«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер



бет4/12
Дата18.12.2023
өлшемі64,77 Kb.
#197538
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016
Мемлекеттік тілде іс а аздарын ж ргізу п ні бойынша тест с ра т (1), 723 9583 75513, ДЕНЕ ГОС
5-дәріс. Көру түйсінулері.
Көру түйсінуі таным процесінде маңызды орын алады. Себебі адам көру арқылы дүниедегі заттармен құбылыстарды тек түйсініп ғана қоймайды сонымен бірге оларды дұрыс танитын болады.
Көру түйсіну көзге жарықтың әсер етуінен, яғни 390-нан 800 миллион кронға дейін ұзындығы бар электромагнит толқындарының әсерінен пайда болады.
Жарық толқындарының ұзындығын, амплитудасын және формасын айыру қажет. Толқынның ұзындығы оның бір секундтағы тербеліс санына байланысты болады. Тербелістің саны қаншалықты көп болса соншалықты толқынның ұзындығы соншама қысқа болады, керісінше, тербелістің саны азайған сайын толқын да ұзара түседі.
Түйсіну бейнелері реттеуші, танымдық және эмоциялық функциялары. Түйсінулердің классификациясы. Түйсінудің эмпирикалық сипаттамасы. Л.М. Веккердің классификациясы: кеңістікті-уақыт құрылымы, полимодальдылық, қабылдаудың интенсивтілігі. В. Вундтың сенсуализмі және қазіргі жаңа практикалық психология.
Бейнелердің онтологиялық тұтастығы обьективті болмыстың заттылығы, психофизиологиялық тұрғыдан сыртқы дистантты анализаторларды танымдық комплекстерге біріктіретін қозғалыстың өзара әрекеті, физиологиялық (организм деңгейінде) және психологиялық (жеке адам деңгейінде) белсенділік, танымға бағыттылығы, детерминациялануы.
Рецептивті теория. Түйсіну сәйкес сезім органдарындағы сыртқы әсердің механикалық енжар ізі ретінде. Рефлекторлық теория. Түйсіну танымдық және регулятивті табиғаты бар тұтакс рефлекс ретінде. Түйсіну танымдық және регулятивті белсенділік ретінде. Б.Г.Ананьевтің түйсіну теориясы. Иіс сезу генетикалық алғашқы түйсіну ретінде, оның компенсационды мүмкіндіктері. Түйсінудің дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.
Көру түйсінуі біздің көзімізге әсер етуші тітіркендігіштің түрімен, әсер ету мерзімімен, оның кеңістіктегі орнымен және бір мезгілде әсер етуші басқа заттардың да сипаттарымен байланысты. Көру түйсінуінің заттардың әсер етуші мезгілімен байланысты болатынын адаптация құбылысынан анық байқауға болады.
Күшті жарықтың көзге түсуі, әсіресе алғашқы 5 минуттың ішінде, көру түйсігін бәсеңдетеді. Бірақ көз бара-бара көндіккен соң, оның көргіштігі ұлғая береді, өйткені қараңғыда адамның жарықты сезгіштігі күшті болады.
Өмірде заттармен, не құбылыстармен байланыссыз түстер болмайды. Сондықтан адам тегінде түстерді түрлі заттармен және құбылыстармен байланыстырып отырады.
Мұнда адамның тәжірибесі үлкен орын алады. Көбінесе, тұрмыста сары түс күннен, оттың жалынымен, қызыл түс қанмен, көгілдір түс - өсімдікпен байланыстырылып отырылады.
Сонымен бірге әр түс адамға өзінше әсер етеді, физиологиялық процестерде пайда болдыруға да себеп болады. Мысалы, кейбір түстер адамның жүйке саласын қоздыратын болса, басқа түстер жүйкені жұбатып, тыныштатады. Кейбір түстер көбінесе жағымды болса, басқа біреулері жағымсыз болып қабылданады. Бұл жөнінде түстер жылы, суық деп те аталады.
Ал органикалық түйсінуге ашығумен шөлдеу, тою мен сусынды қандыру, ішкі мүшелердің ауруы, тұншығуы, жүрек айну, жыныс сезімдері сияқты түйсінулер енеді. Ал жыныс құштарлығы адамдардың бір-бірінің күрделі қарым-қатынасынан және нәзік сезімдерімен байланысты болады. Органикалық түйсінулер органикалық қажеттілікті бейнелейтіндіктен және олардың қанағаттанылуымен, я қанағаттанылмауымен, құштарлығымен байланысты болады.
Бұл жөнінде екі түрлі теория бар. Теорияның біреуі ашығуды түйсінуін құрсақтың, оның боршаларының жиырылуымен байланыстырады: құрсақтың жиырылуынан пайда болатын қозу вегативті жүйке саласы арқылы миға баратынын айтады.
Екінші теория бойынша адам ашыққанда қанның құрамы өзгереді, ал өзгерген қан тікелей миға әсер етіп, ашығуды түйсіндіреді. Егер, бірінші теория ашығуды перифериялық жүйке жүйесінің әрекетімен байланыстырса, сол сияқты шөлдеуді де, тамақтың құрғауын да сонымен байланыстырады. Екінші теория шөлдеуді ашығу сияқты себептермен, яғни шөлдеуді, организмде судың жетіспеуімен байланыстырады.

  1. Проприорецептор түйсінулері адамның бүкіл денесінің, не болмаса, жеке мүшелерінің жағдайын, қозғалысын, кеңістіктегі жағдайды, оның қозғалысын меңгеріп отыруды бейнелейді.

  2. Проприорецептор түйсінулерінің екі түрі бар: кинестетикалық, яғни боршалар мен буындарда туындайтын түйсінулер;

  3. дененің тепе-теңдігін түйсіну.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет