Тобы: 21-11 ткип тексерген: Маликов Б. У



Дата08.11.2022
өлшемі21,18 Kb.
#157045
Байланысты:
БӨЖ №3Сакен Улжан(саясат)
БӨЖ №1 Бузанова Эльнура, БӨЖ №9 Сакен Улжан (саясат), БӨЖ №3 Сакен Улжан (әлумет) Презентация

Алматы технологиялық университеті

БӨЖ №3
Саясат құбылыс ретінде


(эссе)

Орындаған: Сакен Улжан


Тобы: 21-11 ТКиП
Тексерген: Маликов Б. У.
Алматы 2022

Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. 


Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты 
теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. 
Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді.
Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан 
саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, .Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттын түсіну өте күрделі ұғым болып отыр.Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуымен мәні жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Соның бірнеше бағыттарын көрсеткен жөн:
- Теологиялық бағыт – мұнда саясаттың пайда болуы, құдайдың құдыретімен түсіндіріледі. 
- Географиялық бағыт- Жан Боден, Ш. Монтескье: Саясат геогроафиялық себептерден пайда болды, бұл құбылыс қоршаған ортаның ерекшеліктеріне байланысты түсіндіріледі. 
- Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли, Т. Гоббс зерттеулері бойынша саясаттың көзі адамдардың биологиялық алғышарттарымен байланысты түсіндіруге бағыт береді.Бұл 
бағытты жақтаушылар саясатты ортақ игілік көпшіліктің мүддесі үшін жеке адамның өзімшілдік мінезін тізгіндеу мақсатында пайда болған дейді.
- Психологиялық бағыт – адамның психологиялық қасиеттерінің саясат құбылысының 
түсініктеріне, сезімдеріне, данышпандығына байланысты дейді.
- Конфликтік бағыт- Шмидтің пікірінше: саясаттың табиғаттың әртүрлі топтың мүдделеріндегі қайшылықтарға сілтеме жасап, тұтастығын сақтау үшін шиеленусуді реттеу керектігімен түсіндіреді.Саясаттың сонау ертеде пайда болғанынан бастап, қазіргі күнге дейін оның түсінігі жөнінде бірнеше көзқарастар мен аңықтамалар кездеседі. 
«Саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген өркениетті ерте дүниеден жеткен сөз бар. Расында, адам баласының қоғам мүшесі бола тұра саясаттан тыс қалуы мүмкін емес. Саясат ең ауыр, сонымен бірге, ең қадірлі де қасиетті және ең таза жұмыс. Сондықтан онымен айналысқан жандар жоғарғы мәдениетті меңгеруге тиіс. Оны «былғаныш» саясатқа айналдыратын да өзіміз, ішкі мәдениеті жоқ жан мінбеге көтерілгенде де, қолына қалам алғанда да таз қалпында қалады. Ондай адамның іс-қимылына қарап бүгінгі саясат пен демократияға баға беру үлкен қателік.Қазақтың ортағасырлық ірі тарихи тұлғаларының бірі Жүсіп Баласағұн саясаттың маңызы туралы былай деген екен:
Саясатпен жұртын заңын түзетер,
Саясатпен елін-жерін күзетер,
Бұл саясат бек қақпасын зерлейді,
Саясатпен бектер елін жөндейді,
Ел былығы саясатпен арылар,
Алаяқтар есебінен жаңылар.
Елді тұтас ұстағысы, әділ билегісі келетін басшыға бұлардан басқа да үш қасиет керек. Қаһарман жігерлілік, жомарттық және шырын тіл. Бек те, ұлық та, құл да, күң ді тілге, сөзге жүгінген. «Түксиген жүз, іріген сөз, құр кердең» елді бектен жирендіреді, өнерлі, ойлы «даңқы өсіп, төрден орын тиеді», дейді тағы да сол бабамыз.
Саясатты жетік білу әр адамға ісінің ілгерлеуіне кепілдік берері рас. Инженер бұрын тек өз ісін, өндіріс процесін ғана білсе, қазір оның қоғамның дамуына тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын есептеп, біліп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғамымыз тірелген әлеуметтік-экономикалық, керек десеңіз, рухани тығырықтан жол тауып, шыға аларымыз хақ. Қазір барлық қоғамдық ғалымдарда саяси сипат бар деп дәлелденетіндігі белгілі. Рас, экономикалық саясат, демографиялық саясат, экологиялық, жағрапиялық, энергетикалық т.с.с. саясаттар бар. Ал қоғамдағы шиеленістердің баршасын саясаттану шешуге жәрдемдеседі.


Пайдаланылаған әдебиеттер тізімі



  • https://kk.wikipedia.org/ сайты

  • https://pps.kaznu.kz/ сайты

  • https://slide-share.ru/ сайты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет