )

Қ- Әлемде алғашқы карталар жасалған ел ( Қытай )

М- Көне замандардан бері аса құнды жазба құжаттар ,қолжазбалар жинақталатын. ( Мұрағат)

Н- Жаңа тас ғасыры ( Неолит)



Л - ХІ ғасырдың соңында керейіттер мен наймандар құрамына кірген империя (Ляо империясы)

О- Атаулар тарихын зерттейтін ғылым ( Ономастика)

П- Жазу құралы ретінде мал терісінен жасалған құралды пайдаланған.

( Пергамент)

Р- Түріктер б.з – дың 5 -9 ғасырларында пайдаланған жазу. ( Руна жазуы )

С- Томиристің баласы ( Спаргапис)

Т– Сақ патшайымы ( Томирис)

Ф- «Еуропалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде – бір халық жоқ. Тек оларға жетіспейтіні – ішкі ынтымақ пен тәртіп »



( Фукидид )

Х- Ислам дінінің жыл санау үлгісі ( Хижра )

Ц- Тарихи оқиғалар ұлы тұлғалардың өмір сүрген кезінен бастап есептелінетін жыл санау жүйесі ( Циклдік есеп)

Ч- Қатты тастан жасалған кескіш құрал ( Чоппер)

Ш- Ғұндардың билеушісі ( Шаньюй)

Ы – Неолиттің жаңалығы ( Ыдыс жасау)

Э- Белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт ( Этнос)


Ү кезең «Сөз құрастыру»



«Қазақстан» сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөз жазу.

(Әр сөз 10 ұпай)


Қаз, қазақ, тас, ана, наз, қас, қат, қан, ақ, сақ, саз, тақ, қант, ант.

ҮІ кезең .Мемлекеттік рәміздер.
Дұрыс жауап 10 ұпай.
1.    Тыныштық пен байлықтың белгісі. (күн)
2.    Айбындылық, еркіндік, дархандық, қырандылықтың белгісі. (қыран, бүркіт)
3.    Мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. (Қанатты пырақ)
4.    Әлемнің біртұтас, мемлекет бастауы – отбасы ошағының белгісі. (Шаңырақ)
5.    Қазақ халқының ұлттық мәдиниетінің белгісі. (Ою – өрнек)

     Ендігі сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз. Олар ұпай сандарын санағанша қыздар тобы «би» (қазақша)


Сонымен біздің «Тәуелсіз елдің ұрпақтары » атты тарихи танымдық ойынымыз аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге көп – көп рахмет.






тарихи танымдық ойын

Дайындаған : Жусупова М.А.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет