Түтікті сүйектер дегеніміз бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, кәрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері



Дата20.05.2023
өлшемі18,36 Kb.
#177307
Байланысты:
Түтікті сүйектер эссе
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э

Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, кәрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігіне толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.
Түтікті сүйектер шығыңқы цилиндр тәрізді бөлігі диафиз (diaphysis) деп аталады. Ол тығыз заттан тұрады. Диафиздің ішінде сүйек қуысы (cavitas medularis)орналасқан. Түтікті сүйектің диафизінің жиегінде эпифиз (epiphysis) ол кеуекті зат қызыл жілік майымен толтырылған. Эпифиз бен диафиздің арасында метафиз (metaphysis) орналасады. Түтікті сүйектер көбінесе тоқпан жілік, білек, ортан жілік, сирақ, алақан саусақтарының бунақтары мен табан бақайларын құрайды.
Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас,кішкене бас» болып бөлінеді. Ол сіңір мен бұлшық арқылы бір-бірімен тығыз байланысты.Олар үйкеліс болдырмау үшін арнайы гиалинди шеміршекпен қапталған.Оның сыртынан арнай сүйек қабымен қапталған.Сүйек қабының жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі.Сүйек үсті қабығында екі қабат ажыратылады:сыртқы (талшықты) және ішкі (жасушалық).Сыртқы қабат негізінен талшықты дәнекер тінінен құралған.Ішкі қабатта көптеген жасушалар орналасқан:камбиальдық жасушалар,преостеобласттар және саралануы әртүрлі деңгейдегі остеобласттар.Пішіні ұршықша тәрізді камбиалдық жасушалардың аздаған цитоплазмасы және орташа дамыған синтеттикалық аппараты бар.Преостеобласттар белсенді түрде бөліне алатын,пішіні сопақша болып келген,гликозаминогликандарды өндіруге қабілетті жасушалар.Остеобласттар жақсы дамыған нәруыз (коллаген) өндіруші аппаратының болуымен сипатталады.Сүйек үсті қабығы арқылы сүйекті қоректендіретін тамырлар мен жүйкелер өтеді.
Сүйек үсті қабығы сүйекті қоршап жатқан тіндермен байланыстырады және оның қоректенуіне,дамуына,өсуіне және қалпына келуіне қатысады.

Түтікті сүйек тінінің өсу процесі едәуір ұзақ жүретін үдеріс.Ол адамда эмбрионалдық даму сатыларында басталып,орташа есеппен 20 жас шамасында аяқталады.Бүкіл өсу кезеңінде сүйектін ұзындығының да,жалпақтығының да өсуі жүреді.Түтікті сүйектің ұзына бойына өсуі,бір-біріне қарама-қарсы гистогенетикалық үдерістің көрініс табатын жері болып табылатын,шеміршектен тұратын мэтаэпифизарлық өсу табақшасынынң болуымен қамтамасыз етіледі.


Біреуі эпифизаралық табақшаны күйретілуі болса,екіншісі-оған қарсы үдеріс -шеміршек тінінің жасушаларының жаңалануының арқасында жүретін,шеміршек тінінің тоқтаусыз толықтырылуы.Бірақ,уақыт өткен сайын,жасушалардың жойылу үдерісі оның жаңадан түзілу үдерісінен басым бола бастайды да,соның салдарынан шеміршек табақшасы жұқарып,кейін жойылады.Сүйектің ұзындығының өсуі тоқтайды.
Метаэпифизарлық табақшада шекаралық аймақты,бағаналық жасушалардың және көпіршікті жасушалардың аймақтарын ажыратады.Эпифизге жақынорналасқан шекаралық аймақ дөңгелекше және сопақша жасушалардан және жекелеген біртекті топтардан құралып,шеміршек табақшасының эпифиздің сүйегімен байланысын іске асырады.Сүйек пен шеміршектің арасындағы қуыстарда қан капиллярлары орналасады,олар шеміршек табақшасының терең аймақтарының жасушаларын қоректік затпен жабдықтайды.Бағаналы жасушалар аймағы қарқынды бөлініп,бағаналар құрап,сүйектің бойлай бағытталған осьіне сәйкес жатқан және сүйектің өсуін,ұзындығын қамтамасыз ететін жасушалардан тұрады.Бағаналардың проксималды шеттері дамып келе жатқан,дифференциаланушы шеміршек жасушаларынан түзелген.Оларда гликогеннің және сілтілі фосфатазаның мөлшері мол болады.Бұл екі аймақтың екеуі дегормондардың және тағы басқадай сүйектену мен сүйектің өсуіне әсер ететін факторлардың ықпалы жағдайында жоғары реактивтілік танытады.Көпіршікті жасушалар аймағында хондроциттердің гидротациясы және бұзылуы,сәл кешіректе,эндохондралды сүйектенуге жалғасады.Бұл аймақтың дисталды бөлігі диафизбен шектеседі,одан аймаққа қан қылтамырлары және остеогенді жасушалар келеді.Бойлай бағытталған эндохондралды сүйек бағандары шын мәнінде сүйек түтікшелері болып табылады,олардың орнына остеондар пайда болады.
Ақырында диафиз және эпифизде орналасқан сүйектену орталықтары бірігіп кетеді де,сүйектің ұзындығының өсуі аяқталады.
Түтікті сүйектің жалпақтығының немесе енінің өсуі периост есебінен жүреді.Периост жағынан табақшалы сүйек тінінің шеңберленген қабаттары өте ерте басталады.Бұл аппозициялвқ өсу сүйектің пішінделуі аяқталғанша жалғасады.Нәресте туысымен остеондардың саны аса көп емес,бірақ 25жасқа дейін қол мен аяқтың ұзын сүйектерінде олардың саны айтарлықтай көбейеді.Адамның жасы ұлғайған сайын дәнекер тіндердің құрылысында,мөлшерінде және химиялық құрамында өзгерістер жүреді.Атап айтатын болсақ,адамның жасы ұлғайған сайын дәнекер тіннен құралған құрылымдардың жалпы салмағымен қоса сүйек қаңқасының өсуіде арта түседі.Дәнекер тіннен құралған құрылымдардың көбінде коллагеннің түрлерінің,гликозамингликандардың арақатынасы біршама өзгереді.Яғни оларда сульфаттанған қоспалардың үлесі жоғарылайды

Енді түтікті сүйектедің қалпына келуіне келетін болсақ,түтікті сүйек тіндерінің қалпына келуі баяу,ол сүйек үсті қабығының остеогенді жасушаларының,эндосттың және остеонның каналындағы остеогенді жасушалардың есебінен жүреді.Жарақаттанудан кейінгі сүйек тінінің қалпына келуі сынған сүйектердің ұштары бір-бірінен салыстырмалы жылжымауы кезінде тезірек өтеді.Остеогенез үдерісінің алдынан дәнекер тіннен құралған сүйелдің қалыптасуы өтеді,оның тереңіндешеміршек аралшықтарының пайда болуы мүмкін.Бұл жағдайда оссификация екінші реттік (тура емес) остеогенез жолымен жүреді.Тіндердің оңтайлы оксигенациясы,сынған сүйектердің дұрыс репозициясы және бекітілуі жағдайында,сүйектің қалпына келуі сүйелдің түзелуінсіз өтеді.Бірақ, остеобласттар сүйекті құрастыра бастағанға дейін,остеокласттар қайта жанастырылған сүйек сынықтарының арасында кішкентай ғана қуысты пішіндейді.Қалпына келу кезеңінің барлық мерзімінде бірте-бірте сүйекті созу арқылы ұзындығын өсіру үшін травмотолгтардың қолданатын аппараттары осы биологиялық заңдылыққа негізделген.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

KazMedic.org сайты - https://kazmedic.org/


https://e-library.namdu.uz/50%20%D0%A2%D0%B8%D0%B1%D0%B1%D0%B8%D0%B9%20%D1%84%D0%B0%D0%BD%D0%BB%D0%B0%D1%80/%D0%93%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F,%20%D1%8D%D0%BC%D0%B1%D1%80%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F,%20%D1%86%D0%B8%D1%82%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F,%20%D0%90%D1%84%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%8C%D0%B5%D0%B2,%202014.pdf

http://nsmu.ru/lib/readers/gistologiya-embriologiya-tsitologiya.php


https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA




https://stud.kz/referat/show/75527

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет