Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі28,72 Kb.
#82376
1   2   3   4
Байланысты:
Жүйке жүйесі тақырыбы бойынша бақылаьу сұрақтар
Жүйке жүйесі тақырыбы бойынша бақылаьу сұрақтар
дендриттер арқылы келеді. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді: 1) сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді); 2) байланыстырғыш – қозуды сезгіш нейрондардан қозқалтқыш нейрондарға өткізеді; 3) қозғалтқыш – қозуды бұлшықеттер мен бездерге жеткізеді.
Рефлекс (латынша «reflexus» – жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жұйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінен қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауѓа болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толыққызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).
2. Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады.Ересек адамдарда оның ұзындығы 45 см,ені 15 мм,салмағы 36 гр.Жұлын жжоғарғы жағынан ауыз омыртқаның тұсында сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы 2-ші бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып,,негізгі жіпшесі 2-ші құйымшақ омыртқаға дейін жетеді де сол жерге бекиді
Жұлынның ұзына бойында оның жуандығы біркелкі болмайды;бас жағы 8жуан,құйрық жағы жіңішке болады. Жұлынның 2 жері жуандау ; мойын буылтығы және бел-сегізкөз буылтығы болады. Жұлынның алдыңғы және артыңғы жағында екі жүлге :алдыңғы орталық сай және артыңғы орталық 8жүлгесі болады,жәе бүйірлерінде оң бүйір және сол бүйір жүлгелері болады
Жұлынның ортасында өте тар тесігі болады.Олортақ өзек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның ақ зат пен сұр заттан тұратыны байқалады. Сұр заты қанатын жазған көбелекке ұқсас , алға шығып тұрған бөлігі алдыңғы аша , артқы бөлігі артқы аша деп аталады.Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, ол жүйке талшықтарынан және аксондардан түзілген. Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері және қатынасы әр түрлі болады

Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады: 1) жүйке ұштары – рецепторлар (латынша «receptor» немесе «recіpіo» – қабылдаймын, қабылдаушы); 2) сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); 3)жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); 4) қозғалтқыш нейрондар; 5) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).


3. Орталық жүйке жүйесінің екінші үлкен бөлімі бас миы.Адамдарда орта есеппен мидың салмағы еркектерде 1375 г,әйелдерде 1245 г, тік қимасы 16-17 см,көлденеңі-14 см,көлемі-1220 куб см болады.
Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.Дамуына ,құрылыс ерекшеліктеріне және қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді
1.үлкен ми
2.аралық ми
3.ортаңғы ми
4.артқы ми
5.сопақша ми
Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.
4.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет