Тіл мәдениеті мектеп қабырғасындағы оқушының көптеген ғылымдармен (философия, психология, лингвистиа, логика т б) тығыз байланыста бола отырып, оқушының сөз саптау шеберлігін дамытады



бет1/5
Дата29.09.2022
өлшемі40,27 Kb.
#151152
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тіл мәдениеті 9 орыс
Рухани жаңғыру, dene trbiesin okytudyn distemsi (1), 10 урок Салтыков-Щедрин Мужик везде есть, стоит только поискать его…», 10 урок Салтыков-Щедрин Мужик везде есть, стоит только поискать его…», sabaq-kz attachment 5-synyp-aza-tlnen-kntzbelk-zhospar-2017-2018-ou-zhyly, тапсырма 3.3 жауабы, kktwig-atmosferany-zgerui, kktwig-atmosferany-zgerui, БАЛАБАҚШАДА СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ, БАЛАБАҚШАДА СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ, Адал ұрпақ еріктілер клубының жасалған жұмыстарының фотосы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы адал ұрпақ стенді, 2015-2025 стратегисы бойынша, план вр 2018-19, Ажибаева Гульзат оқитын өлеңдері. Сырбай Мауленов

Түсінік хат

Тіл мәдениеті мектеп қабырғасындағы оқушының көптеген ғылымдармен (философия, психология, лингвистиа, логика т.б) тығыз байланыста бола отырып, оқушының сөз саптау шеберлігін дамытады. Әр түрлі сөз мәтіндерін құруды, логикалық қағидалар келтіретін грамматика ережелерді меңгертеді, әдебиет теориясына, халық ауыз әдебиетіне, тіл мәдениетіне, тіл, әдебиет пәніне қызығушылығын арттырады. Мысалы: мәтінді суреттеу, пайымдау, баяндау деп бөлу, индуктив және дедуктив пайымдау құру ерекшеліктері, дәлелдеу ережелері, оқушылардың дұрыс сөйлеуін дамытуда түрлі жанрларда жұмыс істеуге дағдыланады. Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті – оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.


Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы – тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойынша сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының,ана тілінің мұрагері болуға тиісті. Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін — өнердің өнері, «Өнер алды — қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.
Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Тіл мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние.
Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан «тіл мәдениеті» дегенді — «сөйлеу мәдениеті», «сөз мәдениеті» деп те айта береміз. Сөз — тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Тіл мәдениеті» — тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды.
Тіл мәдениеті — тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет