Тфп-422К Әлтай Айдана Срсп



Дата26.04.2022
өлшемі20,4 Kb.
#140881
Байланысты:
1664334628Altai Aidana Tfp-422 K (1)
ЕНДІБАЙ М.П - 990102400461 (3), Тест по Физике без ответа1, педагогика, педагогика, зерттеушілер, Рекреация. Дәріс 7. Бекбергенова Ақерке ЛР-20-02К

ТФП-422К Әлтай Айдана Срсп
1) Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.
2) БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ КАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖІКТЕЛУІ
• БАРЛЫҚ ТІРІ АҒЗАЛАР СЕКІЛДІ МИКРООРГАНИЗМДЕР ДЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚАСИЕТТЕРГЕ
ИЕ,СОҒАН ОРАЙ БАКТЕРИЯЛАРДЫ
• ИДЕНТИФИЦИРЛЕЙДІ ( ТАНЫЙДЫ), НЕМЕСЕ
• ДИФФЕРЕНЦИЯЛАЙДЫ (АЖЫРАТАДЫ)
• БІР-БІРІНЕН АНЫҚ АЖЫРАТЫЛАТЫН ТОПТАРҒА ЖІКТЕЙДІ.
Тірі дүние жүйесінде бактериялар Жасушалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесіне жатады.
1991 жылы Серавинның жіктелу жұйесі бойынша молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екі дүние тармағын:
Архебактериялар
Эубактериялар
1992 жылғы Мамоновтың жіктеуі бойынша үш дүние тармағын:
Архебактериялар
Эубактериялар
Оксифотобактериялар қарастырады.
Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердің тобы ретінде және ескі оқулықтардағы бактерияны бір бактериялар дүние деңгейінде қарастыру, қазіргі кезде де ескірген. Л.Н. Серавиннің (1991) пікірінше, бактериялар — бұл ерекше клеткаға дейінгі (прокариотты) бактериоидты деңгейлі құрылысы бар организмдер, оның құрылысы:процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлінеді.
Бактериялар біздің планетаның қарапайым организмдері болып табылады, олар құрылысы және тіршілік ету процестері бойынша әртүрлі болып келеді.
3)
Саңырауқұлақтар - саңырауқұлақтар патшалығына жататын тірі организмдер. Олар жануарлардың жасушаларына өте ұқсас, бірақ әртүрлі сипаттамалары бар жасушалардан тұрады. Олар біржасушалы немесе көпжасушалы жасушалар болуы мүмкін. The саңырауқұлақ морфологиясы біз талдайтын түрлерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Бұл саңырауқұлақтар патшалығында хитин деп аталатын заттан тұратын жасуша қабырғасы бар барлық организмдер жіктеледі. Олардың негізінен сапрофитті өмір салты бар, яғни олар ыдырайтын органикалық заттармен қоректенеді.
Саңырауқұлақтар негізінен макромицеттер мен микромицеттерге жіктеледі. Бұл классификация таксономиялық болып табылады және әртүрлі сипаттамалары бар саңырауқұлақтарды бөлу үшін қолданылады. Әрқайсысының қандай сипаттамалары бар екенін көрейік:
Макромицеттер
Олар әдеттегі шляпалар формасына ие ең танымал классиктер. Мысалы, бұл топта біз саңырауқұлақтарды табамыз. Сондай-ақ, біз ормандардың әртүрлі топырақтарында байқайтын барлық саңырауқұлақтар бар. Бұларда морфология бар, олар жемісті денені өсімсіз дамытады. Жемісті дененің бұл құрылымы келесі бөліктермен сипатталады:
Pileus: ол шляпаға немесе жеміс беретін дененің жоғарғы бөлігіне айналады.
Сабақ: Бұл кәдімгі өсімдік сияқты сабақ емес. Сабақ тәжді қолдауға жауапты жеміс денесінің негізіне жатады.
Қайту: Бұл бүкіл жемісті денені жауып, пісіп жетілгенде жоғалып кететін мембрана түрі. Ол көбінесе жел мен жаңбыр сияқты қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғауға қызмет етеді. Кейде біз вольваны сабақтың түбінде қалдық түрінде табуға болатындығын көреміз, және егер олар ересек адам болғанда қабыршақ немесе мембраналық қалдық тәрізді болса.
Микромицеттер.
Олардың аты айтып тұрғандай, олар тек микроскоп арқылы көрінетін саңырауқұлақтар. Олар әдетте адамдарға көрінетін жемісті денелер түзбейді. Микромицет саңырауқұлақтарының морфологиясы күңгірт түсті және ұнтақты құрылымы бар дақтар немесе шоғырлар ретінде дәлелденуі мүмкін. Бұл сондай-ақ кейбір түсті шарлар немесе бетіндегі шырышты тамшылар болуы мүмкін.
Егер микромицеттерді микроскоппен талдайтын болсақ, олардың пішіні көгерген тәрізді. Морфологияның осы түріне байланысты оларды жіп тәрізді саңырауқұлақтар немесе ашытқылар деп те атайды. Олар белгілі бір түрге байланысты болғанымен, жыныстық диморфизммен ерекшеленеді. Кейбір микромицеттердің денесінде құрылымдар бар және олар басқа саңырауқұлақтарда кездесетіндерден ерекшеленеді. Негізінен бұл заттар мен құрылымдар ол дамитын субстратқа байланысты. Олар сондай-ақ даму алаңының қоршаған орта жағдайына байланысты әр түрлі құрылымдарды дамытуы керек.
4) Қарапайымдылардың жіктелуі және құрылымы
Қарапайымдылар – Animalia жануарлар әлемінде Protozoa патшалық тармағын (грек тілінен рrotoz-бірінші, zoon-жануар) құрайтын эукариотты бір жасушалы микроорганизмдер . «Eucarya» доменіне жататын эукариоттар болып табылады. Қарапайымдылардың жасушасы ядро қабықшасы мен ядрошықтан, эндоплазмалық ретикулумнан құралған цитоплазмадан, митохондрия, лизосома, көптеген рибосомалардан және т.б. компоненттерден тұрады.
Қарапайымдылардың өлшемі орташа 2 ден 100 мкм –ге дейін ауытқып отырады. Сыртынан жануарлардың жасушаларының цитоплазмалық мембранасының аналогы - мембранамен (пелликуламен ) қапталған.
Қарапайымдылардың қозғалу (талшықтар, кірпікшелер, псевдоподийлер), қоректену (қоректену вакуольдері) және бөліп шығару (жиырылғыш вакуольдері) мүшелері бар. Талшықтар блефаропласттан шығады. Олар 9 жұп перифериялық, 2 жұп орталық микротүтікшелер және қабықтан тұрады. Кейбір қарапайымдылардың тіректік фибриллалары бар. Қарапайымдылар фагоцитоз нәтижесінде немесе ерекше құрылымдар түзіп қоректенеді. Жыныссыз жолмен – екіге бөліну немесе көптеп бөліну (шизогония), кейбіреуі жынысты жолмен (спорогония) көбейеді. Қолайсыз жағдайда олардың көпшілігі температура, ылғалдылық өзгерістеріне төзімді – тыныштық сатысында цисталар түзеді. Романовский-Гимза әдісімен бояғанда, қарапайымдылардың ядросы - қызыл, цитоплазмасы-көк түске боялады.
Қарапайымдылар 7 типке бөлінеді, соның ішінде төртеуі (Sarcomastigophora, Apicomplexa, Ciliophora, Microspora) адамдарда ауру қоздырады. Олардың бір қатарының нақты таксономиялық жіктелуі жоқ. Мысалы, пневмоцисталар мен бластоцисталар саңырауқұлақтар мен қарапайымдылардың қасиеттеріне ие.
Sarcomastigophora типі Sarcodina және Мastigophora типшесінен тұрады. Sarcodina типшесіне (саркодалылар)- Entamoeba histolytica жерше амебасы - адам амебиазының қоздырғышы, еркін тіршілік ететін амебалар (неглерия, акантамеба және т.б. туыстастықтар) және патогенсіз амебалар (ішек амебасы т.б.) жатады. Бұл қарапайымдылар жалған аяқтар (псевдоподий) түзіп қозғалады, олардың көмегімен қоректік заттар ұсталып жасуша цитоплазмасына енеді. Амебалар жынысты жолмен көбеймейді. Қолайсыз жағдайда олар циста түзеді. Мastigophora типшесінің (талшық тасымалдаушы) патогенді өкілдері бар, мысалы: трипаносомалар-африкалық трипаносомоз (ұйқы ауруы) және Шагас ауруларының қоздырғыштары; лейшманиялар – тері және висцеральды лейшманиоз; қынаптық трихомонада-трихомоноз қоздырғышы; лямблия-лямблиоз қоздырғыштары. Бұл қарапайымдылар талшықтарының болуымен сипатталады, мысалы, лейшманияларда бір талшық, трихомонадаларда – 4 еркін талшық және қысқа мембранамен қосылған 1 талшығы бар.
Apicomplexa типі. Sporozoa (споровиктер) класының патогенді өкілдеріне безгек плазмодийлері, токсоплазмалар, саркоцисталар, изоспоралар, криптоспоралар, циклоспоралар, бабезийлер жатады. Паразиттердің апикальды кешені иесінің жасуша ішіне еніп әрі қарай жасушаішілік паразиттік тіршілік етуге мүмкіндік береді. Әрбір өкілдерінің күрделі құрылымды және өзіндік тіршілік ету ерекшеліктері бар. Мысалы, безгек қоздырғышының тіршілік циклы жыныстық көбею сатысы (Anopheles масасының ағзасында) мен жыныссыз (адамның эритроциттері мен тін жасушаларында көптеп бөліну жолымен) сатысының кезектесуімен сипатталады. Токсоплазмалар жарты ай пішінді болады. Адамға жануарлардан жұғады, қоздырғыш плацента арқылы беріліп, ОЖЖ (ЦНС) және ұрықтың көзін зақымдайды.
5) Вирус (лат. вīрұс - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады.
Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісі - шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ, 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.
У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.
Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды.
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.ДНҚ-ның ерекшелігі. Бір организмнің барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бірдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелді емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтік құрамы, құрылымы, тізбегіндегі нуклеотидтердің реттеліп орналасуы организмнің ерекше қасиетін анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тізбегіндегі нуклеотидтердің реті – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін генетикалық мәлімет.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.
6) Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе бірнеше талшықтары атқаруы мүмкін. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет