Учебно-методического комплекса для преподавателя



бет8/52
Дата02.12.2023
өлшемі393,21 Kb.
#194544
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
Байланысты:
Методические основы разработки учебно-методического комплекса дÐ
Асем резюме (копия), педагогиканы оқыту әдістемесінің, көж, Ôèçèêàëû? äåíñàóëû?òû? ?ëåóìåòò³ê ýïèäåìèîëîãèÿñû Îðûíäà?àí Ñåð
Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтануға кіріспе.
2. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық.
3.Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар.
4. Әлеуметтену және бірегейлік.Ұғымдармен жұмыс.
5.Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой.
6.Әлеуметтанулық ойлау.
1. "Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философиякурсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене тырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.


Огюст Конт
Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын.
Индивид жеке, нақты адам, оған Homo Sapiens-тің тектік белгілерімен қатар жекеше белгілер де тән. Бұл оның табиғи тума қабілеттеріне, психикалық қасиеттеріне (жады, қиялы, темпераменті, мінезі) және оның ойлау (көқарастары, пайымдаулары, пікірлері) ерекшеліктеріне, қажеттіктері мен сұраныстарына қатысты. Жекедаралық – бұл индивидті басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
4.Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді.
Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі. Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар). Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный
Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы). Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.
5.Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепетеңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көзқарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды.
6.Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік. Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет