Топ тәрбие сағаты хаттамасы



Дата16.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#131978

«Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі» МКҚК
Топ тәрбие сағаты хаттамасы
Күні: 23.01.22ж. Қатысқандар: 921 топ жетекшісі: А.Т.Махметова 921 топ білім алушылары. Қатысқандар саны -20 Қатыспағаны -6
Күн тәртібі: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.
Тыңдалды: 1. Топ жетекшісі Махметова А: күн тәртібіндегі мәселені топ білім алушыларын таныстырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.
Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымызЕң басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз.Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.Барлық бастамамыз осыған бағытталуда.Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік.Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет.Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс. Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды міндетті шешумен айналысуы керек.Біз «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз.Бүгінгі таңда NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы – тұрмысы төмен отбасының балалары. Бұл жағдайды түзету қажет. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек.
Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс.
Қаулы: Білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезім, аамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Топ жетекшісі Махметова А.Т.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет