Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет9/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
1. Романдағы проблеманың деңгейі қандай деп ойлайсыз?

А) жеке проблема,

Ә) аймақтық проблема,


13

Б)ұлттық проблема,

В) жалпыадамзаттық проблема.

2. Биосфера проблемасын туғызатындар:

А) табиғат,

Ә) ауа райы,

Б) адам,

В) жел.

3. «Жәдігер» сөзінің мағынасын сөздіктерден анықтап келіңіздер.

Осындай және оған қоса жүргізілетін даярлықтардан соң, эвристикалық әдіс

арқылы  мұғалім  оқушылармен  роман-дилогияның

түпкі  проблемасын

талқылау-талдау  жүргізе  алады.  Мұндай әдістің тиімділігі  туралы, әрине,  көп

айтуға болады.

Эвристикалық  әдісті қолданған  мұғалім  алдына қойылған  бірнеше  міндет

тұтастырылып  бір  мақсаттың көп қыры  ретінде  шешіліп  жатады.  Бұл әдіс

жекелеген  проблемалардың бір  арнаға  тоғыстырылып, үлкен  мәселе  ретінде

қарастырылып,  оқушылардың түрлі  сұрақтардың шешімін  тауып,  оларды

тұтастырып, жинақтап отыратын қабілетін қалыптастырады.

Ізденіс әдісі – білім  беру үдерісінде  ерекше  мақсатты  көздейтін әдіс  түрі.

Ізденіс әдісін қолданушы мұғалім тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің

болмысындағы өзіндік  белгілер  мен  жаңа қырларын  ашатын  және  осы  кезеңге

дейінгі қазақ  әдебиетінде  болмаған  жаңаша құбылыстар  мен өзгешеліктерді

танытатын амал-тәсілдерді қолдану екендігін жақсы түсінуі керек.

Қазақ әдебиеті  тарихының осы  кезеңге  дейінгі  даму  барысындағы  көркем

туындылардағы  еркіндік  пен  тәуелсіздік  деген  идеяның  қолға  бақыт құсындай

қонғандығы оқушыларға ашық та еркін әңгіме барысында түсіндіріледі.

Ендігі  кезекте  осы  тәу  етіп  отырған  Тәуелсіздігіміздің болашағы  мәңгі

болуы үшін  осы  «Тәуелсіздіктің» ішкі-сыртқы  болмысын  танып-білу, қазақты,

елді  дамытатын,  алға  жетелейтін  күш-қуатын анықтау – көркем әдебиеттің

«өмірлік  сабақ» беру  мүмкіндігі қолынан әбден  келетін  зор құрал  екендігі

тұрғысынан меңгертіледі.

Оқушының көркем  туындыны  жаңаша  тұрғыдан  терең талдауы  арқылы

«тәуелсіздік» идеясының көркем шығарма бойында тұнып тұрған қуатын «көре

білуі» – ізденіс әдісі арқылы ғана мүмкін болады.

Өзінің ізденіс  жолы  арқылы  тауып  алған қазынасы  оқушыға  санасының

әрбір қалтарысы мен  ойының  әрбір  иіріміне  орнығып қалады.  Сондықтан

ізденіс әдісі – мектеп  оқушысының жас  болса  да ғылыми  талдаулар  жасауға

ұмтылысын және  оның жемісін  татуға қолын  жеткізуі  арқылы  оның білімге

деген құлшынысын ғана  емес,  шабытын  да  оятатын  ерекше  күші  бар әдіс  деп

бағаланады.

Ізденіс әдісін  мұғалім  оқушылардың көркем  шығарманы өз  бетімен

талдауға үйрету  мақсатында қолданып,  эвристикалық  әдісті қолданғанда

оқушыны өзімен  бірге  жетелеп  алып  жүретін  болса,  бұл әдісті қолдануда

оқушының  өзінің ізденіс  жасауына  жол  береді. Әрине,  мұғалім  кеңес  беру,

бағытын айқындау, түзетіп отыру арқылы жетекшілік ролін еш кемітпейді.



14

Ізденіс әдісін  бірқалыпты қолдана  отырып,  мұғалім  оқушылардың  өзара

пікірталас, семинарлар өткізуге, конференцияларда ғылыми баяндамалар оқып,

ғылыми бәйгелерге қатысуға даярлай бастайды.

Ізденіс

әдісін


қолданар 

алдында 


мұғалім 

оқушылардың 

әдебиет

теориясынан жеткілікті дәрежедегі білімі болуын, терминологиялық аппаратты

керекті деңгейде меңгеруін байыппен назарда ұстағаны жөн.

Сөз жоқ, эвристикалық әдіс пен ізденіс әдісі – оқушының интеллектуалдық

дамуын,  ойлау  және  сөйлеу,  жазу  шеберлігін қалыптастыруда үлкен  орын

алатын әдістер.

Бірақ  әдебиетті  оқыту әдістемесінде  бұл  екі әдісті  көп қолдану –

оқушылардың оқырмандық, мұғалімнің  әңгімелеу,  баяндау әдістерін  шетке

шығарып тастауы мүмкін екенін де естен шығармау дұрыс болады. Осымен де

байланысты ол әдістердің де тиімді тұстарына тоқталып өту керек.

Ізденіс әдісін қолданудың бір үлгісі  ретінде Қабдеш  Жұмаділовтың

«Дарабоз» роман-дилогиясын таныту үдерісін алуға болады.

Қабдеш

Жұмаділовтың  «Дарабоз»  роман-дилогиясында  Абылай  хан



«Дарабоз»  деп  атаған Қаракерей Қабанбайбейнесі  суреттеледі.  Осы  ретте

мұғалім  сабақты  ізденіс үдерісі  сипатында ұйымдастыру үшін,  оқушыларға

романның басты  кейіпкерлері  Абылай  хан  мен Қаракерей Қабанбай  туралы

нақты тарихи деректерді іздестіру туралы тапсырма бергені дұрыс.

Романда  бас  кейіпкер – Қаракерей Қабанбайдың елі үшін  атқарған  ерлік

істері  көркем  суреттеліп  көз  алдыңнан өтеді.  Мұғалім  ізденіс әдісін қолдана

отырып, оқушыларға Қаракерей Қабанбай туралы тарихи деректер мен жазушы

шығармасындағы  көркем  кейіпкердің іс-әрекетін,  сөзін  салыстырады,  сол

арқылы  оқушылардың санасында  Абылай  хан  мен Қаракерей Қабанбай

батырдың ерен ерліктері жайында өшпес із қалдырады.

Қазақ жерін  басып  алған  жоңғар  жауды  ел  территориясынан қайтып

келместей  етіп  біржолата  аластау  және  түбіне  жетіп,  көзін  жою  деген  асқақ

идея романның өзегіне айналған.

«Тәуелсіздік, 

еркіндік, 

бостандық,

патриоттық»

деген 


сезімдердің

оқушылар үшін  бүгінгі  күні  мұғалімдерден ғана  естіп,  тек қазір ғана  керек

болып  тұрғандай әсерін  болдырмау үшін,  романдағы әрбір  сюжеттегі,

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен  сөздерін  талдауға  түсіріп  отыру – оқушының

«тәуелсіздік үшін  күресу»  деген  киелі ұғымды  саналы ұғынуына үлкен  тірек

болады.  Романда  талай қанды  шайқастарда үздік қолбасы  болған қазақтың

шынайы дарабозы – Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі тамаша суреттелген.

Қабанбай – роман-дилогияның бас  кейіпкері,  жоңғарға қарсы  соғыстарда

қырық жыл  аттан  түспеген  атақты  батыр.  Сонымен  бірге  жазушы  Дарабоздың

бойына қосымша  бір  елеулі қасиеттер қосады.  Оның ішінде  ерекшесі –

Дарабоздың  қазақтардың

бірігуіне

үлес

қосқандығы  мен



ұлттық

идея


ұйтқысына айналғандығы.  Осы  ерекше  болмыстың  қасиетті  оты Қаракерей

Қабанбайдың тар  рулық ауқымға қамалып қалмай, өзін  «Алаш ұлымын»,

«Қазақ перзентімін» деп сезінетіндігімен сүйсіндіре түседі.



15

Батырдың тар рулық ауқымда қалып қоймай, елім деп еңірей алатын ұлттық

рухтан  туындайтын қасиеті  оны әйгілі  «Қаракерей Қабанбайға»,  «Дарабозға»,

ірі қолбасы, батыр, үлкен саясаткерге айналдыра алды.

Осының барлығы  оқушыларға  ізденіс әдісі  арқылы  меңгертілген  кезде

көркем  роман  мазмұнының нақты  тарихпен  байланысы  нығайып,  оқушының

ішкі құндылықтар  жүйесі өзіндік  ізденіс  арқылы  «қалыптастырылуына»  жол

ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет