Түркістан облысының физикалық-географиялық сипаттамасы Гидрографиясы



Дата27.10.2022
өлшемі2,37 Mb.
#155327
Байланысты:
Сейдінбек Нұрасыл

Түркістан облысының физикалық-географиялық сипаттамасы

Гидрографиясы


Арыс өзені
Сырдария өзені
Өзен ұзындығы – 2212 км. Жалпы ауданы – 219000 км². Өзеннің ағысы Қырғызстан елінің таулы аймақтарында қалыптасып, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан аумағы арқылы Арал теңізіне құйылады.
Арыс өзені — Түркістан облысындағы өзен, Сырдарияның оң жақ саласы. Ұзындығы — 378 км, алабының ауданы — 14900 км2.

Топырақ түрі - облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған.

Жануарлар дүниесі  қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет