Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған


Тіршіліктану пәнінен «Кіріспе» тақырыбын оқытуға арналған әдістемелер мен тәсілдер



бет10/19
Дата12.09.2022
өлшемі495,18 Kb.
#149294
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
ӘЖМҰРАТОВА Ә
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
3 Тіршіліктану пәнінен «Кіріспе» тақырыбын оқытуға арналған әдістемелер мен тәсілдер


3.1 «Кіріспе» тақырыбындағы оқушыларға қалыптастыратын ұғымдар және тақырыпты оқыту әдістері мен тәсілдеріне жалпы сипаттама

Органикалық дүние - жердің биосферасын мекендейтін барлық тірі (микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар және адам) организмдер. Бұлардың әрқайсысы өз тіршілігінде бір-бірімен өзара және органикалық емес табиғатпен тығыз байланыста болады. Органикалық дүние миллиондаған жылдарға созылған эволюция процестері нәтижесінде қалыптасқан. Органикалық дүниенің даму тарихын материалистік тұрғыдан Ч. Дарвин түсіндірген.


Ғалымдар жердің жасы 4,5-7 млрд. жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертедегі түзілген жер қыртыстардан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтауға болады.
Архей заманы - жер қыртысын тарихындағы көне заман. Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың, бактериялардың және көк жасыл балдырлардың қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, аммиактың, судың мөлшері азайып, көміртегіоксиді мен оттегінің мөлшері арқан.
Протерозой заманы ең ұзаққа созылған, бұл заманда тау түзілу әрекеті жүре бастады. Тіршілік аса күшті қарқынмен дамыды, біржасушалардан көп жасушалар пайда болды. Протерезойдың соңына таман жануарлар типтерінің басым көпшілігінің өкілдері пайда болды.
Полеозой заманы - бұл ертедегі тіршілік заманы. Бұл заман 6 дәуірге бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь ( қосарбетті қара).
Мезозой заманы - органикалық тіршіліктің бұл орта ғасырында бұрынғысынша тау түзілу әрекеті көптеген аймақтарды қамти жүрді. Осыған байланысты климат әлдеқайда құрғақ болып, құрлықтың көлемі арта түсті.
Триас. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар заманы деп атайды. Қосмекенділердің көпшілігі құрғақ климатқа бейімделе алмай, өз орындарын жорғалаушыларға берді. Триаста өмір сүрген жорғалаушылардан бүгінгі күнге дейін жеткендері тасбақалар, крокодилдер.
Юра кезеңінде жылы теңіздердің көлемі артып онда бірқатар басаяқты былқылдақдененілер тіршілік етті. Жорғалаушылар біртіндеп ауа кеңістігін де игере бастады. Бор кезеңінде жалаңаштұқымды өсімдіктер көптеп жойылып жабық тұқымдылар кең өріс алып тарала бастады. Теңіз суы кейін шегініп, өсімдіктер құрап азая түсті. Сөйтіп мезозой заманының соңында ауаны, жер бетін, суды мекен еткен алып жорғалаушылар ортаның қолайсыздығынан жойылып, олардың орнына құрылым дәрежесі әлдеқайда жоғары омыртқалылар - құстар мен сүтқорректілер келіп шықты.
Қайнозой заманы. Бұл жаң тіршілік заманында осы қазіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрді. Кайнозой екі кезеңге - үштік және төрттік кезеңге бөлінеді.
Бүгінде биология ғылымының қамтымайтын саласы жоқ десе де болады. Ол тірі организмдердің құрылысы мен қызметін, дамуы мен өзара байланысып, шығу тегі мен таралуын, өлі табиғатпен ара қатынасын зерттейді. Органикалық дүниенің жануарлар мен өсімдіктердің, микроорганизмдердің вирустрдың қасиетін олардың пайда болуы мен даму заңдылықтардың қарастырады. Өмірді алға бастыратын жаңалық атаулы ғайыптан пайда болмайтыны, ескінің қойнауында туындамайтыны белгілі. Ендеше бәрі өзгеріп жатыр екен деп, өткеніміз бен соның жемісі бүгінімізді «сыпырып» тастасақ, болашағымызды белгілейтін сол жаңалықтан айырылым жол таппасымыз ақиқат. Қаншама уақыт қорланған қоқыстан суырылып «мен мұндалап» ол жаңалық өзі келіп қолыңа түспейтіні де шындық. Бұл тарихи тағлымымызды дұрыс болжауға көмектеседі. Сондықтан ең алдымен, биологиядан жалпы білім берудің бүгінгі қалыптасқан жайы, одан алған оқушы білімінің сапасы қандай деген мәселеге талдау жасап, анықтап отыру қажет.
Оқушыларға жоғары сатыдағы организмдердің (өсімдіктер, жануарлар, адам) морфологиясымен, және әредік сүтқоректілердің жүйеленуімен (жекелеген жануарлардың аттарына) байланысты материалдарды бірсыдыры түбегейлі оқытқан жөн. Ал, организмнің жеке мүшелері құрылысы мен қызметінің бірлігін тұтас организм мен оны айналадағы орта арасындағы өзара байланысты, тіршіліктің жалпы заңдылықтарын (бейімділік оның салыстырмалы сипаты, тұқым қуалау, оның заңдылықтары т.б.), тіршілік процесстерінің физикалық - химиялық негіздерін (зат, энергия алмасу, биосинтез т.б.) өз өлкесіндегі өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, тіршілігін жөнді жолға қойып, түсіндіру барысында барлық әдістерді қолданып, сабақты түрлендіріп түсіндірген жөн.
Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беріп, бүрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді.
Оқыту әдістері оқытуды мазмұнымен тығыз байланысты. Әдіс білім игеру барысындағы мұғалімнің жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық қабілетінің дамуына бағытталған іс-әрекеттерін де қамтитінін көрсетеді. Мұғалім тақырыпты ашу барысында картиналар мен диафильмдерді пайдаланады, мұғалім практикалық жұмыс барысында түсінік береді, нұсқау кеңес беретін оқулықтарды т.б. пайдаланады.
Биология сабағында әрбір әдістерді тақырыптық мазмұнына, оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің шеберлігіне сәйкестендіре отырып пайдалана білу қажет. Оқыту әдісіне жұмыстың әр алуан тәсілдері енеді, оларды әдістің детальдары, элементтері ратінде қарастыру керек. Тәсілдер әдетте, қосалқы мэнде болады. Олар бір әдістің ғана емес, әртүрлі әдістердің бір қатар бөлігі болуы да мүмкін. Мектептерде биологиядан білім берудің басты мақсаты: эволюциялық ойлау дамыған экологиялық жағынан қалыптасқан, тіршіліктің ең жоғары құндылық деп бағалайтын биологиялық білімді дүниенің біртұтас ғылымы бейнесін терең түсінудің маңызды бөліктері ретінде меңгеріп, соған пайдалана білітін, ғылыми әдістерді меңгеріп іс жүзінде, қажетті жағдайларға қолдануға икемді, биологиялық сауатты адам тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа биологиялық жалпы бөлімінің үш бөлікті біртұтастық сипаты бар мынадай құрылымдық мазмұны сэйкес келеді:
1) Тірі табиғат туралы білім. Бұл тірі табиғаттің біртұтас ғылыми бейнесін беретін тіршілік, оның деңгейлері, тіршілік процестері, қасиеттері сияқты иргели биологиялық ұғымдары және органикалық дүниенің көптүрлілігі, биологиялық білімнің қолдану аясын, адам туралы білім негіздерін қамтиды.
2) Тірі табиғатты танып білудің танымдық әдіс-тәсілдері туралы білім. Бұған биолгиялық құбылыстардың объективті заңдылықтарын терең ашып, түсінуге көмектесетін, оның әдіснамалық негізі болып табылатын теориялық синтездің қарапайым синтез, талдау, терең синтез, модельдеу сияқты әдіс тәсілдер туралы білім жатады.
3) Осы білімді меңгеріп, білікке айналдыруға көмектесетін оқушы іс-әрекеттерінің түрлері. Бұған ғылыми зерттеу (бақылау, тәжірибе, эксперимент т.б.) және нақты сипаты бар іс-әрекеттер арқылы орындалатын жұмыстар кіреді. Сонымен қатар бұл айналадағы басқа тіршілік иелеріне, олардың жағдайларына өз қарым-қатынасын (тіршіліктің, адамның және өз халқының салт дәстүрлерінің баға жетпес құндылығын түсіну), қоршаған табиғи ортадағы өз орнын, ролін анықтауға бағытталған оқушы адамгершілігін тәрбиелейтін іс-әрекеттерді де (таза экологиялық орта үшін күресу, тірі табиғатты қорғау, мейірімділік қорларын жасау т.б. сияқты ізгі істерге қатысу) қамтиды.
Органикалық дүниенің дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін эволюция туралы ілім биологияның теориялық өзегі болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту мұғалімнен жоғары теориялық даярлықты, методикалық шеберлікті қажет етеді.
Мысалға мына сабақты алып қарайық: «Табиғи сұрыпталу және эволюцияның басқа факторлары». Сабақтың мақсаты: Табиғи сұрыптау- эволюцияның жетінші факторы, мекен ортаға бейімделген жаңа түр жаратушы тек сұрыпталу процессі екендігін, сұрыпталудың әсерін танып білу тірі табиғаттағы тарихи өзгерісті материалистік тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік бергендігін оқушылардың анық түсініп еске сақтауын қалыптастыру қажет.
Сабақтың міндеті
1. Табиғи сұрыпталу әсерінің мысалдарын қарастыру.
2. Сұрыпталушы фактор орта жағдайлары болып табылатын, табиғи сұрыпталудың жасампаздық жолын анықтау.
3. Басқа факторлармен салыстарғанда табиғи сұрыпталу эволюцияның ең негізгі күші екендігін көрсету.
Сабақтың білімдік, тәрбиелік және дамутышылық міндеттері: нақтылы ботаникалық және зоологиялық материалдар арқылы табиғи сұрыпталудың мәнін ашу және осы негізде тірі материяның өздігінен қозғалатын, өздігінен дамитын, шынайылылығын көріп, оқушылардың бейімдерінің тереңдеуіне, оларға диалектикалық- материалистік көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік жасау қажет: оқушыларға табиғи сұрыпталу нәтижесінде жүріп жататын биологиялық заңдылықтарды танытып білдіру. Қолдан және табиғи сұрыпталулардың ұқсастығы мен өзгешелілігін салыстырып, ауыл шарушылындағы генетика мен селекцияның пратикалық мәселелерін, сондай-ақ медицинадағы генетикалық мәселелерді оқушылардың талдай білуін дамыту.
Сабақ барысында мынадай әдістерді қолданып, әңгіме баяндау, кеңес (сұрақтар мен жауаптар) тақырыпты түсіндіру. Сабақ көрнекіліктерінің тақырыпқа әсері мол, оған мынадай көрнекіліктерді қолданған жөн: дидактикалық карточка тапсырмалар, схема таблицалар, тірек - конспект. Сабақ барысында гербарийлер, коллекциялар, қолдан жасалған және баспалық таблицаларды да қолданған дұрыс.
Табиғи сұрыпталудың анықтамасын түсіндіруде оның қазіргі кездегі түсінігінде особьтардың тек тірі қалуға ғана емес, сонымен бірге олардың көбеюінің зор маңызы ескеріледі. Ұрпақтың тірі қалуы, өсетін жасына жетуі, көбеюдің қарқындалығы бейімділгіштіктің негізгі белгісі ретінде қарастырылады. Оқушыларға мутациялардың сипатын және олардың бақытсыздығын анықтап, әрқашанда тек сұрыпталу процессі белгілердің мекен ортаға бейімделуінің ең тиімді қызмет атқаруының бағытында, яғни жаңа формалардың жасалу бағытына зор әсер ететіндігін білдіру. Табиғи сұрыпталудың эволюциядағы жасампаздық, жетекшілік рөлі, бұл прцесстің материалистік түсінігі туралы қорытындыны оқушылар дәптерлеріне жазады.
Мұғалім жаңа мтериалдарды оқыту кезінде бастапқыда шағын кіріспе әңгімелеу өткізеді, соңынан экранды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың назарын берілген объектіге аударады. Оқушыларға экрандық құрал пайдаланудан бұрынырақ сұрақтар қойса жақсы болады: табиғи сұрыпталудың популяцияда басталатынын қалай түсінуге болады? Табиғи сұрыпталудың жасампаздық рөлі неде?
Балалардың ойлау қабілетін жандыру үшін сабақта экрандық құралдары пайдалану жоспарын ойластырып, оны көрсету уақытын белгілеу керек.
Мұғалімдер соңғы кезде телевизиялық хабарларды осы тақырыпты ашуда кең пайдаланып жүр. Мұғалім телевизиялық сабақ өткізген кезде тақырыпқа жалпы кіріспе жасайды, оқушыларды саналылықпен қабылдауға даярлай отырып материалды пысықтайды.
Қазіргі заман мұғалімдерден қалыптасқан стереотиптерден бас тартып, творчествалық ізденіспен батыл қадамдар жасап жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану керек.
Күнделікті өтіп жүрген сабағымыздың структурасын қарастырып көрелікші.
Сіз оқушыға сабақ тақырыбын, оның мақсатын толық жеткізіңіз, оқушы оны дәптеріне жазады, одан соң сіз 20-25 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріңіз, жаңа сабақты пысықтаңыз, үй тапсырмасын 3-4 оқушыдан сұрадыңыз, оларды бағалаңыз. Келесі сабақта сіз жарты сағат бойы түсіндірген тақырыпты бірнеше оқушы ғана меңгерген болады, ал оқушылардың негізгі бөлігі үй тапсырмасын орындамаған, орындаса да жете түсінбейтін болып шығады. Себебі неде? Себебі сабақта сіз ғана жұмыс істедіңіз, оқушы тек тыңдаушы болды, ал егер адам бес минуттан артық зейін қойып тыңдай алмайтынын ескерсек, оқушы сіздің түсіндіргеніңіздің басын ғана меңгереді. Сондықтан егер білім сапасын көтергіміз келсе оқушыны сабақ үстінде белсенді ойлауға, жұмыс жасауға мүмкіншілік жасауымыз керек. Жаңа технологиялар балаға белсенді түрде білім алуға жағдай жасайды, сабақ процесінде ол тыңдаушы емес, оқушы, еңбек етуші, өз пікірін ашық айтушы. Бір сабақтың үстінде ол жаңа тақырыпты меңгеріп, тиісті бағасын алып, үйде ол сол сабақта алған білімін өз бетінше тереңдетіп, ізденуі керек. келесі сабақта өткен тақырыпты тек еске түсіріп, жаңа тақырыппен байланыстырады. Яғни оқушы үйдеемес негізгі жұмыстың бәрін мектепте атқарады. Сіз оны келесі сабақта еркін жауап беруіне жағдай жасадыңыз.
Биологиядан білім берудің теориялық әдістемелік деңгейін көтерудің басты кепілдерінің бірі-оны оқытудың материалдық базасын нығайтып, оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Бағдарламалар, оқу әдістемелік және дидактикалық көрнекі құралдарын жасау.
Сабақтың жетістігі, мұғалімнің алдын-ала дайындаған конспекті мен жоспарын қандай дәрежеде қолданыла білуінде. Осыған байланысты биология сабағын өту барысында кездесетін қиыншылықтардан құтылудың кейбір анықтамаларын айтып өтейік. Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылардың сабақаты жақсы менгеруі үшін, негізгі оқу мазмұнын тақтаға жазу жүйесін қолдану керек. Бұл жерде сөздік-логикалық схемалар, жалпылау таблицалары көмектеседі. Сабақты түсіндіру барысында да оқушылармен әңгімелесуді ұмытпау керек. Оқушылардың орындарынан берілген сұрақтары, олардың жауаптары тек сіздің рұқсатыңыз бойынша жүруін қамтамасыз етіңіз. Оқушылардың сөйлесу мәдениетін тәрбиелеңіз. Жаңа материалды жаман тәртіпте түсіндіруге болмайды. Бұл так сабақтың соңында сіздің көңіл-күйіңізді құртады және тақырыптан бір нәрсе тыңдап, түсінем деген оқушыларды да шаршатады. Олардың тең жартысы бұл жағдайда жаңа сабақты түсінбей қалады. Барлығы сізді тыңдаулары керек, тынышталдырып ғана сабағыңызды жалғастырыңыз.
Сабақты, оқушыларды бос отырмайтындай етіп ұйымдастыру қажет. Бұл көптеген кездесетін қиыншылықтардың болмауын, сонымен қатар прблемасын шешуге көмектеседі. Сабақта пәнге қызығушылықты арттырып қосымша ғылыми белгілі әдебиеттерден бай мүмкіншілігінің бар екендігін ұмытпаңыз.
Оқушылармен олар түсінетіндей етіп сөйлеңіз, яғни солардың дәрежелеріндей. Биология курсының қиын сұрақтарын қарастырған кезде оларды қайталап беруге болады. Оқушыларды қазіргі заман биологияның ғылымдағы шешілмеген прблемаларымен таныстырыңыз. Оқушылардың өтілетін материалдардың практикалық керектілігіне көңілін аудартыңыз. Жалпы ойрарды нақты мысалдармен көрсетіңіз. Оқушылардың жаңа оқу әрекеті түрінде логикалық ауысуын қамтамасыз етіңіз.
Оқушыларға оқу әрекетінің әр түрлі жоспарларын ұсыныңыз; -объектілерді салыстару жоспары -объектті түсіндіру жоспары –тәжірибе жүргізу жоспары - зертханалық жұмысты орындалу жоспары -микроскоппен жұмыс істеу жоспары -әдебиеттермен жұмыс істеу жоспары.
Оқушылардың биология сабағында оқулықпен сабағында оқулықпен жұмыс істеу барысында келесі әркекет түрлері болуы мүмкін; -параграфтың соңындағы сұрақтарға жауап беруі
- параграфтың мазмұнын айтып беру.
- Дәптерге жаңа негізгі терминдер мен түсініктерді көшіріп жазу.
- Негізгі анықтамаларды көшіру
- Конспектілеу
- Параграфтың жоспарын дайындау
- Параграфтарғаарналған өзіндік сұрақтарын қолдану
- Дәптерге таблицаларды толтыру
- Оқулықтағы безендірілген суреттермен жұмыс жасау
- Оқулықта келтірілген өсімдіктер мен жануарлар түрлерін анықтау.
Оқушыларды сұрау барысында әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Белгілі оқымысты әдіскерлер Н.М. Верзилин және В.М. Корсунскаялар биология сабағында келесі оқушылардың білімін тексеруге арналған әдістерді атап көрсеткен.
- оқушылардың тақтада ауызша жауап беруі;
- биологиялық есептердің шешілуі
- тақтадағы таблицалармен схемаларды ұжымдасып толтыру;
- таблицадағы жануарлар мен өсімдіктердің бөлімдерін көрсетіп ауызша жауап беру;
- суреттегі бөліктері атап жазбаша жауап беру;
- объектінің белгілерін салыстыру;
- оқушылардың жеке тапсырмалары (доклад, реферат, тәжірибилерінің қорытындылары және т.б.)
- жолдасынаң жауабын талқылау;
- жазбаша бағдарламаланған сұрау;
- дәптерге таблицаларды өз бетінше толтыру.
Биология пәнінің тәжірбиелі мұғалімдері оқушылардың білімін және іскерліктерін тексеру үшін әр түрлі сабақтын ұйымдасу түрлерін қолданады:
- оқушылардың индивидуальды білімін тексеру үшін, оларға дидактикалық карточкалар бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.
- биология пәнінен кросводтарды шешу;
- мұғалімнің тақтаға жызылған түсініктерінің арасындағы байланыстарын оқушылардың іздеп тауып түсіндіреді;
- мұғалімнің берген немесе өз бетінше дайындаған жоспарына оқушының жауап беруі;
- кластастары жауап беру үшін, оқушылардың биология сабағына дайындаған сұрақтары;
- мұғалімнің тақтаға әдейілеп қате жазған терминдерін оқушылардың дұрыстауы;
- негізгі терминдер мен түсініктерді қайталау және т.б. Оқушылардың танымдақ әрекеті репродуктивті ұқсастық, уақытша-ізденіс және шығармашылық деңгейде болатынын еске түсіру қажет. Сабақта мұғалім мүмкін болса, осы 3 танымдық әрекетті қамтитын тапсырмаларды қолдану керек. Оқушының шығармашылық дамуына көңіл аудара отырып оған жүмыс істету үшін қиын сұрақтар берілуі керек.
Оқушыларды дәптерге жүйелі түрде жазуға үйрету керек. Оның жазып отыратындары:
- оқулықта болмаса түсініктерді,
- сабақтың жоспары мен мақсаты,
- сабақта ойланатын сұрақтарды,
- материалды түсіну үшін керек таблицаларды, схемаларды,
- практикалық жұмыстар мен тәжірбиелердің қорытындыларын
- көріністі айқындайтын мысалдары
- жауаптың жоспарын
- лабараториялық жұмыстардың жоспарын
- танымдық әрекеттің пайда болуының жоспары
- керекті әдебиеттердің тізімі,
- ендігі сабаққа берілген үй тапсырмасы.
Сабақтағы оқушы мен мұғалімнің әр бір әрекеттері педагогикалық мақсатты және белгілі бір мағынасы болуы керек екендігін есте сақтау қажет. Ал сабақтың уақыты шектеулі.
Тақырып бойынша оқушыларға білім беруде мұғалімнің көздеген негізгі мақсаты, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз беттерінше тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарасты таңдай білуге үйрету. Жұмыстың екінші бөлімінде, тірі ағзалардың пайда болуымен алуан түрлілігін, бір-бірімен тығыз байланыстағы құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда сипаттайтын тұрғыда берілген.
Осылай бола тұра тіршіліктің пайда болу көрінісін дәл мағынасындағы ақиқат деуге де болмайды, басқа да проблемаларды шешуде кездесетін күрделі жағдайлар сияқты бұл мәселені, жаратылыс ғылымдарына немесе метафизикаға жататыны дәл мағынасында анықталмаған.
Тіршіліктің дамуына, оның көріністеріне қабылдауға болатын болжамдар нәтижесінде мейлінше көптеген дәлелдемелер келтіріп нақты гипотезалық сипат берілді. Жалпы жұмыстың барысында қозғалған мәселелер бүгінгі күн талабына сай, адамзаттың көзқарасына сай берілген. Ал көзқарастардың алуан түрлілігі әрбір адамның білім деңгейіне рухани жан дүниесіне байланысты қарастырылады.
Тіршіліктің даму тарихын оқып білуде әдетте доктринаға сүйенеді. Доктрина - саналы түрде, соқыр сеніммен бір ілімнің, қандайда бір болмасын сенімнің жолын ұстаушылық болып табылады. Мәселенің бабына бұл жолмен жету ғылымнан алшақ жатыр және ол ой - өріске қиянат жасау болып табылады.
Қазіргі заманда орта мектептің мұғалімдеріне өзінің әрекетінде бағдарлама және әдебиет таңдауына мүмкіндік беріледі. Мектеп биология курсының әр бөлімінде бірнеше альтернативті бағдарламалар жасалған. Сонымен қатар тәжірибелі мұғалімге өзінің жеке оқушыларға арналған оқу бағдарламасын қолдануына мүмкіндік береді. Осыдан жауабын тез табылуын қажет ететін сұрақтар туады.
Сондықтан жұмыстың барысында мектеп оқушыларына осы проблема бойынша білім қалыптастыруда тіршіліктің шығу теориясының көпшілікке танымал жорамалдары қарастырылып, сонымен бірге оқушылар тіршіліктің дамуы туралы алуан түрлі көзқарастар мен таныса алады.
Тіршіліктің пайда болу теориялары мен болжамдарының алуан түрлі нұсқалары қарастырылып семинар сабағында талқыға салынады. Түрлердің пайда болу жолдары туралы мәліметтер беріледі.
Теориялардың негізінде алған тұжырымдамалары тек ой жүзінде ғана қабылданады, себебі тіршіліктің пайда болу кезеңіндегі болған іс - әрекеттер мен оқиғаларды көрнекті түрде дәлелмен, суретін дәл күйінде беру мүмкін емес. Бұл жағдай ғылыми және теориялық болжамдардың құрылымына тән көрініс. Дегенменде эволюциялық теорияны - барлық ғылыми болжамдардың жиынтығы ретінде көп жұртшылық қабылдайды.
Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған. Тіршіліктің пайда болуы, оның шығу тегі адамзатты ерте заманнан бастап-ақ толғандырған. Оған дәлел көне Грек ғалымдары мен философтарының еңбектеріндегі тіршіліктің пайда болуы туралы алуан түрлі ойлар мен тұжырымдамалар, болжамдар болып табылады. Мысалы, Аристотель, Қытай философтары, Үнді философтары осы мәселе бойынша бүткіл ғұмырында айналысқан.
Тіршіліктің даму тарихын оқып білуде әдетте доктринаға сүйенеді. Доктрина - саналы түрде, соқыр сеніммен бір ілімнің, қандайда бір болмасын сенімнің жолын ұстаушылық болып табылады. Мәселенің бабына бұл жолмен жету ғылымнан алшақ жатыр және ол ой - өріске қиянат жасау болып табылады.
Тіршіліктану курсы ғылымда зерттелетін негізгі тіршілік заңдарының барлық құрылыс дәрежесін білуге мүмкіндік береді; биологиялық процестер мен құбылыстар механизмдер саласындағы жаңалықтар мен таныстырады; адамның биосферадағы орнын көрсетіп, оның жағдайына жауапкершілікпен қарайды.
Бұл курс интегралдаушы роль атқарады, өйткені мұнда бұрын оқылған фактілерді тарихи көзқарас тұрғысынан қарастырып бір күйге келтіреді; ол материалдар органикалық дүниенің негізгі заңдылықтарына бағынады, оны оқып білу нәтижесінде табиғатты саналы пайдалану, оны қорғау және қалпына келтіру іске асырылады. Курста органикалық дүние дамуының жалпы теориясы - дүниеге ғылыми көзқарас негіздерінің бірі баяндалады. Оқушылар даму процестерінің диалектикалық сипатын (тұқым қуалау мен өзгергіштік) құбылыстарының қайшылығын, прогресс пен регресті, ассимиляция мен диссимилация процесстерін т.с.с. оқып біледі. Оқушылар пайымды фактілер негізінде тіршілік құбылыстарының материалдық сипаты жөнінде және бүкіл органикалық дүние жөнінде білім алады; табиғаттың алуан түрлілігіне және қарамай, оны оқып білуге болатыны жөнінде бұлтартартпайтын дәлелдерді аңғарып көреді.
1801-1809 жылдар аралығында АҚШ президенті болған Томас Джефферсон «Мемлекет неден тұрады?» деген сауалға былай деп жауап берген екен: «Шарықтаған қорғандар мен нақтылаған биіктерден емес, қалың қабырғалар мен қарауылды қақпалардан емес, күмбезделген мұнаралы асқақ қалалардан емес. Жоқ, адамдардан, саналы адамдардан тұрады. «Ұлы саясаткер бұл сөздерді ірге тасын жаңа қалап келе жатқан, егемендігін алғанына небәрі он жыл болған, егмендіктің тәті дәмін әлі жете түсінбеген қазақ еліне арнап айтқандай. Себебі Қазақстанның өркениетті, дамыған, басқа елдермен терезесі тең мемлекет болып қалыптасуы, келешегі бүгін мектеп қабырғасында білім мен тәрбие алып отырған жас ұрпақтың қолында. Олай болса бала тәрбиесін, оның білім алуын ата-аналар қауымы мектепке аударып қойған мына біздің қоғамда мұғалімдерге жүктелген міндет жүгі аса ауыр екендігін ұстаздар түсінеді.
«Күң әйелден құл бала туылады» деген мақал ұстаздарға да қатысты сияқты. Балалларымыздың көзі ашық, көкірегі ояу саналыда білімді азамат болып өсуі осы мұғалімдерге байланысты. Сондықтан уақыт талабына сай білім беру жүесінде үлкен өзгерістер жүріп жатқаны баршаңызға аян.
Қазіргі заман мұғалімдерден қалыптасқан стереотиптерден бас тартып, творчествалық ізденіспен батыл қадамдар жасап жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану керек.
Күнделікті өтіп жүрген сабағымыздың структурасын қарастырып көрелікші.
Сіз оқушыға сабақ тақырыбын, оның мақсатын толық жеткізіңіз, оқушы оны дәптеріне жазады, одан соң сіз 20-25 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріңіз, жаңа сабақты пысықтаңыз, үй тапсырмасын 3-4 оқушыдан сұрадыңыз, оларды бағалаңыз. Келесі сабақта сіз жарты сағат бойы түсіндірген тақырыпты бірнеше оқушы ғана меңгерген болады, ал оқушылардың негізгі бөлігі үй тапсырмасын орындамаған, орындаса да жете түсінбейтін болып шығады. Себебі неде? Себебі сабақта сіз ғана жұмыс істедіңіз, оқушы тек тыңдаушы болды, ал егер адам бес минуттан артық зейін қойып тыңдай алмайтынын ескерсек, оқушы сіздің түсіндіргеніңіздің басын ғана меңгереді. Сондықтан егер білім сапасын көтергіміз келсе оқушыны сабақ үстінде белсенді ойлауға, жұмыс жасауға мүмкіншілік жасауымыз керек. Жаңа технологиялар балаға белсенді түрде білім алуға жағдай жасайды, сабақ процесінде ол тыңдаушы емес, оқушы, еңбек етуші, өз пікірін ашық айтушы. Бір сабақтың үстінде ол жаңа тақырыпты меңгеріп, тиісті бағасын алып, үйде ол сол сабақта алған білімін өз бетінше тереңдетіп, ізденуі керек. келесі сабақта өткен тақырыпты тек еске түсіріп, жаңа тақырыппен байланыстырады. Яғни оқушы үйдеемес негізгі жұмыстың бәрін мектепте атқарады. Сіз оны келесі сабақта еркін жауап беруіне жағдай жасадыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет