Уақтыңды қызықты өткізгің келсе математикадан шұғылдан



бет8/17
Дата11.09.2020
өлшемі142 Kb.
#77785
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Орманшылық кітап, 1515563726, 5 сынып факультатив 34 са ат, 5 сынып факультатив 34 са ат, Әбдіғаппар А. Заявка, 8 класс поурочки Excel
5.Математикалық жұмбақтар

- Нәрселерді санауға

Керек сан өзі негізгі

Басы бар да, шеті жоқ

Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)
Сан ол сызықпенен бөлінген

Үсті алым,асты бөлім деп аталып,

Әсем түрде керілген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс,бұрыс ,аралас деп

Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/
Оң сандарға қол шатырдай

Калпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)


Бүтін сан, бөлшек сандар

Құрамына кіреді

Бұл R белгіні көрсетсеңіз

Қай сан екенін біледі (рационал сандар)


Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек

Білейікші оны бізде/теңсіздік/

Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

Шар емес, дөңгелек емес

Бірақ осылардың бөлігі

Радиус,диаметрін іздегенде

Онсыз болмайды келісі

(шеңбер)


Екі бұрыш ежелден

Тату көрші болған екен

Бірін – бірі толықтырып

Бір түзуде жатады екен(сыбайлас)


Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды.(айқыш, тұтас, сәйкес)


Қарама-қарсы қабырғалары

Параллель боп қосылған

Оқыңызшы аталуында

Параллель , грамм сөзі қосылған (параллелограмм)


  • Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құралды.

Айтыңдаршы канекі

Қалай ғана аталды (бұрыш)
Шелекке ұқсайтын дене

Біліңдерші сіз қане? /Цилиндр/






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет