«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет111/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
6.3.5. Нанодәрілер мен наномедицина

Тасымалдағыш бионаножүйелер ауданындағы прогреске қарамастан, олардың дәрілік препараттар ретінде қолданылуы үшін бірнеше, кейде ондаған жыл қажет болады. Әрбір жаңа дәріні жасап шығару өте ұзақ әрі қымбат үдеріс. Бүгінгі күні бір медициналық препаратты нарыққа шығару орташа алғанда 800 млн. долларды құрайды. Статистика бойынша белгілі бір дәрілік форманың лабораториялық зерттелуі мен патенттелуінен оның дәріханаларда пайда болуына дейін 12 жылдан астам уақыт өтеді, ал ұсынылған 5 мың жаңа дәрінің ішінен 5-еуі ғана адамға клиникалық сынауға дейін жетеді және бестен бірі ғана нәтижесінде қолданыс табады. Фармацевтика болашағы жоғары технологиялық тәсілдерді қолдануға байланысты екені бәріне мәлім. Сондықтан зерттеулердің өзіндік құны мен сәтсіздік қаупі арта түседі. Сонымен қатар, әсер беруші негізі наноқұрылымдандырылған дәрілік формалар болып табылатын жаңа препараттарды жасау дәрілердің бағытталған әсерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, олардың ең жақсы ерігіштігі мен ағзамен қабылдануын қамтамасыз етеді, яғни тез терапевтік эффектісі мен қажет дозасының азаюына мүмкіндік береді. Қазіргі кезде барлық дамыған елдер, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Англия, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея және т.б. гибридті бионанокұрылымдардың ерекше қасиеттерін қолдануға бағытталған интенсивті жұмыстар жүргізуде. Мұны университеттер де, ірі фармоцевтикалық және медициналық компаниялар да жүзеге асыруда. АҚШ пен Жапонияның өзінде-ақ 2006 бионанотехнологиялар бюджеті сәйкесінше 2,4 және 0,85 млрд долларды құрайды. Ресейде мұндай зерттеулер Мәскеу, Санкт Петербург және Новосибирекінің бірқатар ғылыми-зерттеу мекемелірінде жүргізіледі. Сонымен, дозаны азайту мен әсер ету бағыттылығы-нанофарманалогия дамуының негізгі бағыттары. Қолданылатын дәрілік заттардың дозасын азайту кейбір жағдайларда көптеген қарсы көрсетулері есебінен кейбір ауруларды емдеу үшін қолданылысы шектелетін жоғары тиімді препараттарды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, бірқатар жағдайларда қымбат препараттар мен емдеу құнын азайтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет