Тәуелсіздік тартуы ол тәңірдің, Тәуелсіздік маңдайдағы бағым бұл



Дата24.12.2023
өлшемі16,3 Kb.
#198882
Байланысты:
Тәуелсіздік
Кудайлар, әдебиеттану салалары

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.


Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!


Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Көк аспанда тулардың


Желбіреген күні-бұл.
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні-бұл.

Отан туған үйіміз,,


Отан туған жеріміз,
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

Отанды әркім анасындай -


Қастерлейді бағалап.
Өйткені отан баласындай -
Бізді өсірер аялап.

Шұғылалы таңымыз,


Қазақ жері бағымыз.
Қайнарынан мөп мөлдір,
Сусындайды жанымыз.

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,


Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,


Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет