«Тіл тазалығы және ұлттық терминология» атты мақалаға талдау



Дата15.09.2017
өлшемі33.87 Kb.

«Тіл тазалығы және ұлттық терминология»

атты мақалаға талдау


(«Ана тілі» газеті, 16- ақпан, 2015)
«Терминдер қолданысы, оларды тіл жүйесінде тұрақтандыру және аударма мәселесі» тақырыбындағы семинар-тренингтің де негізгі мақсаты — термин жасау, қалыптастыру, жүйелеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі тіл мәселесіне үлкен көңіл бөліп келеді, жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да тіліміздің өркендеуіне қатысты тапсырмалар береді. «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз — оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту» деп баса айтқан болатын, — деді А.Арынғазиева. Шара барысында мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Шерубай Құрманбайұлы қазіргі терминжасам және термин қолданысының мәселелері төңірегінде баяндама оқыды. Оның айтуынша, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Төреқұлұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы бастаған Алаш зиялылары ұлттық терминологияны дамыту қағидаттарын бекітіп, терминжасам жүйесінде іргелі істер атқарған.

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ тілі қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылды. Қазақ тілінде көркем шығармалар жазылып, қазақ газеттері ашылды. Сол жылдары көптеген оқулықтар алғаш рет қазақ тілінде басылды. Мысалы,  Ахмет Байтұрсынов тіл біліміне қатысты терминдерді, Мағжан Жұмабаев — педагогика саласындағы, Халел Досмұхамедов — психология, Қаныш Сәтпаев — алгебра, Елдес Омаров физика мен геометрия саласындағы қазақ тіліндегі терминдерді қалыптастырды. Қазір олардың дені тілге сіңіп, тұрақты қолданысқа енді, — дей келе, ғалым қазіргі уақытта жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Шара барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Әбдірәсілов «Терминдерді қолдану тәжірибесі және оны үйлестіру жұмыстары» жөнінде сөз қозғады, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі А.Тайжанов «Қазақстан — 2050» стратегиясы және тілтаным мәселелеріне әлеуметтік талдау» жасады. Филология ғылымдарының кандидаты Б.Қапалбектің «Аудармаға және аудармашыға қойылатын талаптар» тақырыбындағы баяндамасында да маңызды дүниелер айтылды:  Әр халық әлемді өзінше танитындығын тіл ғылымында әлемнің тілдегі бейнесі (языковая картина мира) дейді. Мен бұл теорияны түсіндірейін деп  тұрғаным жоқ, айтайын дегенім, аудармашы мырзалардың осы нәрсеге назар аудармайтындығы.

Осыдан тілімізде, тілімізде емес аударма мәтіндерде әрі қарай объективтене алмайтын жасанды сөздер мен синтаксистік нормаларға сәйкес келмейтін құранды сөйлемдер қаптап кетті, — деді баяндамашы. Оның айтуынша, бүгінгі таңда аударма мәселесін, әсіресе, жергілікті атқарушы органдар мен ғылым саласында санамызда сіресіп қатып қалған орысша мәтіндерді қазақ тіліне тәржімалап қана жеткізу деген ұғым қалыптасқан. «Бірақ қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғамның, ғылымның қай саласында болсын өз деңгейінде қызмет етуі үшін аударма процесіне мұндай көзқарас таныту – тілдің қолданылуына кері әсер етіп, оның дамуын тежейтіні белгілі», — дейді Б.Қапалбек. Шара барысында сонымен қатар ресми әскери стильдегі мәтіндерді аудару ерекшеліктері, терминдерді бірізділендіру және термин қолданысындағы кемшіліктер, құжаттарда қолданылатын терминдердің өзекті мәселелері туралы да сөз болды.

Қорытынды: Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйете түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді.

Қазақ тілі және мәдениеті



кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова
Тақырып бойынша ұсынылады:
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы

2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздік.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет