Туберкулез ауруы жайлы


Туберкулезден қалай сақтануға болады?



бет5/8
Дата29.01.2022
өлшемі24,12 Kb.
#115610
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жоспары
оооз, қысқа мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, Силабус Test, Есеп ТЖБ, 27.04.20, 27.04.20, 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), тест, шт практикум, шт практикум, тест, Документ (5), №1 тапсырма
Туберкулезден қалай сақтануға болады?

А) адам ағзасының қорғаныс жүйесін күшейту үшін туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын егу, бұл вакцина тек қана дәрігердің шешімімен егіледі. БЦЖ вакцинасын бірінші рет перзентханада, кейін бала бірінші сыныпқа (6-7 жас) және бала бесінші сыныпқа (11-12жас) барғанда БЦЖ егіледі.

Б) салауаты өмір салтын ұстану

В) тазалық сақтау

Г) дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттен бас тарту керек

 Д) дене шынықтыру, жаттығулар жасау

Туберкулез микробы сыртқы ауа әсеріне айрықша төзімді. Қараңғы, күн түспейтін, ау¬асы сирек тазартылатын бөлмелерде микроб аурудың қақырығында 5-6 айға дейін, ауру ластанған киімдерде, жиhазда, кітаптарда 3-4 айға дейін өзінің өмір сүруін сақтай алады. Зертханалық талдауларда көрсетілгендей ту-беркулез микробы ылғалды топырақта, көше шаңында, әсіресе жай ағатын арық суларынан 4-12 айға дейін кездеседі екен. Өкпе құртын басты таратушы ол - науқас адам. Бұлардың ішіндегі өте қауіптісі туберкулездың ашық түрімен, яғни сыртқа ортаға өз микробын шығаратын сырқаттар. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын, еш ем қабылдамай жүрген науқас жылына ша¬мамен 10-15 адамға туберкулез жұқтырады екен. Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, оқығанда, түшкіргенде бактерия шығару арқылы ауаға тарайды. Осылайша қатерлі дерт өз уысына иммунитеті төмен адамадар¬ды түсіре береді.Сонымен қатар салау¬атты өмір салтын тұтынбайтын, ішімдікке, есірткіге құмар адамдар бұл дертке оп- оңай шалдығады.

Туберкулез ауруының өзіне тән алғашқы белгілерінің бірі – дене қызуының көтерілуі. Ауру басталғанда дене қызуы 38 – 39-ға дейін немесе одан да жоғары көтеріледі. Көбінесе дене қызуы кешкі уақытта көтеріледі, ал дене қызуының таңертен көтерілуі сирек кезігеді. Дене қызуымен қатар туберкулезбен ауырғанда тершеңдік пайда болады. Әрі тез шаршағыш болып, әлсіздік басымдана түседі. Салмағы да тез түсіп, асқа деген тәбет нашарлайды. Сырқаттың ең қауіпті белгісі – қан құсу. Бұл сырқаттың өте ауыр екендігін көрсетеді жене қақырықпен қан кеткенде сырқат көп мөлшерде микроб шығарады . Туберкулезге шалдыққан адам бәрі бітті деп өмірден үмітін үзбегені жөн. Ерте басталған антибактериялық дәрілермен кешенді ем жүргізудің нәтижесінде өкпе құртымен ауырған 100 науқастың 80-ін толық жазуға мүмкіндік бар.Туберкулездің алғашқы белгілерін байқаған сәтте науқас дәрігер кеңесіне жүгініп, айтылған емді қабылдаса, бұл дерттен арылуға болады. Науқас құнарлы азықпен тамақтанып, таза ауада жиі болып, дене шынықтыру жаттығуларын үнемі жасауы керек. Ішкен астың құрамында мал өнімдерінің ақуыздары барынша мол болып, жеміс шырындарын және көкөністерді көбірек пайдалану өте қажет. Қазақтың ұлттық сусыны қымыздың да бұл кезде септігі мол. Бүгінде медицина күн сайын қарқынды дамып жатқан кезеңде туберкулездің асқынып, дерттің өршуіне, адамдардың өз денсаулығына салғырт қарауы басты се¬беп болуда. Күйбең тіршіліктің жетегінде жылына бір рет флюрографиялық тексеру¬ден өтіп, өз денсаулығымызды қадағалауды ұмыт қалдырып жататынымыз рас.Ал, біз күнделікті өмірде туберкулез тудыратын ми¬кробтармен бетпе бет кездесіп жүреміз.

Қатерлі науқасқа шалдыққан жандар, ұяттың жетегінде, немесе дәрігерге қаралуды күнде ертеңге салып, уақыт өткізіп алады. Осының салдарынан жұртшылық арасында бақытсыздық жайттарға душар болып, ажал құштырған сәттер көптеп орын алуда . Енде¬ше, әр адамның денсаулығы, өмірінің ұзақтығы өз қолында! Денсаулығымызға абай болайық!

Сынып сағатының тақырыбы: «Туберкулезден қалай қорғануға болады»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет