ТikTok желісі



Дата07.02.2022
өлшемі18,81 Kb.
#95219
Байланысты:
Блиц-сұхбат


ТikTok желісі
Әлем бойынша İnstagram және Facebook сынды әлеуметтік желілерді басып озғалы тұрған TİK-TOK-ты көбіне жасаөспірімдер жиі қолданады.
Осы тұрғыда елдің тик ток туралы ойын білу мақсатында блиц-сұхбат жүргізген болатынмын.Бәріне қойылған бір сұрақ «Сіздің тик ток желісіне деген көзқарасыныз қандай?».
Дина(екі баланың анасы) : Ток ток желісі өз басыма ұнамайды,себебі жастарды улап жатыр.Қадір қасиеттерінен айырылып жүргендер көп.Бөкселерін бұлаңдатып, ерлер қауымының көзін өзіне түсіргеніне мәз болып жүрген жастар саны күннен-күнге өсіп жатқанына қапа болам. Ер жігіттерімізде қыздардан қалыс қалмай,жарысып билеп жүр әйтеуір. Атың шықпаса жер өртенің кебінін киіп жүргендер қаншама.Біреуді қайталаймын деп,өз болмыстарынан айырылып қалмаса болды.Әсіресе осы Тик токта мені ұялытқаны, қайын атасы мен келінінің билеген видеосы.Олардан жастар не тәрбие алу керек түсінбедім, ұятай....
Ғазиза(студент): Менің ойым негізі 50 де 50. Тик Токты қанша ел ұнатпай жатса да, ол арқылы пайда тауып жатқандар бар.Достарымның айтуынша тик токта танымал болу оңай дейді.Бірақ маған орамал таққан қыздардың ерсі қылық жасап,хит болуға тырысатындары ұнамайды.Лайк жинаймын деп,күнәға батып жүргендерін біле ме екен өздері. Негізі бос уақытыңды өткізгенге қызық .Биге икемім келгенде,мен де түсірер едім (күліп қояды).
Алия (көп балалы ана) : Тик ток дегенді бірінші рет естіп тұрмын .Не ол? Мен ватсапты ғана қолданамын. Басқасына уақытым да жоқ. Үй ,жұмыс деп күндер өтуде.
Әдемі (студент) : Өте қатты ұнайды.Бос уақытымда түсіріп тұрамын.Тик токтағы адамдардың бәрі жаман деген ойға келіспеймін.Себебі 11жыл бойы мектеп үйрете алмаған дүниелерді,танымал тик токерлер 1 минутта түсіндіріп беретіндер бар. Көңіл-күйді көтеруге арналған жақсы сайт.
Назгул (студент) : Тик Ток қа деген көзқарасым орташа.Үйренерлік жағы да,жиренелік жағы да бар. Жиренерлік жағы ,кішкентай бүлдіршіндеріміздің шетелдік ашық-шашық киініп ,билейтін қыздардың биін қайталап билеуі.Шетел әндеріне де билей беруі,мағынасын,аудармасын білмей жатып.Қарап тұрсақ қазір көбіне жасөспірімдер қолданады. Сол себепті ата-аналар балаларына қырағы болып,тексеріп тұрса екен деймін.
Нұрила (програмист): Маған мүлдем ұнамайды.Әсіресе Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов сияқты ақын-жазушыларымызды мазаққа айналдырған видеоны көргеннен кейін.Тәлім-тәрбие берерлік бір жақсы жері жоқ. АҚШ та тыйым салғандай, Қазақстан да тыйым салып тастаса дұрыс болар еді.
Қорыта айтқанда ,2016-жылы пайда болған бұл TikTok-ты желі қолданушылары қызықты видеолар түсіру арқылы өздеріне оқырман жинайды. Біреулер үшін қызығушылық болса, біреулер осы желіні табыс көзіне айналдырып отыр. Қазіргі таңда ТІК-ТОК-тың күнделікті аудиториясы 800 миллионнан асады екен.Жалпы тренд деген не?Бұл бір бестеллер сынды. Бірақ өте жылдам өтіп кетеді. Айдың басында осындай видео түсіру тренд болса, соңында мүлдем басқа музыка мен би қимылдары басқа видео трендке айналып кетеді.Тренд үшін құрбан болғандар көп.Tik-TOK әлеуметтік желісіндегі трендті түсіремін деген әр жазылушы біраз тер төгетіні анық. Бірнеше ай бұрын белін қозғалтатын биді билеймін деп сүйегін шығарып алған қыздың видеосы да осы TİK-TOK-та тараған болатын. Күні кеше Тараз қаласының 15-17 жасжасөспірімдері ТІК-ТОК үшін төбелесіп, біреуі пышақпен жарақаттанған болатын. Бұдан бөлек, бірінші реттен видео шықпай қалған немесе музыкаға іс-қимыл сәйкес келмеген жағдайда жастардың ашуға булығатыны анық. Мұның өзі жасөспірімдер мен жастардың психологиясы мен жүйке жүйесіне едәуір зиянын алып келері анық.Неліктен жастар, бүлдіршіндер TİK-TOK-қа құмар?Карантин кезінде үйде жатып TİK-TOK-қа жазылып, видео түсіріп бастағандардың саны артпаса кемімегені анық. Одан бөлек өзге де қолданушылардың жариялаған видеожазбаларын көріп, шыға алмай уақытының бәрін сонда өткізетіндер көп. Сол үшін де жастар бос уақытының барлығын осы желіде өткізеді.Қазіргі трендтегі видеолар бүртүрлі.Бұл желіде билеп түсіретін видеолардан бөлек,басқа да жастардың санасын улайтын видеожазбалардың қарасы көбейіп келеді. Мысалы, менің жасым 18-де болғанда мені мына жігіт(күйеуінің суретін көрсетеді) ұрлап кетті. Кейін менің аяғым ауыр болды(Жүкті кезіндегі суретін қояды). Одан соң мені күйеуім тастап кетті деп, өзінің қазіргі суретін қояды. Осы сынды видеолар біреу ғана емес біршама. Сонда біздің елдің жастары осындай насихатқа құмар ма?Жалпы алғанда, уақытыңызды пайдасыз дүниеге құртқанша, 1 минут болсын кітап оқуға құртқаныңыз тиімдірек.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет