Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет7/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Мадлен мәдениеті
Б.з.д. 15-20 мыңжылдықтарда қоғамдық құрылыс формасы 
ма-
триархат
болды. Әйел мүсіндерінің едәуір көп мөлшерде пайда бо-
луы да дәл осыған байланысты. Мадлен мәдениетінің әйел бейнелері 


10
портреттік белгіде болды – бұл Виллендорфтық Венера сияқты руды 
жалғастырушы символ ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде 
жеке адамды бейнелеу. Бұрынғыша сүйек пен тастан ойып салына-
ды.
Мадлен дәуірінде аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде 
көрсету байқалды. Суреттер сыр, күйе, бор және жануар майымен 
араласқан басқа бояулармен салынды. Үңгір суреттері Батыс Еуропа 
аумағынан ғана емес, сонымен қатар Украина аумағынан, Уралда 
Каповая үңгірінен де табылды.
Бірегей суреттер Испаниядан табылды. Әйгілі Альтамира бизон-
дары алуан түрлі еркін қалыпта бейнеленген. Осындай «затты еркін 
иеленуді» Мадлен дәуірінің соңын 
алғашқы қауымдық реализм
деп 
атауға түрткі болды. 
Елдімекендер ошақ басына бірнеше отбасы жайғасқан 
қауымдық 
үйлер
сипатында болды. Көлемі 15х35 м дейінгі үйлерде орталық 
тіреу қатары жерге қазып орнатылған итарқа тірелген сырғауылды 
ұстап тұр. Шағын үйлердің де (7х8 м) конструкциясы осындай болды 
және кейде ортасына ошақ орнатылып, мамонт сүйегінен жасалды. 
Осындай үйлер Брянск түбінен (Тимоновка ауылы), Гагаринодан, 
Дон бастауынан, Воронеж түбінен (Костенко қалашығы) табыл-
ды. Палеолит дәуіріне бекітілген қабырғалы және түтіндік ретінде 
қолданылған төбе арқылы өтетін тесігі бар жер кепелер мен жар-
тылай жер кепелер тән. Құрылыс материалдарын өңдеуге арналған 
тиімді құрал-саймандардың жоқтығынан имарат конструкциялары 
анайы және сүйкімсіз болып қалды.
Өлген адамдарды үй едендерінің астына және ор-камераларға 
жерледі. Біртіндеп жерлеу салттары күрделене түсті, қабірге от, қан, 
өмірді білдіретін қызыл бояу немесе киноварь шашылды. Жерлеген-
де әшекей, қару-жарақ, еңбек құралдары, ыдыс қоса салынды. 
Мезолит
Орта тас дәуірінің басында Еуропа, Испания, Кавказ, Орта Азия-
да тайпалар мен рулар қалыптаса бастады және мезолит дәуіріне жа-
татын алғашқы қауымдық мәдениеттің олжалары табылды.
Тұрақ жай құрылысы кезінде адамдар қабырға қаңқаларын да-
йындады, оларды күйдірілмеген кірпішпен қоршап, балшықпен сыла-
ды. Рулардың ұзын үйлері жеке отбасылары үшін арақабырғалармен 


11
бөлмелерге бөлінді. Отбасылық жер кепе-үйлер, балшық үйлер және 
жерасты көп камералы тұрақ жайлар пайда бола бастады. 
Алдыңғы Азияда б.з.д. ІХ-VІІ мыңжылдықтарда отырықшы 
кешенді шаруашылық елдімекендер (егін шаруашылығы және мал 
шаруашылығы) салынды.
Алғаш рет жеке орналастырылған жерлеу орындары мен мола-
лар пайда бола бастады, қоса жерленетін заттар құнды бола түсті.
Мезолит өнерінде адамдардың бейнесі шартты түрде ғана бо-
лып, ең бастысы 
сюжетке
көңіл бөлінді.
Неолит
Неолит дәуірінде үлкен отырықшылыққа әкелетін климаттың 
тұрақты жылынуы басталды. Неолит дәуірінде рулар көбейіп, жеке 
отбасыларға ыдырады, бұл тұрақ жайлар мен елдімекендердің жос-
парлануынан да байқалады.
Украина, Жерорта теңізінде шарбақтан және сабанды балшықтан 
сыланған саз балшық үйлер тұрғызылды. Жерорта теңізінде көбінесе 
үлкен көлемді күйдірілмеген кірпіш пайда болады, тас іргетастар мен 
күмбездер, түрлі түсті сылақ қолданылды. Тұрақ жайлар 2 қабатты 
болып келген, едендері тоқымамен жабылды және табиғи бояумен 
боялды. Украинадағы Триполь тұрақ жайлары тартымды болып 
келеді. Үйлердің қабырғалары балшық қаңқалы, төбелері шиыршық 
итарқалы. Тұрақ жай іші пеші бар бөліктерге және қоймаға бөлінеді. 
Елдімекендерде үйлер қоғамдық меншікке – астық қоймаларына 
немесе мал қораларына топтастырылады. Елдімекендер жын-
шайтаннан сақтану үшін және қырын қабақты көршілерді қорқыту 
үшін тұмар тағылған шарбақпен қоршалады («қалашық» атауы осы-
дан шыққан). Тұрақ жайларды бір-біріне тигізіп салған, сондықтан 
ғимараттардың сыртқы қабырғалары ойығы жоқ бекініс қабырғаға 
тұтасқан. Тұрақ жайға түнде алып қоюға болатын жиылмалы басқыш 
арқылы кіруге болады.
Бұл кезең жерлеуінің маңызды әлеуметтік айырмашылықтары 
бар. Солтүстік Қара теңіз жағалауында атақты адамдардың мола-
лары басына алғашқы 
қорғандар
– дөңгелек және трапеция тәрізді 
пішіндегі жер төбешіктер тұрғызылған.
Неолит өнерінде 
тотемизм
– белгілі бір хайуанат түріне 
мінәжат ету пайда болды. Бейнелеу өнерінде жаңа белгілер: символ-
дар, абстракциялар, стильдеу пайда бола бастады. Кеңінен тараған 


12
петроглифтер
– жартастағы кескіндер, тастағы ойма суреттер
жартастағы кескіндеме суреттер. Осындай кескіндер Украинада, 
Түрікменстанда (Қарақұм ауданы), Уралда (Вишера өзені), Байкал 
жағалауында, Камчаткада, Чукоткада, Кола түбегінде сақталған.
Барлық жерде қыш, ұсақ пластика, ағаш аспап пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   340




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет