Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы


Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерi



бет5/8
Дата23.10.2020
өлшемі129,5 Kb.
#70923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерi


   Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекiтiлген және "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңда көрiнiс тапқан, республикада лингвистикалық өрiстi қалыптастырудың функционалдық принциптерiне сәйкес сараланған айқындама негiзiнде тiл құрылысын үш бағытта: мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту; орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тiлдерiн дамыту бойынша жүзеге асыру орынды болмақ. Айқындаманың саралануы функционалдық-лингвистикалық топтардың әрқайсысының алдында тұрған мiндеттердiң айырмашылығын көрсетумен дұрыс болып табылады. Сонымен, қазақ тiлiн дамыту бағыты оның мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру қажеттiгiмен айқындалады; орыс тiлiнiң қолданылуын қамтамасыз ету қызметiнiң басты бағыты оның мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен қатар ресми қолданылу қызметiн сақтау болып табылады; этникалық топтардың лингвистикалық сұраныстарын қанағаттандыру, ана тiлiн әркiмнiң пайдалануға қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға конституциялық құқығын iске асыруға, Қазақстан халықтарының тiлдерiн оқып үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасауды талап етедi.

   Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту мақсатында қол жеткiзу өз кезегiнде мына мiндеттердi шешудi талап етедi:

   1) мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк басқару тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету:

   нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;

   мемлекеттiк қызметкерлердiң мемлекеттiк тiлдi қызметтiк міндеттерін орындауға қажеттi деңгейде меңгеру үшiн шаралар қолдану;

   мемлекеттiк органдар жүйесiнде мемлекеттiк тiлдiң іскерлiк қарым-қатынастың негiзгi тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету;

   мемлекеттiк органдарда актiлердi әзiрлеу мен қабылдауда негiзгi тiл ретiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;

   сот ісiн жүргiзудi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді заңнамаларға сәйкес қамтамасыз ету;

   Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құралымдардың барлық түрiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы үшiн шараларды қамтамасыз ету;

   іс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiрудiң кестесiн (нақты мерзiмдер мен iс-шараларды көрсете отырып) белгiлеу арқылы барлық мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында іс жүргiзудiң негізгі тiлi ретiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;

   халықаралық қызметте мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;

   2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеруi үшін жағдай жасау:

   Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын iске асыру мақсатында мемлекет көлемiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған басқа да көздерi есебiнен азаматтарға мемлекеттiк тiлдi тегін оқыту курстарының бiрыңғай жүйесiн жасау;

   ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiлдi тиiстi деңгейде меңгеруі үшін құқықтық, ұйымдық шараларын және материалдық-техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз ету;

   меншік нысанына қарамастан барлық үлгiдегi мектеп жасына дейінгі мекемелердiң, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының тәрбиеленушiлерi мен оқушыларының мемлекеттік тiлдi меңгеру саласындағы бiлiмi мен бiлiктерiнiң барынша жоғары деңгейге жетуiн қамтамасыз ету;

   3) ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен олардың нәтижелерiн нақты іске асыруды жеделдетудi жүзеге асыру жолымен қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң нормаларын бiрыңғайлауды қамтамасыз ету:

   қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң сөзжасам процестерiнiң, оның iшiнде терминжасам принциптерiн ғылыми негізде жүйеге келтiру, қазақ тілінің толыққанды терминологиялық жүйесiн енгiзу;

   қазiргi қазақ тiлiнiң тiлге ортақ әдеби нормаларын жүйеге келтiру;

   қазақ тiлiнiң фонологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану;

   ономастика мәселелерiн ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;

   4) мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету:

   кино- және бейнеөнiмдердi, оның iшiнде анимациялық фильмдердi (аударма жұмыстарын қоса алғанда) мемлекеттiк тiлде шығару мен тарату (телеарналардан көрсету) шараларының жүйесiн ұйымдастыру;

   мәдениет, ғылым, көркем әдебиет пен өнердiң әртүрлi саласында мемлекеттiк тiлде баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету;

   мәдени-көпшiлiк шараларды мемлекеттiк тiлде ұйымдастыру;

   мемлекеттiк тiлдi дамытуға бағытталған жұмысқа ақпараттық-насихаттық қолдау жасау;

   бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;

   мемлекеттiк тiлдi компьютерлендiру мәселелерiн шешу.

   Орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау мақсатына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешуге назар аудару қажет:

   мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ресми қолданылатын тiл ретiнде орыс тiлiнiң қызмет етуiн қамтамасыз ету; ғылым мен бiлiм беру салаларында орыс тiлiнiң қолданылуын қамтамасыз ету;

   мәдениет пен бәқаралық ақпарат құралдары салаларында орыс тiлiнiң қолданылуын қамтамасыз ету;

   орыс тiлiнiң қолданылуын ғылыми-лингвистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету.

   Этникалық топтардың тiлдерiн дамыту мақсатына қол жеткiзу мына мiндеттердi шешудi талап етедi:

   этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкiлдерiнiң ана тiлiн оқуына мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;

   этникалық қауымдастықтар тiлдерiнiң мәдениет саласында қолданылуына жағдай жасау;

   этникалық қауымдастықтар тiлдерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуына жәрдемдесу.

  


Каталог: kaz
kaz -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
kaz -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
kaz -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
kaz -> Қазақ лирикалық прозасының даму арналары С. Ш. Айтуғанова
kaz -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
kaz -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет