Туғызады. Қазіргі экономика бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі



бет1/3
Дата11.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#79130
  1   2   3
Байланысты:
Нуржанова
Мақала байқауы Кенже 2016

туғызады. Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет. Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлері пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, қосалқы бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі. Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді. Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды. Негізгі қорлар өндіріс саласында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқыны мен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет. Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, несиелерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет.

Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты. Бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын камтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн.

Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін негізгі корларды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігін жоғарлату және Қазақстан экономикасы үшін негізгі қорларды баскару тетіктерін зерттеу обьектісіне айналдыру қажет. Өндірісте зерттеу тақырыбы ретінде осы обьектіні алуымыз да сондықтан. Осы мәселелер дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін суреттейді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорынның өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін кешенді түрде талдау және оларды қаржыландырудың тиімділігін арттыру бойынша тәжірбиелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

- өндірістік ресурстардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, «негізігі қорлар» түсінігінің тұжырымын нақтылау;

- кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуін және олардың пайдалану деңгейін анықтау;

- өндірістік ресурстарды пайдалану барысында олардың өзгеруі себебін анықтау;

- өнім өндірісі көлеміне өндірістік ресурстарды пайдалану әсерін анықтау;

- кәсіпорынның өндірістік қуаты мен жабдықтардың пайдалану деңгейін анықтау;

- негізгі қорларды қаржыландыру көзі ретінде лизингтік төлемдерді есептеу әдістері;

- негізгі қорларды қаржыландырудың тиімділігін бағалау.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Дипломдық жұмысты жазу барысында экономикалық және қаржылық талдау саласындағы отандық және шет елдік ғалымдардың: М.С.Ержанов, С.Б.Баймуханов, Қ.К.Кеуілімжаев, В.Л.Назарова, К.Ш. Дюсембаев, Л.В.Донцова, В.К.Савицкая оқу құралдары және кәсіпорынның соңғы үш жылдық қаржылық есептілігі және т.б. құжаттар қолданылды.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындардың салалық ерекшеліктеріне қарай өндірістік ресурстарды қалыптастыру, талдау жүргізу және әдістемелік негізін жетілдіру болып табылады. Осы аталған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында мынадай міндеттер қойылады:

- кәсіпорында өндірістік ресурстарды талдауды дұрыс жүргізуді жетілдіру;

- атқарылған жұмыстар мен өндірілген өнімнің өзіндік құнына өндірістік ресурстарды дер кезінде қосу;

- өндірістік ресурстарды талдау;

- барлық өндірістік шығындарында өндірістік ресурстардың үлесін анықтап, өзгерісіне қорытынды жазу.

Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде «Пана-1» жауакершілігі шектеулі серіктестігі алынды. «Пана-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (осыдан әрі “серіктестік”) өз қызметін 22.04.1998 ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, басқа да нормативтік – құқықтық актілері және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырады және шағын кәсіпкерлік нысаны болып табылады. Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс шығару болып табылады. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін атқарады:



  • су шаруашлыққа арналған құрылыс және жөндеу;

  • көлік жолдарының құрылысы және жөндеу;

  • жылу энергетикалық шаруашылық объектілердің құрылысы және жөндеу;

  • сыртқы және ішкі инженерлік телекоммуникациялық құрылыс және жөндеу;

  • электр жүйелерінің құрылысы және жөндеу;

  • жобалық-сметалық құжаттарды зерттеу;

  • мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларының құрылысы және жөндеу;

  • маркетингтік және брокерлік қызмет;

  • сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;

  • Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлері.

Зерттеу тақырыбы. Өндірістік ресурстарды талдау жүргізу мен үйымдастыру барысында отандық ғалымдардың теориялық және әдістемелік тәсңілдері кеңінен пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Өндірістік ресурстарды талдау жүргізу мен үйымдастыру болып табылады.

Зерттеудің теориялық, әдістемелік және ақпараттық негізі ретінде отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми еңбектері мен монографиялық жұмыстары, заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттары, «Кұмкөл технологиялық транспорт басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық есеп мәліметтері пайдаланылды. Зерттеу жүргізу барысында салыстыру, топтастыру, талдау және нақты материалдарды жинақтап қорыту сияқты ғылыми зерттеу әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмысты орындауда кәсіпорын мәліметтерін статистикалық сараптамалар жасай отырып, көрсеткіштердің өзгерісіне факторлық талдау, абсолютті салыстыру әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




    1. Негізгі қорлар түсінігі және топтастырылуы

Негізігі қорлар деп - өндірісте ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай түрін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Қоғамның жинақталған материалдық игілігінің жиынтығы ретінде өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды белігін құрайды. Өндірістік қор өндірістің міндетті элементтері болып табылатындықтан және өндірістік процестің қалыпты өтуін камтамасыз ететіндіктен, өнім өндіру мен еңбек өнімділігінің өсу қарқыны көпшілігінде олардың пайдалану деңгейіне байланысты.

Негізгі қорлар әлеуметтік - экономикалық мәні өндіріс құрал жабдығына меншік жағдайында ғана еңбек құралдары қор түрінде экономикалық формаға ие болады. Өндіріс кұрал жабдығына жеке меншік жағдайында еңбек құралдарының негізгі капитал түрінде экономикалық формаға ие болатыны мәлім. Сондықтан негізгі қор еңбек қорларының экономикалык формасының жай ғана нақты көрінісі, қоғамдық еңбек прцесінің жай ғана элементі ретінде емес, адамдардың экономикалык және өндірістік катынастарының заттық бейнеленуі ретінде каралады.

Негізгі қорлардың экономикалық мәні функциялык ұғым емес, өндірістің кез-келғен прцестерімен және халык шаруашылығының салаларымен байланысты ұғым [1, 107].

Барлық негізгі қорлар өздерінің өндіріске қатысуына қарай екі топка бөлінеді: өндірістік негізгі қорлар және ондірістік емес негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп аталады. Олар ондіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер т. б.

Өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар өндірістік емес негізгі қорлар деп аталады. Оларға: тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулык сактау, білім беру және мәдениет саласында пайдаланылатын негізгі корлар жатады.

Өндірістік процеске катысу дәрежесі бойынша:

1. Активті болігі - тікелей өнім өндіру процесіне катысушы құралдар

2. Пассивті бөлігі - өндірістік процесстің өтуіне жағдай жасайды (үйлер мен ғимараттар т.б.).

Негізгі құралдар - ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен кұрылымын аныктау үшін негізгі корлардың классификациясын жасау керек.

Негізгі қорлардың классификациясы:

1. Үйлер;

2. Ғимараттар;

3. Берілгіш (жіберу) құралдары;

4. Машиналар мен құралдар;

5. Тасымалдау құралдары;

6. Құрал саймандар мен жабдықтар;

7. Тағы басқа құрал жабдықтар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

Жер - ұйым меншік құқығымен сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерді меншіктену құқығы жер учаскелеріне құқық актісімен расталуы керек. Жерді меншіктену құқығы актісі берілғен әр жер учаскесі мүліктік обьекті болады;

Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған құрылыс обьектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір кызметтерді орныдау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әр жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

Берілгіш (жіберу) құралдары - электр, жылу немесе механикалык энергияның өткізу кондырғылары. Электр желілері бойынша. Мысалы, электр станциясы бөлу кондырғыларының желісі немесе генератор шлемдерінен бөлу қондырғыларына дейін кабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объект бола алады;

Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар мен жабдыктар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және кондырғылар мен лабороториялық жабдыктар; есептеу техникасы; басқадай машиналар мен жабдықтар; әр машина, егер ол баска мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімдевіш құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, корғауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объект болып саналады [2, 109].

Негізгі корлардың бұл тобы бес топтан тұрады:

- күш беретін машиналар мем жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін, генератор - машиналар; түрлі энергияны механикалык энергияға, яғни козғалъс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары;

- жұмыс машиналары мен жабықтар - еңбек өнімдерін жасау зроцесінде механикалык, жылулык және химиялык әсер етуге арналган машиналар, аппараттар және құрал - жабдык;

- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялык жабдыктар - өлшеуге өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптарды қондырғылар, сондай - ак лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратура;

- есептеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялык жабдыктар - өлшеуге өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен

қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратура;



- есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналган машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары);
Кесте 1


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет