В. Терешкова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 1 қыркүйек күні «Білім күні» мерекесінің өткізілгені жайлы анықтама



Дата04.01.2023
өлшемі487,93 Kb.
#164969
Байланысты:
анықтама
ВЫПИСКА образец, дурысы АКТ внедрения, Vocabulary, ЦС 4 сынып. Ибрагимова А



В. Терешкова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 1 қыркүйек күні «Білім күні» мерекесінің өткізілгені жайлы анықтама.
В. Терешкова атындағы шағын орталықты орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл -күй, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында 1 қыркүйек күні 1 -11 сынып оқушыларына арналған 2022-2023 оқу жылының «Терең білім еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбы аясында салтанатты жиын өткізілді. Жиын өткізілетін орынға қанатты сөздер ілініп, тақырыпқа сай безендірілді.
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қ.Р Әнұраны орындалды. Жиынды мектеп директоры А.Ұ. Маралбаев ашып оқушылырдың білімге деген алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Кезекпен сөз алған қонақтар және ардагер ұстаздар қауымы жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп «Алғашқы қоңырау» мерекесімен оқушыларды құттықтады. р Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушылары «Біз мектепке барамыз» ән - биімен қонақтарды таң қалдырды. Жиын соңы «Алғашқы қоңырау» соғу рәсімімен жалғасты. Қоңырау соғу құрметі 1 «ә» сынып оқушысы Жандосқызы Іңкәр пен 11 «ә» сынып оқушысы Тоқатаева Мөлдірге берілді.
Салтанатты әуен ойнатылып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жиыннан шығарылды.
2022-23 оқу жылының сынып сағаттары «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет тақырыбындағы бірыңғай білім беру сабағымен жалғасты.
Нәтижесінде қатысушылар өткен оқу жылының жетістіктерімен хабардар етілді, білім алушылардың бойында оқуға деген құштарлық пен білім алуға деген ұмтылыстары қалыптастырылды, білім алушылардың бойында отаншылдық, құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениеті қалыптастырылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0BMSjjz99n6ZLPkUekLhAat9YUrNRS3nKVby7LAf4mnXq88dULeAPpydgcYjRH6t5l&id=100042214701591


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0ejgqJctetrH8qgTStK1naM2WZDUF6S9fxKu7aYum7SDgFQTDWMxxw2DD4G3FPNQ1l&id=100042214701591



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет