Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер


Бір сөз бар ұя бұзбас-ұят-деген



бет7/16
Дата06.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#35220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Бір сөз бар ұя бұзбас-ұят-деген

Осы бір ұлағат сөзді қазіргі жастарымыз біле ме? Білсе де ұмытыла


бастағанға ұқсайды. Менімше Ұят Ақылмен құрдас, Жақсымен әрқашан
замандас болса керек. Сәби жан-жағына қарап, кісі тани бастаған күннен
ақылы тола бастайды. Сол күннен ұят! - деген сөз құлағына жетуі қажет.
Күннен күнге ненің ұят екенін сәби біле беруі керек. Сәбиді бірінші ұялту,
насыбайынды (әтпүшәңді) жап, ұят болады, деуден басталады.
Ақыл, ақыл керек, - деп үнемі айтамыз. Ал ұят, ұят! - деген сөз одан
күштірек.
* Ұят бар жерге ақыл аялдар (Б.Т.)
* Ұят бар жерде иман бар (Б.Т.)
«Ұятсызда иман жоқ» (м-м)
«Арым жанымның садағасы» (м-м)
«Өлімнен ұят күшті» (м-м)
* Өлім менікі, ұяты сенікі (Б.Т.)
* Ұяттан безбе, ұйқысыз кезбе (Б.Т.)
* Ұят ардың айнасы (Б.Т.)
* Ұяты бардан Ұлағат күт (Б.Т.)
Ұятты ойламаған жан «өзім білем», - дейтін құр көкірек болып өскенін
өзі де байқамай қалады. Ұятты азамат болу үлкен бақыт. Үлкен бақыттарға
ие болу үшін не нәрсеге болсын, кімге болсын адал еңбек сіңіру. Адал
еңбек - қызықты өмір сүрудің кепілі іспеттес. Сәулетті, қуанышты еңбек
еткен ақылды, әсем және қайратты адамдардың қоғамы болғанға жетері жоқ.
Сондықтан да Абай атамыз:
Сүйсе екен шын көңілмен кімді сүйсе,
Тұрса екен бір мінезбен жанса-күйсе... деген ғой.
Расында да ұятты болу деген абыройлы болу ғой. Абырой
мәселесі әр адамның кейпі деп білеміз. Абырой дегеніміз: күдіксіз
қасиетті, құндылықты болу шығар. Қандай да істі бастарда адам, «Алла
әмсе әбуйір берсін», - дейді ғой. Әр азаматтың абыройын Отанның
абыройы деп түйген жөн. Ал Отаншыл болу отбасынан басталады. Отбасы
біріне-бірі бағынуы, өзіңнен өзіңді іздеу, өзіңе- өзің түсіну - осының бәрі
жақсылықты жетелеп, ұятына берік болып, абыройды асқақтауға әкеледі
демекпіз. Яғни, «Жамандықты кусаң азап шегесің, жамандыққа жақсылық
қыл, жеңесің!» - деген ғой Жүсіп Баласұғын, «Құтты білікте». Жақсы және
ұят сөздері қазіргі кезеңге қажеті болып тұрған өзекті, ойлы сөздердің асы-
лы ма деймін. Адам тәрбиесі, яғни қазіргі ұрпақпен болашақтың тәрбиесі,
олардың мінезін, құлқын қалыптастыру, жанұяда, мектепте, қызметте бір
қалыпты, бір бағытта жүруі, өсуі, өркендеуі, сайып келгенде, тәрбиелі адам
- сегіз қырлы, бір сырлы болып жетілуі ауа қажеттілігіндей. Жақсы бала,
ұятты сезінетін жастарға ділгірміз. Жақсы мен ұят үшін өткен ғасыр мен
жаңа заман арасында үп-үлкен үзіліс болғандай. Бұрыннан келе жатқан
жүйеден айырылыңқырап қалғандай күйіміз бар. Жақсы мен ұятты «биз-
нес» пен «коммерция» жұтып қойған сияқты. Бұған шыдауға бола ма?! Бар
жақсылығымыздан айырылып, бүкіл ұятымыз төгілгенше қарап
отырмақпыз ба?! Сондықтан біздер - үлкендер көкейге жиған
жақсылығымызды айтайық, ал жастар - сіздер қолдан келмес
жақсылыктарды жасауға ұмытылыңыздар, сөйтіп Жақсылық пен Ұятты
Болашаққа бүлдірмей жеткізейік дегім келеді. Әрине барлық адамды
сөккенім емес, бірақ жасырары жоқ көп адамдар қолынан келіп тұрған
жақсылығын тегін жасағысы келмейді. «Өзімді жарылқап алайын», - деп
ойлайды. Ал жан-жағың толған жеткіліксіздік болса, айналаң толған
жамандық болса Жақсылықтың жетілуі оңайға түсе ме?! Осыны сезінгенде
ұятта оянары анық. Ал кейбірі үн-түнсіз, тұйық, көңілсіз, ештеңеге ынтасыз,
енжар күй кешуде. Бұл адамдар қоғамның өркендеп, Отанның гүлденуіне
зиянын келтіреді. Рас Жақсы болу үшін ортаның әсері бар дейміз. Ал
екінші жағынан ортам жаман, деп ұятсыз күй кешуге ешкімнің һұқы жоқ.
Сол ортаға әсер етіп, ұятын сезінтіп, жақсы мінез қалыптастыру үшін,
әркімнің өз мінезі жақсы болсын, ұятың болса, жақсы-жақсы қасиеттерің
болсын, сонда жақсы адам жақсы ортаны толықтырып отырмай ма?!
Жаманшылықтың бәрін мектепке, ата-анаға, ортаға, көшеге аударып тастап,
қоғамды кінәлап отыру дұрыс болмас. Сондықтан, болар бала басынан
белгілі емес пе. Әр адамға Алла бас, көз, жүрек берген соң, өзі-өзіне ие
болып, адал ойға дақ салмай толқымалы сезімді дұрыс тәрбиелеп, ойлана
жүрсе демекпіз. Әр кәмелетке толған адамды қазақ отау иесі дейді,
қазақтың бұл жасы - он үш жастан есептелінеді. Сол он үш жастан бастап
бала жоқты ізденумен, талғампаздықпен, бір нәрсені жете білгенше
тынымсыз күй кешіп, жақсыға қарап, оны танып, білуге құмарланып өскені
абзал. Біреуге өтірік, біреуге рас, 12-13 жаста адамзаттық жақсы иә жаман
қасиеттердің қалыптасар шағы, дәл осы тұста бала тал шыбықтай майысқақ,
желден қашып күнге қарап, күннен қашып көлеңкені паналайтын
толқымалы дамылсыз шағы. Осы шақтағы алған білім, жақсы тәлім, өнегелі
сөз, ұлағат ақыл, сезімдер - бәрі, бәрі мәңгі есте қалып, жүректің бір
түкпірінде, ұмытылмай, кейін пайдаланатын, қазба байлықтай тұнып жата
тұрады. Ал өмірде бұл кезде балалықтың асау бір шағы деп, 12-13-ке еш
үлкен назар сала бермейді. Бұл қателік. Бала енді адам, 15-тен аса
махаббатты әлі толық түсінбесе де, соған бой ұрып, дүниенің тәттісін,
тегінін іздей бастайды. Бірде көлеңкеден шығып, бірде қараңғы көшеге
кіреді. Күннің көзі күйдіріп, бір шындық жанын жеп қоярдай өтірікке,
алдауға бой салады. Ол ойы бір-екі рет іске асса жеңіске жеткендей болып,
өз «күшін» басым сезінеді. Міне осы тұста адамда бос уақыты аз болып,
мақсатты тапсырмалар молырақ беріліп, тәттіні тегін алу үшін еңбек, еңбек
керектігіне мойнын ұсынатындай халге келтіру қажет. Осы тұста қиналған
адам сонау жүрек түкпірінде жатқан байлығы: сезімін де, білімін де, мінезін
де, ақылын да сарқа пайдалана бастайды. Дәл осы кезде жақсыдан жаны
рахат тауып, енді тек жақсыға ғана бейім бола бастайды. Ол жақсы не
екенін бәріміз де білеміз. Сондықтан Ертеңіміз өсіп келеді. Ертеңмен бірге
адам өсіп келеді. Бізде казір жаңа қоғам ғана жасалып келе жатқан жоқ,
жаңа адам да жасалып келеді. Жаңа адам-еркін Қазақстанның адамы.
Сонымен ойымды Әбділда Тәжібаев ақынның өлеңімен аяқтайын:
Маған тұтас жарық керек, күн керек.
Маған тұтас жұлдыз толы түн керек.
Мен жартылай махаббатты да алмаймын,
Мен жарты дос шақырса да бармаймын.
Маған тұтас жүрек керек берілген,
Сұрайтыным осы ғана өмірден,
Тілейтінім осы ғана елімнен, - дейді.
№11 (24), 2003 ж. ж.
«Сырмен сымбат»



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет