Тобы: дшс 21-04 Қабылдаған: Ортаев Б



бет1/5
Дата22.05.2024
өлшемі89,01 Kb.
#202771
  1   2   3   4   5
Байланысты:
дшс21-04 Мырзахан Б 2

Халықаралық Туризм және Меймандостық университеті


Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беру
Тобы:ДШС 21-04
Қабылдаған:Ортаев Б
Орындаған: Мырзахан Б
Әділхан А

Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі.

  • Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі.
  • Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді.Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім процесінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
  • Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді. Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді. Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар; 2-топ көру деңгейі төмен балалар;3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет