Түсінік хат 4 сынып


Түсінік хат 1-3 - сыныптар



бет9/11
Дата06.02.2022
өлшемі40,27 Kb.
#79872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Түсінік хат

Түсінік хат
1-3 - сыныптар

«Ағылшын тілі» оқу пәні білім алушыда өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарының диалогі, ұлттық бірегейлік, азаматтылық, моральдық және сөйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.


Бастауыш мектептегі ағылшын тілі бағдарламасы білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді А1 деңгейінде меңгертуге бағытталған:

  • талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлітапсырмалар;

  • ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмысжасау.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты; 2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты; 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
1-3-сыныптар үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейлері Шет тілін меңгерудегі жалпыеуропалық құзіреттілік деңгейлеріне (Common European Frameworkof Reference – CEFR) сәйкес болады.

61-кесте – Ағылшын тілін меңгеру деңгейлері





Сыныптар

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі«кірерде»

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі«шығарда»

1-сынып

starter

towards А1

2-сынып

towards А1

low А1

3-сынып

Iow А1

mid А1

Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, зерттеушілер мен өнертапқыштар, мифтер ұғымдарына байланысты тақырыптарға негізделген лексиканы меңгереді.


Бастауыш мектепте ағылшын тілі дағдыларының дамуы үш тілде ортақ тақырыптарды оқу арқылы іске асады.
1-3-сынып бойынша бастауыш мектептің оқу жоспарларындағы пәнаралақ байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта көрсетілген.
1-3-сыныптарға арналған оқу жоспары бойынша сабақтарды жоспарлауға ұсынымдар:

  1. сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;

  2. білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындауда ынталандыру, білім алушыларды әртүрлі мадақтау түрлерін және қолдау тәсілдерін пайдалану арқылы қолайлы орта құру;

  3. бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;

  4. бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзіреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі оқушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болыптабылады;

  5. білім алушыларға сабақта таныс сөздерді, фразаларды және нұсқауларды ағылшын тілінде жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың үй тапсырмаларын орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндікбереді;

  6. өз сөзін модельдеу, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуы және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анықайту;

  7. мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды белсенді пайдалану (суреттер, ойыншықтар, постерлер), себебі олар білім алушылардың назарын жаңа сөздерді үйрену процесінде тиімді шоғырландырады;

  8. білім алушылардың қызығушылығын арттыру және жұмыс нәтижелерін көрсету, өтілген материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орынға («сөйлейтін қабырға», көрме және т.б.) білім алушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру.

9) іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпараттық жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;

  1. әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және өткен тақырыптар бойынша флэш карталар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдана отырып, қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.

Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет