Тұрақты ток машиналары жұмысын зерттеу Жұмыстың мақсаты


Тұрақты ток генераторының жұмыс істеу принципі



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі51,12 Kb.
#81611
1   2   3
Байланысты:
Тұрақты ток машиналары жұмысын зерттеу
КМ 09 Сапатама түрлері Лекция №2, Қысқа тұйықталу шарттары
Тұрақты ток генераторының жұмыс істеу принципі
Генератор деп берілген механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін электрлік машинаны айтады.
Тұрақты ток машинасы генераторлық режимде жұмыс жасау үшін бас полюстердің қоздыру орамалары тұрақты ток көзіне қосылуы керек және якорьді механикалық энергия көзі болып табылатын қандай да бір жетектеуші қозғалтқыштың көмегімен айналдыру керек, яғни оған механикалық энергия берілуі керек.

Тұрақты ток машинасын қоздыратын магниттік ағын қоздыру орамасынан пайда болады. Бұл ораманы зәкір орамасына қатысты қосу жолына байланысты тұрақты ток машиналары тәуелсіз, параллель, тізбектей және аралас қоздырылатын машиналар болып бөлінеді (1-сурет)





1-сурет Тұрақты ток машинасының қоздыру жолдары
а) тәуелсіз б) параллель в) тізбектей г) аралас
Қарапайым генераторды тұрақты магнит өрісінде бірқалыпты айналып тұрған мыс орам ретінде қарастыруға болады. Тұрақты магнит өрісін бас полюстер тудыратынын, ал айналып тұрған орам якорь орамасының бір секциясы екендігін атап өтейік. Бұл орамның екі ұшы екі коллекторлық пластинамен жалғасқан. Бұл екі пластина өз кезегінде екі қозғалмайтын щеткамен түйіскен. Щеткалар сыртқы тізбектегі кедергісі Rж тең қабылдағышпен жалғасқан.
Якорь орамы бірқалыпты n жылдамдықпен айналған кезде оның активті жағын тұрақты магнит өрісінің күштік сызықтары қиып өтеді. Соның нәтижесінде орамның бойында электромагнит индукция заңына сәйкес е1 және е2 э.қ.к.-тері пайда болады. Олардың бағыттары оң қол ережесі бойынша анықталады. Орам сағат тілінің жүрісімен бағыттас айналған кезде солтүстік магниттік полюстың N астындағы оның активті қабырғасында бағыты бізден ары бағытталған е1 э.қ.к.-і, ал оңтүстік магниттік полюстен S жоғары орналасқан активті қабырғада бізге қарай бағытталған е э.қ.к.-і пайда болады. Бұл э.қ.к.- тер қосылады да, орамның толық э.қ.к.-ін құрайды: Е= е1+ е2. Егер сыртқы тізбек тұйықталған болса, онда төменгі щеткадан қабылдағыштың (жүктеменің) кедергісіне Rж , одан әрі жоғарғы щеткаға бағытталған ток I жүреді. Төменгі щетка генератордың оң полюстік ұштығы, ал жоғарғы щетка теріс полюстік ұштығы ретінде саналады. Орам 1800 градусқа бұрылған кезде оның активті қабырғалары бір магниттік полюс аумағынан екінші магниттік полюс аумағына ауысады да, э.қ.к.- тердің бағыттары кері бағытқа өзгереді. Осы сәтте жоғарғы коллекторлық пластинаның жоғарғы щеткамен түйісуі үзіліп, төменгі щеткамен түйіседі. Мұндай синхронды өзгерістер нәтижесінде сыртқы тізбектегі токтың бағыты өзгермейді.
Демек, ораммен бірге айналып тұрған коллекторлық пластиналар мен қозғалмайтын щеткалар орамның сыртқы тізбекпен электрлік байланысын қамтамасыз етумен қатар, токтың механикалық түзеткіші қызмет атқаратын арнаулы ауыстырып қосқыш құрылғы болып саналады.
Щеткалардағы э.қ.к.-тің және токтың бағыты өзгермейді, бірақ сыртқы тізбекте олардың мәндері айнымалы болады. Бұл орам айналған кезде оның магнит өрісіндегі орнының өзгеруіне байланысты, демек, орамның лездік жылдамдығының векторы мен магнит индукциясының арасындағы бұрыштың өзгеруінен туындайды. Қолданыстағы машиналарда ток пен э.қ.к.-тің мұндай пульсациясын (өзгеруін) орам санын көбейту арқылы және соған сәйкес коллекторлық пластиналар санын көбейту арқылы түзулетеді (тегістейді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет