Уильям Оккамның номинализмі. Құдай мен жердегі өтпелі әлемді бір-бірінен айырғаннан кейін, Уильям Оккам әлемде жекеліктен басқа ешнәрсе жоқ,- деген пікірге келеді. “Ақыл-оймен танылатын жанның сыртындағы ешнәрсе өзіне, я болмаса, басқаға универсалдық емес, ол адамның қай жағынан алғанда да есек емес екені сияқты². Универсалиялар (жалпы ұғымдар) заттарға қойылған аттар ғана, олар шындықтың негізі бола алмайды. Универсалияларды тудыртатын заттардың бір-біріне ұқсастығы. Мысалы, Сократ- ол нақтылы адамның аты, ал “адам² - универсалия. Олай болса Дүниенің ешқандай ең жалпы заңдылықтары, олардың баспалдақтық бір-бірімен байланыстары т.с.с.- жоқ.
Универсалиялардан тұратын білім ешқандай нақтылы нәтижеге әкелмейді, оның ешқандай жемісі жоқ. Егер біз тәжірибеде кездесетін заттардың арасындағы қайталанулықты зерттеп, оның болашақта болуы туралы болжам жасасақ - сол жеткілікті,- деген пікірді Уильям Оккам ұсынады. Ал мұндай көзқарастан белгілі бір таным принципін шығару мүмкіндігі пайда болды.