«Туризм және тілдер» факультеті



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі21,56 Kb.
#124705
1   2
Байланысты:
ОБӨЖ 3
бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр, бөж 7 тәр
Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады:

  • жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту;


  • инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау;


  • инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру.




Ғылыми және оқу-әдістемелік қолдау:

қосудың вариативті үлгілерін әзірлеу және эксперименттік түрде ендіру;


инклюзивті білім беруде инновациялық үлгілерді, оқыту әдістері , мен технологияларды қолдану,халықаралық озық тәжірибені зерделеу және қолдану;
  • білім беру жүйесінде инклюзивтік процестердің тиімділік критерилерін әзірлеу;


  • оқушылар білімін бағалаудың икемді (бейімделген) критерилерін және инклюзивті білім беру жүйесінде қолданылатын икемді (бейімделген) жалпы білім беретін оқу бағдарламалар мен жалпы білім беру стандартын әзірлеу;


  • ерекше оқытуды қажет ететін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу бағдарламалар әзірлеу мен бағалаудың икемді критерилерін қолдану бойынша және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар жасау.


Саламанка Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:


Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
  • Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.


Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.


Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет