Топырақтану



Pdf көрінісі
бет53/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
Жасанды құнарлылық  адамның іс-әрекеті нәтижесінде қҧнарлылықтың 

әртҥрлі  факторларын  қисындастыру  барысында  қалыптасады.  Ол  таза 

кҥйінде    оранжерея,  жылыжай,  парниктер  және  с.с.  ӛсімдіктерді  ӛсіруге 

жасалған  субстраттарда  байқалады,  сонымен  қатар  жасанды  топырақтарда 

(мысалы бақшалар). 



 

55 


Топырақ  қҧнарлылығының  әр  категориясы  екі  тҥрден  тҧрады: 

потенциалды және тиімді.    

Жасанды  қҧнарлылығы    табиғимен бірігіп  тиімді немесе  экономикалық 

қҧнарлылық  болып  анықталады.    Ол  ауыл  шаруашылық  дақылдарының 

ӛнімінде жҥзеге асырылады. 

Топырақта қоректік элементтердің белгілі  бір қорлары бар, олар ӛнімнің 

қалыптасуында  шығын  тҥрінде  жҥзеге  асырылады,  осыдан  топырақтың 

потенциалды қҧнарлылығы деген ҧғым шығады.  

Потенциалды  қҧнарлылық  ӛсімдіктердің  қоректік  заттарының  жалпы 

қоры, олардың қосылыстарының тҥрлері және ӛсімдіктерді  басқа да қажетті 

оңтайлы  жағдайлармен  қамтамасыз  ету  факторлары  оның  тиімді 

қҧнарлылығының жоғары деңгейін қалыптастырады. 

 

8.3  Қҧнарлылық    факторлары  болып  қоректік  элементтер,  ылғал,  ауа 

және жылу мӛлшері есептеледі, яғни олар ӛсімдіктер ӛсіӛнуінің жер бетіндегі 

факторлары. Ал қҧнарлылықтың қалыптасуының жағдайларына топырақтың 

қасиеттері және режимдері жатады. Ол қасиеттер мен режимдер келесідей: 

-  физикалық  (топырақтың  гранулометриялық  қҧрамы,  қҧрылымы, 

тығыздылығы,  кеуектілігі,  жылулық,  ылғалдылық  қасиеттері  және 

режимдері); 

-    химиялық (гумус сипаттамасы, минералдық және химиялық қҧрамы, 

тиімді қоректіқ заттар мен зиянды заттар мӛлшері); 

физико-химиялық  (топырақ  реакциясы,  тотығу-тотықсыздану 



потенциалы,  сіңіру    кӛлемі,  алмаспалы  сіңген  катиондар  мӛлшері  және 

олардың қҧрамы және т. б.); 

-  биологиялық  (микроорганизмдер  мӛлшері,  нитрификациялау  және 

азотты  байланыстыру,  топырақтың  тыныс  алуы,  ферменттік  белсенділігі, 

фитосанитарлық жағдайы). 

Қҧнарлылықтың  қалыптасуы  топырақтың  қасиеттері  мен  режимдерінің 

ӛзара  кҥрделі  қатынасы  мен  әсерінің  мысалы  ретінде  топырақтың  қоректік 

заттар режимін қалыптасуын алып қарауға болады. 

Топырақтың  қоректік  заттар  режимі  оның  қҧрамындағы  минералды 

заттардың  кҥрделі  ӛзгерістерінін  және  органикалық  заттардың  минералдану 

және  гумификациялану  процестерінің,  микроорганизмдердің  белсенді 

қызметінің, ылғал, ауа және жылу режимдерінің ӛзар қатынасының әсерінен 

қалыптасады. 

   


  8.  4  Топырақтардың  әртҥрлері  тҥрлері  оның  әртҥрлі  қҧнарлылығын 

қалыптастырады. 

Ең  жоғары  тиімді  қҧнарлылықпен  қара  топырақтар  сипатталады,  ал 

кҥлгін  (солтҥстікке)  және  қҧба  (оңтҥстікке)  топырақтарға  қарай  жылжитын 

болсақ оның қҧнарлылық деңгейі тӛмендей бастайды.  

Орманды  аймақтың  кҥлгін  және  шымды-кҥлгін  топырақтары 

қҧнарлылығының  шамалы  болуы  кҥлгіндену  процесінің  әсерінен  болады. 

Ҥйткені  ол  қышқыл  топырақтарды  қалыптастырады,  онда  улылық  қасиеті 




 

56 


бар    алюминийдің  жылжымалы  тҥрлері  болады.  Сонымен  қатар  олар 

негіздермен  қанықпаған,  гумус  мӛлшерлері  шамалы,  агрофизикалық 

қасиеттері нашар және қоректік заттар мӛлшері де тӛмен. 

          

             8. Топырақ қҧнарлығын ҧдайы ӛндіру немесе арттыру қазіргі кезде 

екі  тәсілмен,  заттық  және  тенологиялық,  жҥзеге  асырылады.  Заттық  тәсіл 

тыңайтқыштар,  мелиоранттар,  пестицидтер  т.б.  қолдануды  қажет  етеді,  ал 

екінші  тәсіл  –  ауыспалы  егістерді,  аралық  дақылдарды,  әртҥрлі  топырақ 

ӛңдеуді,  егу  әдістерін  т.  б.  қолдануды  қажет  етеді.  Аталған  әдістердің 

мақсаты  бір  болғанымен,  оған  жету  жолдары  әртҥрлі  болып  келетіні 

тҥсінікті. 

Топырақ  қҧнарлығын  оңтайландыру  ҥшін  талапқа  ҥйлесімді  қҧнарлылық 

моделін (ҥлгісін) жасау керек. Топырақ қҧнарлылығының ҥлгісі деп нақтылы 

топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың  белгіленген  ӛнімділік деңгейіне 

сай  келетін  экспериментальды  тҥрде  анықталған  агрономиялық  маңызды 

қасиеттері ме режимдерінің жиынтығын айтады. 

Топырақ  қҧнарлығының  технологиялық  ҥлгісі  міндетті  тҥрде 

экономикалық  есептеулермен  толықтырылып,  оның  тиімділігі  дәлелденуі 

керек. 

Егіншілік  шаруашылығы  дамыған  Қазақстанның  солтҥстік  аймағының 

топырақтарының  қҧнарлылығын  сақтап,  оны  арттырудың  басты  жолдары 

мыналар: 

- егіншіліктің топырақты қорғау жҥйесін қолданып, оның басты буыны-

топырақты  жазықтілгіш  қҧралдарымен  ӛңдеп,  топырақ  бетінде  ӛсімдік 

қалдықтарын сақтау; 

-  жеңіл  гранулометриялық  қҧрамды  топырақтарда  дәнді  дақылдарды, 

парды  және  кӛпжылдық  шӛптерді  топырақ  қорғау  ауыспалы  егісінле 

жолақтап орналастыру; 

-  органикалық  тыңайтқыштарды  және  минералды  тыңайтқыштарды 

қажетті мӛлшерде енгізу; 

-  кӛпжылдық шӛп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді 

тҥрде ауыспалы егістікке қосып отыру.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет