Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?



Дата05.12.2022
өлшемі24,5 Kb.
#161213
Байланысты:
Туған жер-диктант мәтіні қазақ мектептері үшін
0-дік бақылау отчет Физика, docx1545893899, СРС 5, Obshchaya-fizika, Поурочный план по Истории Казахстана на тему Законы Тауке хана «Жеты жаргы», великие бии .

Туған жер
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатылған, ұзатылғанына талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?
Туған жердің артығын жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін?
Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, қағаз кемірген, күйіп-пісіп көбелек боп, еңбегінің жемісін көрсем-ау деп телмірген тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін?
Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймеген өз жерін? Сүймесе сүймес – зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз.Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әжесінің бауырында еркелеп өскен, үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді. Туған жер еске түскенде, іші-бауыры елжіреп, өртенгедей күйеді. Еліне кетуге ұшарға қанаты болмайды.
Қартқожамен бірге біз де асығамыз. Аялдағымыз келмейді. Елін сүйген оқушылар, жүріңдер туған жерге жетейік! Қартқожаның алдынан шығайық!
(Ж.Аймауытов, 176 сөз )

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет