Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті дағдыларын зерттеу



бет9/13
Дата22.06.2020
өлшемі206 Kb.
#74242
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
2 ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
этика, Әділбай Назерке ТФ-259 СӨЖ, Дәріс-3-1 (1)
Өтпелі кезең

Өтпелі кезеңнің мазмұны ішкі сөздік бағдарламаны жүзеге асыруға және дұрыс құрудан тұрады. Бұл кезеңде сұрақ-жауаптық сөйлеуі қалыптасады.

Бұл кезеңде белгілі бір жағдайда балалар өз бетінше сөйлеуді қолданады: сұраққа жауап береді, сұрақ қояды. Тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балалар әлі үйренбеген. Сөйлеудің күрделі түрдерінде (мазмұнын айту) логопед оларға ойын білдірудің ішкі бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі.

ІІІ кезеңнің негізгі міндеті балалардың өздеріне таныс жағдайды тануы және тілдік қатынастырдың адекватты түрін таңдауы болып табылады. Сабақтың тақырыбын жариялап болған соң логопед сұрақтардың көмегімен жағдайдың құрылымын нақтылайды:


  1. сөздік емес мақсат (Алаңда сендерге таныс емес балалар ойнап жүр. Сендер не істейсіңдер?);

  1. коммуникативті міндет (сендерді ойынға қатыстыру үшін сендер не істедіңдер?);

  1. сөздік бағдарлама ( сендер ойынға қатыстыруды қалай өтініп сұрайсыңдар?);

Сосын логопед балаларға өздеріне таныс жағдайды ойнауды ұсынады.

І кезеңде болған жағдайлар ІІІ кезеңде 2 реттен қайталанылады. Алдымен баланың жағдайды тануын, коммуникативті тапсырманы қалай орындайтынын, ішкі сөздік бағдарламалық қажетті нұсқасын өз бетінше таңдай алуын анықтау үшін оның құрылымын өзгертпейді. Бағдарламаны жүзеге асыру сұраққа жауап беру түрінде болады, бұл сөйлеудің осы кезеңіне-сұрақ-жауапқа сәйкес келеді. Тұтығушының қалауы бойынша өз бетінше сөйлеудің басқа түрлерін де қолдануға мүмкіндік береді: сәлемдесу, өзіне қарату, әңгімелеу;

Жағдайды қайталау кезінде оның құрылымына қатынастық табиғи түріне ұқсас болып келетін өзгерістер енгізіледі. Бұл балалар жағдайдың компоненттерінің өзгеруі кезінде соған бейімделіп үйренуі үшін қажет. Таныс жағдайда өтетін сабақтарға таным емес коммуниканттар шақырылады – тұтықпайтн ересек адамдар және құрдастары. Ересек адамның ролін (ананыіһң. Мұғалімнің, сатушының, қонақтың) енді логопед емес, басқа да адам орындайды, мысалы басқа топ тәрбиешісі, әдіскер, тәрбиешінің көмекшісі. Логопедтің жұмысы мектепке дейінгі тұтығатын баланы тілдік бағдарламаны дұрыс құруға және сөздік амалдарды таңдауға бағыт көрсету: «Қонаққа суреттерді көруді ұсын», «Аанңнаң сұрашы бұл ойынды ойнауға бола ма?», «Мүмкін мынадан жақсы машина бар шығар сатушыдан бер деп сұрашы».

Тұтығатындардың сөйлеу тәрбиесін бағалауды тек логопед қана жасай алады. Қарым-қатынас кезіндегі белсенділік пен батылдық, қасындағы әңгімелесушіге деген жағымды қатынас мадақталады. Ішкі сөйлеу бағдарламасын жасау нұсқалары талданып, сол жағдайға сәйкес нұсқа таңдалады.

Бұл кезеңнің ойындық жағдайлардың құрылымы келесі ойындарда көрсетілген: «Саяхат », «Туылған күн».

ІV қорытынды кезеңде мектепке дейнгі балалармен сөздік және сөздік емес тәртіпті дұрыс бекіту жұмысы жүргізіледі. Бұл кезеңнің негізгі міндеті-балалардың әр алуан жағдайларда іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде сөйлеудің әр алуан түрлерін меңгеруі.

Бұл кезеңде ойындағысын айтып сөйлеу қолданады. Логопедиялық сабақтар табиғи жағдайда өтеді-көшеде, басқа топта, мектепте,ойын алаңында, дүкенде және т.б.

Сабақ логопедиялық бөлмеде басталады. Логопед балаға қайда баратындарын хабарлайды. Сөдік емес әрекеттердің мақсаты, коммуникативті міндет, сөздік бағдарламаның құрылуы мен оның болуы мүмкін нұсқалары анықталды. Мысалы, логопед хабарлайды: «Бүгін біз сабаққа серуендеуге барамыз.саябақта ойын алаңында сендер сияқты балалар ойнайтынын мен білемін. Егер сендер солармен ойнағыларың келсе не істейсіңдер? Балалармен қалай танысуға болады? Балаларды өз достарымен қалай таныстырған дұрыс? Егер олар ойнап жатқан ойынды білмесеңдер не істейсіңдер? өз ойындағы ойынды қалай ұсынған жөн?»

Осыдан соң педагог балалармен серуенге шығады. Логопедтің мектепке дейінгі балалардың еркін тілдесулері кезіндегі әрекеті мынадай: тұтығатындардың сөйлеуге деген ынтасын құптау, сөздік бағдарламаны құрғанда немесе жағдайдың құрылымының бірден өзгеруі кезінде көмек көрсету; сөйлеу бағдарламасын дұрыс жүзеге асыруда қиналған кезде көмектесу. Ол үшін сұрақ қою, тілдесу үлгісін көрсету, бірге қайталау сияқты амалдар қолданылады.

Қорытынды жасау логопедиялық кабинетте болады. Педагог балаларға осы жағдайдағы өздерінің сөздік және сөздік емес тәртібін талдауды, өз құрдастарының әрекетін талдауды ұсынады, балаларды белсенділігі, өз беттіліктері мен мейірімділіктері үшін мадақтайды.

Тұтығатын 6 жастағы балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтың қысқаша конспекті қосымша Д ұсынылған.

Бұл кезеңде логопед ата-аналармен балалардың үйде және үйден тыс жерде қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін ұйымдастыру бойынша жеке кеңестер өткізеді.

Тәрбиеші тұтығатын мектепке дейінгі балалардың топта әр түрлі әрекет бойынша қарым-қатынасқа түсуін қадағалайды. Ол сабақты тұтығушылар өздеріне өздері көмек көрсете алатындай етіп ұйымдастырады: әңгіме жоспарын құру, кішкентайларға тапсырманы қалай орындайтынын түсіндіру, ермексазды илеу кезінде, сурет салуда, құрастыруда өздерінің көмектерін ұсыну және т.б. логопед пен тәрбиеші мектепке дейінгі жастағы балаларға басқа топтың логопедіне, тәрбиешісіне музыкалық жетекшісіне, құрдастырына қатысты тапсырмалар береді.



Түтықпа балаларды түзету, оқыгу, тәрбиелеу жүйесі төмендегідей дидактикалық қағвдаларға негіздеіп жүргізіледі: жекелеу, бірлестіктік, жүйелілік, бірізділік, саналы белсенділік, көрнекілік, беріктік т.б.

Логопедиялық сабақтар курсы бінеше кезеңдерге бөлінеді (дайындық, жаттығу, қорытындылау). Әр кезеңнің өз мақсаты болады және олар бірнеше бөліктерден түрады (мысалы, үндемеу кезеңі, бірге сөйлеу, қайталап сөйлеу т.б.).

Дайындық кезеңнің мақсаты күн тәртібін сақтау, баланы сабаққа дайындау, дүрыс сөйлеу үлгісін көрсету. Жаттықтыру кезеңінің мақсатына баланың барлық қиын сөйлеу түрлерін, әр түрлі сөйлеу жағдайларын меңгеру жатады.



Қорытындылау кезеңінің мақсаты баланың дүрыс сөйлеуі мен тәртібінің дағдыларын әр түрлі жағдайда және әр түрлі сөйлеу іс әрекетінде машықтандыру. Әр сабақта оның қүрылымындағы бөліктерінің кезектілігі сақталады: дайындық, негізгі, қорытындылау.

Дайындық бөлігінде балаларды сабаққа үйымдастыру, психологиялық сипатта өңгіме өткізу, сөйлеу жаттығулары, өткен сабақтардағы сөйлеу материалдарын қайталау және бекіту, алдағы жүмысқа дайындау көзделген.

Негізгі бөлікте жаңа сөйлеу жаттығулары немесе жаңа жағдайда өткізіледі.

Қорытындылау бөлігінде логопед жаңа тақырыпты бекітеді, балалардың істеген жүмысын қорытындылайды, олардың жетістіктеріне көңіл аударады, логопедиялық сабақтан тыс уақытта орындайтын тапсырмаларды және арнайы кеңестерді береді.

Логопед логопедиялық сабақтардың мақсатын тек сөйлеу ақаулығын түзетумен қатар, түтықпаға байланысты түлғаның өзгерістерін, тәртібін өзінің кемшілігін, көзқарасын тәрбиелеу деп түсіну керек. Баланың езінің тәртібі мен сөйлеу кемшіліктерін және түтықпаны түзету тәсілдерін меңгеруі, оның түзету логопедиялық процесіне белсенді табысты қатысуына мүмкіндік береді. Түтықпа балалармен жүмыс барысында әр түрлі дәстүрлі және арнайы оқу қүралдары қолданылады. Оларға оқу процесінде көптеген қолданып жүрген оқулықтыр, оқу қүралдары, ойындар, диафильмдер, видео материалдар жатады.

Арнайы техникалық қүралдарға жататындар: Дераксне корректофоны, эхо аппараты, дыбысты күшейтетін аппарат, магнитафон т.б компьютерлік бағдарламалар.

Дераксне аппараты дыбысты басып, естуге жол бермеуге негізделген. Қүлаққа резеңке түтікше қойып, әр түрлі күшпен шу беріледі де, баланың өз сөзін естіртпейді. Өз ақаулығына көңіл бөлетін балалар үшін естудің бақылауын алып тастағанда сөйлеу жаттығу ларын орындау жеңілдейді. Біртіндеп корректофонсыз сөйлеуге үйренеді.



Б. Адамчик қүрастырған эхо аппараты екі магнитафоннан түрады. Жазылған дыбыс, бірнеше секундтан кейін жаңғырып естіледі.

Дүрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға магнитафондық сабақтардың маңызы зор. Бүл сабақтардың мақсаты баланың зейін сөйлеу жылдамдығына, мәнерлігіне, ырғақтылығына, сөйлемді дүрыс қүрастыруға аудару болып саналады. Магнитофондық сабақтарды жүргізудің әр түрлі варианттары қолданылады. Мысалы көркем сөз шеберлерін еліктеу, қайталау, салыстырмалы сабақтар т.б.

Қазіргі кезеңде «көрінетін сөйлеу» әсерін тудыратын әр түрлі компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылуда. Сөйлеу кезін-дегі тыныс алуды үзарту, сөйлеудің интонациялық саздылық жағын және оның кідіріс процестерін қалыпқа келтіріп, түзету мақсатында көрінетін сөйлеу бағдарламасының бірнеше модульдері қолданады. Мысалы,

  1. «¥зақ демалу модулімен жүмыс». Мақсаты тыныс алудың
    үзақтылығы мен күшін ерікті реттеу дағдысын қалыптастыру.
    Бірнеше ойын жүйесін қолдану арқылы бала жүтқан ауаны үнемді
    бөліп пайдалану. Тапсырманы көзбен көріп бақылауы, жаңа дағдының қалыптасуына көп көмегін тигізеді.

  1. «Дауыстың жоғарылығын өзгерту» модулінің мақсаты дауысын ерікті, жоғарылату, бәсеңдету.

  1. «Интонация» модулімен жүмыстың мақсаты дүрыс интона-
    цияны қалыптастыру.

  2. «Дауыстың қаттылығы мен жоғарылығы» модулімен жүмыстың мақсаты сөйлеудің кідірісін, жылдамдығын, бірге айтылуын
    түзету.

Бүл модульді пайдалану түтығушыны компьютер экранында графикалық жазумен берілгенін өз сөзін қадағалау және өзінің айтқанын логопедтің үлгісімен салыстыруға мүмкіндік береді.

«Көрінетін сөйлеу» компьютерлік бағдарламаны қолдану барысында түтығушының сөйлеуі туралы нақты деректер алуға болады.

Түтықпаны түзетудің кешенді әдістемелеріне логопедиялық сылау жатады. Сылау кезінде тері мен бүлшық еттердің рецеп торлары тітіркенеді, клетканың қан айналысын, зат алмасу процеістерін жақсартады. Бұлшықеттердің тонусын жоғарылатуға, төмси детуге бағытталған сылақтың әр түрлі тәсілдері қолданылады Жалпы, сылақ сөйлеу процесінде негізгі роль атқаратын жүйіи және бүлшықеттер жүйесін, бүкіл организмге жағымды ықпал етеді. Сылауды арнайы дайындықтан өткен, логопедиялық сылау тәсілдерін меңгерген логопед немесе дефектолог жасайды. Кей жағдайда, логопедтің нүсқауымен, қадағалауымен ата-аналарға да жасауға болады.

Осылайша түзету жұмысының соңғы кезеңінде балалардың әр алуан жағдайда қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті өзіндік қызметті жаттығуы жүзеге асады.біздің тәжірибе жұмысының соңғы кезеңінде мектепке дейінгі жастағы балалар қарым-қатынастық сөйеу әрекетін сенімді қолданып, аз таныс жағдайларда бейімделулері оңай бола бастады: өз беттерінше сұрақ қойды, ойын ережесі туралы айтып береді, ойыншықтардың құрылымын айтып, олардың ролдерін бөліп береді және т.б. Бұл біз жүргізген жұмыстың нәтижелігін дәлелдейді. Тәжірибеге қатысқан барлық балаларда жағымды динамика байқалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет