Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына



бет11/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.
2-ДӘРІС., ЖМП кері байланыс, даур тепло (копия), ТГО 143 на казахском 2020 года
сигнификативті мағына - абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болған субъект бейне. Сондықтан мұны қазақ тілінде пайымдық мағына деп атауға да болады.

Пайымдық (сигнификаттық) мағына денотаттық (заттық) мағынаға да, ұғымға да ұқсамайды. Денотаттық мағынада ой объективті қасиетке ие болса, пайымдық мағынада ой субъективті қасиетке ие болады. Басқаша айтқанда, денотаттық мағына сөзді ақиқат дүниемен, ақиқат дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланыстырса, пайымдық мағына оны ұғыммен, оймен байланыстырады. Алайда бұдан сөздердің заттық (денотаттық) мағынасы өз алдына, пайымдық (сигнификатгық) мағынасы өз алдына өмір сүреді деген пікір тумауға тиіс. Олар бірінен екіншісіне өтіп отыратын, төменгі басқышы жоғарғы басқышқа негіз болатын, соның құрамында өмір сүретін категориялар. Анығырақ айтқанда, сөз мағынасының қалыптасуында бірінші басқыш идеалды денотат (ұғымдық мағына) болса, екінші басқыш сигнификат (пайымдық мағына) болып табылады.

Пайымдық мағына мен ұғымның айырмашылығы мынада. Сезім мүшелері арқылы алынған хабарлар мидың қызметі негізінде қорытылып, ұғым пайда болады да, ол жеке адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, рухани қалпына, тағы басқа ерекшеліктеріне қарай мағыналық мән қосып күрделенеді. Сигнификатта (пайымдық мағынада) мұндай жеке адамға тән сипат болмайды. Пайымдық мағына - сөздің білдіретін тұрақты, меншікті мағынасы.

Сөздердің лексикалық мағынасы денотаттық және сигнификаттық мағыналардың бірігуі негізінде жасалады десек те, барлық сөздердің өн бойынан осы екі мағынаны тауып, ажырату мүмкін бола бермейді. Кей сөздердің семантикасынан денотаттық мағына айқын танылса, кей сөздерден сигнификаттық мағына айқын сезіледі. Мысалы, зат есімдерден денотаттық мағына, сын есім, сан есім, етістіктерден сигнификаттық (пайымдық) мағына анық та айқын байқалып тұрады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай кесте түзуге болады: зат <=> материалды денотат <=> ұғым<=>идеалды денотат <=> сигнификат <=> лексикалық мағына <=> сөз.9

1.1.2.3.3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет