Түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған бір аксон болады



Дата06.02.2022
өлшемі39,48 Kb.
#79533
Байланысты:
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі
Project2 Abeuova Anel, КТЖ КББ 17-91 88 сагат 4 курс

Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпаларының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары – нейронның денеден,ұзын және қысқа өсінділерден тұрады. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұ¦зын өсіндісі – аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті аққабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынныңақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері – дендриттердің сыртында аққабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр затты түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған бір аксон болады.
Нейрон 1. Дендриттер 2. Жасуша денесі 3. Аксон
Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді: 1) сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді); 2) байланыстырғыш – қозуды сезгіш нейрондардан қозқалтқыш нейрондарға өткізеді; 3) қозғалтқыш – қозуды бұлшықеттер мен бездерге жеткізеді.
Рефлекс (латынша «reflexus» – жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жұйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінен қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауѓа болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толыққызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).
Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады: 1) жүйке ұштары – рецепторлар (латынша «receptor» немесе «recіpіo» – қабылдаймын, қабылдаушы); 2) сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); 3)жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); 4) қозғалтқыш нейрондар; 5) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).
Рефлекстік доға

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет