17
феномен сияқты процесс ретінде де, нәтиже ретінде де
қарастыруға болады
[20,78].
Оқыту барысында балалардың назарына көптеген мәліметтер мен
құбылыстардың, заттардың қасиеттерін қабылдау ұсынылады. Дегенмен оқыту
күнделікті өмірде эпизодтық сипатқа ие болғандықтан барлық баланы бір
мезетте қамти алмайды, сол себепті алынатын білімді жүйеге келтіру
тәрбиешіден шығармашылықты қажет етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғаш аффективті сипатын
жоя бастайды. Қабылдау мағыналы мақсатқа бағытталған, талдаулы бола
бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Осы кезеңде
сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әр түрлі
обьектілер
және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын
белсенді түрде қолдана бастайды, құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта
отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың
басқалардан қандай айырмашылығы бар екендігін бөліп, ажырата алады.
Ойлаудың негізгі жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және
кезең соңында сөздік ойлауға ауысады. Ойлаудың негізгі түрі көрнекі
образдық болып табылады. Бұл психолог Жан Пиаженің терминологиясына
сәйкес келеді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың
ойлауы көрнекі ойлауда болады,
себебі ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы туралы
психолог Л.Ф. Обухованың экспериметінде жан-жақты қарастырады. Білім алу
балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Жалпы білімнің
бірсыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгерулерін үлкендердің
жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен іс-әрекетінің
тәжірибесінен алады. Білім қорының біраз артуы бұл кезеңде әлі ойлаудың
дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болп
табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс-әрекетінің
жемісті болуына әсер еткен жағдайларда, үлкендер көрсеткен тәжирбелерді
және өз ой үлесін ажырата білмейінше, үлкенің түсіндіруінде ұқпайды, өз
тәжирбейсінен де ешбір сабақ аласабақ ала алмайды. Игерілген жаңа
білімойлаудың одан әрмен дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс-әрекеттерінің
жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады. Ойлау
іс-әрекеттерінің қалыптасуы
мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды. Бала қандай біламді игеріп, оларды
қалай пайдалана білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне
байланысты. Мектепке дейінгі шақта ойлауіс-әрекеттерін игеру сыртқы
бағдарлау іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың қалай өтетіндігіне
байланысты бейнелер іс-әрекеттері форма немесе сөз бен сан сияқты белгілер
арқылы қабылданады. Ойлау баланың дамуына,оның таным әрекетіне,үзіліссіз
өрістеп, кеңеюіне байланысты болады. Ал кейбір заттарды сирек көріп, аз
әрекет ететін болса, оны тек қана бір жақты танып біледі. Заттар мен
тікелей
әрекет етіп анықтап білу нақты бейнелік оилаудың дамуына әсер етеді.
Баланың дүниені танып білуінің өзі қабылдау мен түйсіктің дамуына тікелей
байланысты, жастағы балалар үшін көрнекі амалды ойлаудың маңызы зор.
Баланың жасы өскен сайын мәселені өз бетімен оилап, шешуі кеңейеді. Бірақ
18
әрекеті икемсіз болады. Ересектер тобының бастап, практикалық әрекет
арқылы сөзді қабылдау жүзеге аса бастайды. Әрекетті басқа жолмен құрудың
өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Мектепке деиінгі баланың
ойлауының мынадай ерекшеліктері болады:
-
5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада
беріледі;
-
әр түрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үрдісінің мәні өзгереді.
Көрнекілік амалдық
ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді.
Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты болып қала береді.
Баланың ойлауының дамуына түрлі іс-әрекеттер де әсер етеді. Іс-әрекеттер
түрлері өз тарапынан баланың сана-сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені
бала психикасының өзі бала іс-әрекетінің барысында дамып, қалыптасып
отырады. Іс-әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс
дамымайды[8]. Іс-әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әр түрлі формадағы
белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: