В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет3/4
Дата12.03.2018
өлшемі1,33 Mb.
#38609
1   2   3   4

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Нөлдік морфема туралы түсінік. Нольдік форма.

2. Қосымшалардың семантикасы.

Нолдік морфема туралы түсінік. Нольдік форма.

Түбір сөздің ешбір нақтылы морфемасыз катигориялар мағыналарының ішкі тармақтарының кейбіреуін білдіруі қабілеті тек қана сөйлем ішінде жүзеге асады.Дәлірек айтсақ, ол синтагмамен тікелей байланысты.Мұның себебі нольдік морфемадағы сөздердің сыртқы тұлғасында ешбір айырма жоқ. Олар түрлі категориялардың нольдік формасы бола тұра, бір тұлғада тұра береді. Грамматикалық формалардың омонимдік қасиеті нольдік формада өте күшті.Мсалы, мал жайылып жүр, мал үсіруге жағдай жасалсын, мал күтімі назардан тыс қалмасын сияқты мысалдарды алсақ, ондағы мал деген зат есім септіктің үш түрлі грамматикалық формасында тұр, 1-мысалда ол атау септіктің, 2-мысалда ол табыс септіктің, 3-мысалда ол ілік септіктің нольдік формасында тұр.Сөздің бұл формаларын тек синтагма арқылы ғана ажырата аламыз, ол сөздің формасын сөйлемсіз, синтагмасыз ажырату мүмкін емес.Бірінші мысалдағы сөздің (мал) атау септік мағынасы оның жай-күйін,қимылын білдіріп тұрған жайылып жүр етістігімен тіркесіу арқылы синтагма ішінді айқындалып тұр.Логикалық жағынан оның жайылу қимылының жасаушысы, субъектісі екенін тек сол етістікпен тіркесуі көрсетеді. Екінші мысалдағы мал үсіруге деген синтагманың бір мүшесі өсір етістігі оның алдында объекті заттың тұрғанын көрсетеді. Үшінші мысалдан синтагма ретінде мал күтімі деген екі сөздің тіркесін аламыз. Мұнда мал ілік септіетің нольдік формасында тұр.Оның негізгі көрсеткіші -осы синтагманың екінші сыңарындағы тәуелдік жалғау (і). Тәуелдік жалғаудағы сөз ілік септікті сөзбен ғана тіркеседі. Ілік септіктің қосымшалы және нольдік формасы бар,бұл синтагмада оның нольдік фромасы қолданылған,оны салыстырып қарайық: мал күтімі,малдың күтімі. Екеуінде де ілік септіктің қатыстық мағынасы бар,бұл олардың бір септіктің екі формасы екенін дәлелдейді.Оны синтагма анық көрсетіп тұр.Бұл келтірілген мысалдардың бірі сөздің құрамында қай категорияның нольдік формасы барын синтагма ғана ашып беретініне ешбір күмән қалдырмайды.

Нольдік форма қай категорияға қатысты болса, синтагмада ол сол категорияның қосымшалы фрманың алатын орнында тұрады. Бұл тұрғыдан нольдік форманың қосымшалы сөз формасынан ешбір айырма жоқ деуге болады. Мысалы: біздің үй, біздің ауылсияқты синтагмалық тізбектерді алайық. Мысалда ілік септіктің қосымшалы формасындағы сөз бен тәуелдіктің нольдік формасындағы сөз тіркескен, бірақ синтагама мүшелерінің орын тәртібі сол қалпында сақталған. Синтагма мүшелерінің әр сыңарын әрі қосымшалы, әрі нольдік формада қолданып,олардың формаларын түрлендіргенімізбен, олардың синтагмадағы орны өзгерген жоқ,негізгі мағыналары да сақталады. Бұның себебі, онда синтагма мүшелерінің категориясын сақтап отырмыз. Синтагма сөздің формасын бір категория ішінде ғана түрлендіргендіктен, оның негізгі мағынасы да, синтагамдағы орны да өзгермейді. Сондықтан да біздің үй, біздің ауыл дегендегі тәуелдік парадигмасының 1-жақ көпше түрінің нольдік формасында тұрған үй, ауыл сөздері осы заттардың көпше 1- жаққа меншіктілігін білдіреді, ол синтагмада заттың иесін білдіретін ілік септік формасындағы сөздің соңынан тіркескен. Бұдан синтагмадағы сөздің орнының ол сөздің қай категорияның нольдік формасында тұрғанын көрсете алатынын көреміз. Егер синтагма объективті өмірдің бір «кішкене бөлшегін» білдіруге арналған, сөйлеудің бір элементі деп түсінсек, сонда синтагмада грамматикалық мағына болатыны сөзсіз. Ол грамматикалық мағына тілімізде қосымшалы сөз формасы арқылы да, нольдік фформа арқылы да синтагмада көрінетінін келтірілген мысалдар көрсетті.

Синтагма сөйлеумен, тілдің атқарып отырған қызыметімен, басқаша айтқанда,тілдің өмірімен тікелей байланысты,сондықтан сөз тілде қандай қызымет атқарса да, қандай формада қолданылса да, қандай мағыналық ерекшелікті білдірсе де,ол синтагманы аттап өте алмайды.Сөздің түрлену парадигмасының көрінуі синтагмаға қатысты болғандықтан, нольдік форманың көрінуі де синтагмаға тікелей қатысты. Синтагма –нольдік морфеманың нұсқаушысы қызыметін атқарады, ол ғана емес, синтагмасыз нольдік морфема мен форманың өмірі жоқ.

Қосымшалардың семантикасы. Сөйлемдегі сөздің қай сөз табы екені анықталған соң, сөз құрамындағы морфемаларды талдау қажет. сөздің морфемдік құрамын білу сөздің грамматикалық табиғатын ашуға көмектеседі. Сөз құрамына морфемдік талдау жасауда сөзжасам мәселесіне де соқпай өту мүмкін емес. Себебі талдау кезінде лексикалық мағыналы сөздердің қандай жолдармен жасалғанын да көрсетуге тура келеді. өйткені түбір сөздер дара да, күрделі де, туынды бола береді және олар сөзжасамдық тәсілдер арқылы сөз табылық қасиеттерін өзгертіп отырады, соған сай грамматикалық тұлғалармен түрленеді. Осы ерекшеліктердің бәрін ажырату морфологияның нысанына жатады. Сөйлемдегі сөз атаулының бәрі белгілі бір грамматикалық категориялардың тұлғаларында қолданылады (сөйлемнен тыс одағайлардан басқасы). Сондықтан сөйлем құрамындағы сөздерді талдау олардың қай категорияның тұлғасындағы сөз екенін анықтаудан басталғаны дұрыс. Мұны сөздің құрамындағы грамматикалық категорияның көрсеткіші білдіреді. Олар қай категорияның көрсеткіші болса, сол категорияның грамматикалық мағынасын білдіреді. Грамматикалық категориялардың көрсеткіштері қосымша да, көмекші сөздер де болатындықтан, сөздің грамматикалық тұлғасы синтетикалық та, аналитикалық та болады. Олай болса, сөздің синтетикалық, аналитикалық тұлғасын ажырату да морфологиялық талдауға жатады. Сөйлемде қолданылған сөздің құрамы көбіне өте күрделі болып келеді, бұл қазақ тілінің жалғамалы тілдер тобына жатуымен байланысты екені белгілі. Мұндай күрделіліктің мәні екі жағдайға байланысты: 1)түбірдің бойында бір немесе бірнеше сөз тудырушы жұрнақтар болады; 2)осы сөз тудырушы жұрнақтардың үстіне бір немесе бірнеше грамматикалық категориялардың көрсеткіштері жалғанады. Оның үстіне грамматикалық көрсеткіштердің көп не аз болуы ол сөздің қай сөз табына жататындығымен де байланысты болады. олай болса, морфемдік талдауда сөз табын ескеру өте маңызды қызмет атқарады. Морфемдік талдауда грамматикалық категориялар бойынша талдау ерекше орын алады. Мұнда сөздің қай грамматикалық категорияның тұлғасында қолданылғанын ажырату негізгі нысан болады. ол үшін алдымен сөздің лексикалық мағына беретін түбірін тауып алу маңызды. Содан кейін лексикалық мағынаның үстіне қосылған грамматикалық мағынаны ажыратып алуға көңіл бөлінеді. Әр грамматикалық категорияның өзіндік жалпы грамматикалық мағынасы болатыны белгілі. Ол сөздің қай категорияда қолданылғанын ажыратуға көмектеседі. Мәселен, тәуелдік категориясының жалпы грамматикалық мағынасы – меншіктілік. Тәуелдік категориясының тұлғасындағы сөзді меншіктілік мағынаның бар, жоқтығына қарай ажырату керек. Тәуелдік мағынасы бар екені анықталған соң, тәуелдіктің ішкі мағыналық құрамының қай түріне жататынына мән беріледі. Олар: жекеше, көпше, үш жақтың қайсысы. Бұл әр категорияға қатысты. Морфологиялық талдауды білмей, тілді білдім деуге болмайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қазақ тіліндегі көмекшілердің түрлері.

2.Көмекшілердің түрлері.

3.Көмекшілердің мағынасы

4.Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияға қатысы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

№12 дәріс тақырыбы: Көмекшілер туралы түсінік



Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Қазақ тіліндегі көмекшілердің түрлері.

  2. Көмекшілердің мағынасы. Көмекшілердің құрылысы.


Қазақ тіліндегі көмекшілердің түрлері.

Есім көмекшілерге көмекші есім,сын есім шырайының күшейткіш-морфемалары,шылаулар жатады.Шылаулар есім сөзге де,етістікке де тіркесе береді.Сондықтан оны таза есім аналитикалық единицалар деп айту қиын.Бірақ етістіктің аналитикалық единицаларымен байланысты зерттеуде олар айтылмаған,сондықтан оларды есім көмекшілер қатарында алуға болады.

Есім көмекшілердің құрлысын тарихи тұрғыдан алу бұл жұмыстың мақсатына жатпайды.Олардың көбінің құрлысы өзгерген,морфемаларының жігі жойылған,ал бірсыпырасының құрамындағы морфемалар қазір де байқалып тұрады.Бірақ олардың құрамында қанша морфема болса да,тілде қазір бір морфеманың қызыметін атқарады.Есім көмекшілердің құрамындағы осы ерекшелікке қарай оларды негізгі және туынды деп топқа болуге болады.

Негізгі көмекшілер деп құрамын морфемаға бөлуге келмейтін аналитикалық единицаларды айтамыз.Мысалы:да,мен,ақ,ғой,мыс,әрі,не,та-ман,маң,қас,жан,іш,сырт,арт,шейін,сайын т.б.Трихи тұрғыда бұлардың да бірнеше морфемаға бөлуге келетіні түркологияда дәлелденіп жүр.Мсалы: үш < үш-ін,дейін < тегін, т.б. Қазіргі тілдің даму сатысында бұлардың құармындағы морфемалардың жігі сақталмаған,сондықтан оны қазіргі тілдің даму сатысындағы дәрежесіне сай негізгі көмекшілер деп бөлінеді.

Негізгі аналитикалық единицларға көмекші есімдер түгел жатады.Сонымен бірге,бұл топқа шылаулардың басым көпшілігі жатады:сайын,дейін,кейін,таман,қатар,гөрі,әрі,мен ал,бірақ,егер,әлде,не,я,ақ, ғана,тек,түгел,ғой,түгіл,екш,-мыс.

Туынды көмекшілердің құрамындағы морфемалардың морфемалардың жігі көрініп тұрады.Мсалы:Сен жөнінде жақсы хабар естідік.Мұнда жөнінде –шылау.Оның құрамындағы тәуелдік,септік жалғауыанық көрініп тұр.Бірақ ол жалғаулар бұл арада өз қызыметінде тұрған жоқ,олардың мағынасы сақталмаған,сөйлемдегі сөздермен септік формасы бойынша қарым-қатынасқа түспейді.Оның құрамындағы морфемалар өз қызыметінен мүлдем айрылған,сондықтан ол тілде қазір біртұтас единица қызыметін атқарады,соған лайық ол тұтастықта қаралады.Тілдегі мұндай көмекші сөздер белгілі құрамда ғана ол біртұтас мағына беруге қалыптасқан.Басқаша айтқанда,оның құрамындағы морфемалар түбір болып,тұтасып көнерген.Мұндай көмекшілерге мыналар жатады:бойы,бойда,бойынша, жайлы,жайында, жөнінде, тәрізді, сияқты, секілді, әйтпегенде, болмаса, себепті т.б. Есім көмекшілердің бәрі осылай дыбыстық құрамы біртұтастықта деуге болмайды.Кейбір көмекшілердің құрамындағы морфемалар біртұтас дыбыстық құрамға жетпеген аралары ашық,тек тіркесе қолданылып бір мағыны беретіні де бар:неге десең, тек қана, егерде, және де, бірақ та, сол себепті, т.б. осы келтірілген шылаулардың әрқайсысы екі морфемадан тұарады,олар сол бөлек дыбыстық құрамын сақтаған,біраұ бір мағына беріп,бір единица қызыметін атқарады.Осындай есім көмекшілердің құрам ерекшелігіне қарай оларды дара және күрделі көмекшелер деп бөлуге болады.

Дара есім көмекшілерге біртұтас дыбыстық құрамдағы көмекші сөздер жатады.Олар: не,я, яки, мен, де, сайын, дейін, қарсы, қарай, салым, бері, әрі, соң, кейін, егер, ақ, ғана, арт, тек, түгіл, гөрі, ал,бірақ, әлде, жоқ, арт,қас, жан, маң, өте, алд, аса,тым,тіпті,бойында, бойынша, жайлы, жайында, жөнінде,тәрізді,секілді,сияқты, сықылды, әйтпегенде,болмаса, себебі, тым, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, орасан керемет т.б. мұндай көмекші сөздің құрамында қанша морфема болса да, олар біртұтас дыбыстық құрамға кіреді және ол морфемалар өзінің бұрнғы қызыметінен айрылған өз қызыметі тұрғысынан олар –өлген морфемалар. Олардың құрамында морфемалары бары да,морфемааларға бөлуге келмейтіндері де тілде бірдей қызыметте жұмсалады. Күрделі көмекшелер ең кемі екі морфеманың тіркесінен құралады және ол морфемалардың арасы бөлек тұрады.Мұндай күрделі единицалар мыналар: не үшін десең, сол үшін, сол себепті, неге десең, өйтсе де, онда да, олай да, ал ендеше, олай болса, сонда да, алда-жалда, сол себепті, не болмаса, және де, сонан соң, егер де, бірақ та, тек қана т.б.

Есім көмекшілердің құрамы,құрлысы түрлі-түрлі.Оларды бір модельге сыйғызу мүмкін емес,сондықтан бұл жасалған топтастыруда олардың жалпы белгілері ескеріледі. Мұнда олардың осы ең жалпы белгілеріне сүйеніп жасалған екі түрлі топтастыру оларды ішкі ерекшеліктерін,ұсақ белгілерін қамтымауы да мүмкін.Бірақ алдымен олардың ең жалпы белгілері ескерілуі қажет болғандықтан,мұндай топтастырулар жасалады.

Көмекшілердің мағынасы. Көмекшілердің құрылысы.

Көмекшілердің мағынасы тіл білімінде анықталмаған,шешілме-ген даулы мәселелерге жатады. Көмекшілер грамматикалық мағына білдіреді деп танушылар бар. Сонымен бірге олардың әрі лексикалық,әрі грамматикалық мағыналарын ад танитын ғалымдар бар. Осы екі пікір талай-талай уақыттардан күні бүгінге дейін тіл білімінен кең орын алып отыр.

1. Акад.А.А.Шахматов: «Кейбір сөздердің тек қана грамматикалық мағынасы бар,олар – көмекгші сөздер .... грамматиклықмағына көмекші сөздердің негізгі мағынасы,- дейді.Бұл үзінді ғалымның тілде грамматикалық қызыметке көшкен көмекші элементтердің грамматикалық мағынасын танитынанық көрсетіп тұр.Бұл пікірдіегі ғалымдар өте көп,оларды түгел атау мүмкін емес.

  1. А.В Исаченко «О грамматическом значени»деген мақаласында грамматикалық мағынаны білдіруші элементтер қатарнда көмекшілерді көрсетеді. А.В.Исаченко мұнда көмекшілерді сөздің грамматиклық формасфн жасаушы элемент ретінде көрсетіп,оның грамматикалық мағынасын таниды. М.И. Стеблин - Каменский көмекші сөздер грамматикалық мағына берушілер десе, орыс тілі грамматикасында көмекші сөздер деп тек қана грамматикалық мағынасы бар сөздер аталады.Осының өзі көмекшілердің грамматикалық мағынасын танудың соңғы кезде кең тарап отырғанын аңғартады.

  2. Көмекшілер тек грамматикалық мағына білдіреді деген ғалымдар тобына И.И.Мещаниновты атағн жөн.Ол өз еңбектерінде бұл мәселеге көп көңіл бөлген және оның нақтылы пікірі бар.И.И. Мещанинов көмекшілерді жеке сөз табы санауға қарсы.Ол бұларды лексикалық мағынасы жоқ,грамматика-лық қызымет атқаратын элеммент ретінде қарайды да, сөз табы қатарына жатқызбайды.

  3. Көмекшілер туралы ғалымдағы екінші пікір бойынша тілдегі көмекші элементтердің грамматикалық мағынасымен бірге лексикалық та мағынасы бар.Бұл пікірдегі ғалымдар көмекшілер – сөз, сөз болғандықтан,онда лексикалық та,грамматикалық та мағына бар деп біледі.Көмекшілердің мағынасын сипаттауда түркологтар арасында да пікір алалығы бар.Көпшілік түрколгог тар көмекшілердің грамматикалық мағынасын таниды.Бірақ бұлардың әрі грамматикалық,әрі лексикалық мағынасын тану да жоқ емес.Тек көмекшілердің мұнда лексикалық мағынасы толық деп қаралмайды.көмекшілер лексикалық мағынасын солғындататын,лексикалық мағынасынан мүлдем айрылып қалмаған деген тұрғыда ғана олардың лексикалық мағынасы танылады.Тғыда ескере кететін бір жағдай – түркологияда көмекшілердің грамматикалық мағынасын танук ң таралған және ол негізгі орын алады.

  4. Академик А.А. Шахматов лексикалық,грамматикалық мағыналарды олардың обьективті шындық өмірге қатысына қарай ажыратқан.Ол сөздің лексикалық мағынасы обьективті өмірге сай болады,сөз обьективті өмірдегі затты,құбылысты білдіреді,солардың тілдегі таңбасы деп қарайды.Ал грамматикалық мағына сөздердің бір-біріне қатысын яғни сөз арасындағы қатысыты білдіреді деген пікір айтқан.сөйтіп,АА.Шахматовтың пікірі бойынша лексикалық мағына обьективті өмірге байланысты да,грамматика-лық мағына тілге ғана байланысты.

  5. А.А.Шахматовтың бұл пікірі тіл білімінде үлкен әсер етті,оны жақтаушылар көп,ғылымда бұл пікір кезінде кең тарады.

  6. А.И.Смирницкий сөздің тек лексикалық мағынсы ғана емес,грамматикалық мағынасы ғана емес, грамматикалық мағынасы да обьективті өмірмен байланысты,лексикалық мағына обьективті өмірдегі құбылыс, заттарды білдірсе,грамматикалық мағына зат,құбылстардың арасындағы обьективті өмірдегі қатынастарды білдіреді дейді.Проф. А.И.Смирницкий сөздің арасында байланыстың болуы обьективті өмірде сондай байланыстың заттардың арасында болуына негізделген және ол сол өмірдегі заттардың,құбылыстардың олардың белгілерінің арасындағы байланысты,қатысыты білдіру ғана дейді.Сондықтан проф. А.И.Смиреницкийше лексикалық мағына да,грамматикалық мағынада да обьективті өмірге қатысты,лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның обьективті өмірге қатысы бірдей,бұл олардың айырмасын білдіретін белгі болмайды деп санайды.

  7. Қазақ тіл білімінде А.Ысқақов лексикалық,грамматикалық мағынаға байланысты теориялық мәселелерге айрықша көңіл бөліп,оларды теориялық тұрғыдан айқындауда көп еңбек сіңірді.Ол сөздің лексикалық мағынасына төмендегіше анықтама берген: «Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасы,әдетте,лексикалық я тура мағынада деп аталады».

  8. А.Ысқақовтың лексикалық мағынаны түсінуі мен А.И.Смирницкийдің осы мәселені түсінуде,суреттеуінде пікірлестік бары анық байқалып тұр. А.Ысқақов сөздің лексикалық мағынасы оның жеке-дара тұрғандағы негізгі мағынасы десе, А.Н.Смирницкий оны сөздіктегі мағынасы деп таныған жоғарыда айтқанбыз.Бұлардың пікірі үндесіп тұрғаны көрініп тұр.Осы екі ғалымның пікір үндестігі грамматикалық мағынаға келгенде, алшақтайды.Проф.А.Ысқақов грамматикалық мағынаға төмендегіше анықтама берген: «Сонымен сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып,сол лексикалық мағынаны айқындай,саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз». Үзіндіден проф. А.Ысқақовтың грамматикалық мағына сөздердің бір-біріне қатысын білдіреді деп танитын А.А.Шахматов пікірін қуаттайтынын,соны жалғастыратынын,сонымен пікірлес, үндес екенін көреміз.

  9. Қазақ тіліндегі көмекшілердің грамматикалық мағынасын олардың категорияға қатысы арқылы дәлелдеуге болады.Тілдің грамматикалық құрылысындағы категориялардың формасы болса,оның мағыналары сөзсіз грамматикалық мағыналарға жатады. Осы тұрғыда тілдегі көмекшілердің категорияларға қатысын анықтаудың мәні зор.Қазақ тіліндегі есім көмекшілер мына категорияларға қатысты: септік, шырай, модаль категориялары.Зат есімнің септік категориясы заттардың арасындағы қатысты білдіреді.Түркологияда септік категориясына көмекші есімдер қатысты деген пікір ертеде айтылып жүргені жоғарыда келтірілді.

  10. Көмекші есімдер қазақ тіл білімінде соңғы кезде зат есімнің құрамында қаралып жүр.Бұған себеп – көмекші есімдер де көмекші етістік сияқты өзі шыққан сөз табынан байланысын үзбеген.Олардың беретін грамматикалық мағынасы зат есімге қатысты,түрленуі де сол сөз табымен бірдей,зат есіммен тіркеседі.Осының бәрі оларды зат есім құрамында қарауға себеп болған.Көмекші есімдер дербес мағыналы зат есімнен грамматикалық дамудың нәтижесінде абстракцияланып,грамматикалық қызметке ауысқан.

  11. А.Ысқақов: «Көмекші есімдердің түпкі шыққан төркіндері орын-мекен жайларына байланысты,демек,белгілі бір заттың,не нәрсенің,заттық құбылыстың,не уақиғаның алды иа арты,асты я үсті,іші я сырты, жаны я қасы,маңы я тұсы,арасы я ортасы,шеті я жағасы,беті я түбі,басы я ұшы тәрізді ұғымдардың атаулары екендігі шүбәсіз», - дейді.

  12. Көмекші есім білдіретін мекендік,мезгілдік қатыс нақтылы мекен,мезгіл емес.Қала,үй,ауыл,тау,қыс ,жаз,май сияқты заттың нақтылы орны мен мезгілін білдіру лексикалық мағынаға жататыны белгілі.Көмекші есімдер есімдер мұндай нақтылы орынды,мекенді, мезгілді білдірмейді.Мысалы:алд, арт,іш, қас,жан, маң, дегендер объективті өмірдегі нақтылы мекеннің аты емес,ондай нақтылы мекен жоқ.Бұлардың мекен мағынасы септіктерге жақын.

  13. И.И. Мещанинов көмекші есімдермен бірге септеулік шылауларды да септік категориясына жатқызады.Мұнда ол септеулік шылаулардың есім сөзді меңгеруіне сүйенген.Оны мына сөзден көруге болады: «Бағыт мағынасын білдіретін шейін шылауы қимылдың тоқтайтын шегін білдіріп,сөздің барыс жалғауда тұруын керек етеді: қалаға шейін – до города т.б. Бұл шылаулардың бәрі лексикалық единица мағынасын жоғалтқан». Септеулік шылаулар белгілі септік формасына байлаулы, әр септік формамен қолданылатын тілдік түрлі септеуліктер бар.Септеуліктер өзі тіркесетін сөздің белгілі септікте тұруын қажет етеді.Сондықтан септеуліктер сөз формасын меңгереді деп санайды.Септеулік шылаулар өзі тіркескен сөзге түрлі мағына қосады:олар мезгілдік,мекендік,септік,мақсаттық өлшем,құрал, т.б. Осы сияқты қатысты білдіреді.сол арқылы сөздің сөйлемдегі қызметін белгілейді. Сөйлемде ол дербес сөзбен бірге бір мағына береді,олар бір тұтас элемент қызметін атқарады.Сөйлемнің мағыналы бір бөлшегі ретінде қызмет етеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияларға қатысы.

2. Морфонологияға жалпы сипаттама.

3. Морфонолгияның фонологиядан, фонетикадан айырмашылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

№13 дәріс тақырыбы: Морфонологияның қарастыратын мәселелері


Дәріс сабағының мазмұны:

1. Морфонология туралы түсінік

2. Морфонологияның зерттеу нысаны


Морфонология – морфеманың фонологиялық құрылымын және фонеманың морфологиялық қызметін зерттейтін тіл білімі саласы. Морфонологияның зерттеу нысаны ретінде морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар (сеп-сеуіп) мен дыбысталудың түрлі нұсқалары (мұнда-бұнда) танылады. Зерттеушілер морфонологияны фонетика мен морфологияны жалғастырушы буын ретінде қарастырады кейде морфологияның бір саласы деп таниды. Қазақ тілбілімінде морфема жігінде болатын дыбыстық өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы, апакопа, гаплологияқұбылыстары морфонологияға жатады. Мысалы, ағайын, әкел, әпер, қарлығаш, бүгін, былтыр, сәресі, сексен. Дыбыстық алмасулар фонетикада қарастырылғанымен, олардың барлығы тек фонетикалық тұрғыдан түсіндіруге келмейді, себебі дыбыс өзгерістері морфемалар жігінде пайда болып, Морфонологияның зерттеу нысаны болады. Морфонология тар және кең мағынада қолданылады: алғашқы мағынасында бір морфема морфтар құрамындағы фонемалардың алмасуын зерттейді. Кең мағынасында:

  • морфемалардың дыбыстық құрамын, оларды ажыратуды;

  • сөзжасамда морфемалар жүйесін қарастырады.

Ықшамдалудың барлық түрі морфонологиялық құбылысқа жатады. Өйткені олар сөйлеу дәстүрінің қалыптасуына байланысты ықшамдалып, сөздің бұрынғы толық қалпымен жарыса айтылады. Бұған дауысты дыбыстардыңредукциясы (орын орны, ауыз - аузы, жеңеше -жеңше), дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы (недәуір - едәуір, жубану - жуану, суғару - суару, бірдеңке бірдеңе, барғансын - барғасын), апокопа (ерсілі-қарсылы - ерсіл-қарсыл, келеді - келед, барамын - барам), гаплология (әнәугүгүні - әнәугүні, Мәмедәлі - Мәдәлі, Мәметжан - Мәтжан) жатады.[1]

Бір морфема құрамында алмасып отыратын фонемалар морфонема деп аталады. Морфонологияның қалыптасуына И.А. Бодуэн де Куртене (19 ғасырда), Н.В. КрушевскийН.С. ТрубецкойА.А. Реформатский,Е.Курилович, т.б. ғалымдар үлес қосты. Қазақ тіліндегі Морфонологияны А.БайтұрсынұлыА.ҚалыбаеваХ.Кәрімов,



А.Айғабыловтар  зерттеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Морфонология туралы түсінік

2. Морфонологияның зерттеу нысаны



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

№14 дәріс тақырыбы: Қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыс пен морфонологиялық құбылыстар


Дәріс сабағының мазмұны:

1. Қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыстар

2. Морфонологиялық құбылыстар

Тіл білімінде фонологиялық және морфонологиялық алмасулардың арасында қандай айырмашылық бар екендігін нақты көрсетудің маңызы зор. Фонологиялық алмасу негізінен қай тілде болмасын сөйлеуші ұлттың артикуляциялық мүмкіндігіне байланысты қалыптасады да, басқаша ауытқу болмайды. Морфонологиялық құбылыстар болса, артикуляцияның мүмкіндігіне бағынбайды. Сондықтан морфонологиялық құбылыстар бірыңғай қалыпта кездесе бермейді. Фонетикалық құбылыстар көрші дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы нәтижесіндегі өзгерістерге тәуелді болса, морфонологиялық құбылыстар - сөйлеу кезіндегі әртүрлі айтылу дағдысымен нормаға түскен, артикуляциялық жағынан бағынышты болмайтын өзгерістер.

А. Айғабылов фонетика мен морфонологиялық құбылыстарды бір-бірінен ажырата білу жөнінде төмендегідей мысалдарға назар аудартады. Тіліміз артикуляциялық базасының мүмкіндігінде жоқ сш, шс, нк, ақ, нг дыбыстар тіркесімі айтуда басшы /-башшы/, күшсіз /-күшсіз/, түнгі /түңгү/ өзгереді.

Ал ек-ін /егін/, түп-і /түбі/, ақ-ыс /ағыс/ деген сөздердегі к, п, қ дыбыстарын ұяң гб, ғ дыбыстарымен айтамыз. Бұл өзгерістер қазіргі қазақ тілі фонетикасы оқулықтарында кейінгі ықпал заңымен,түсіндіріледі. Ал екі, апа, көпір, мықындеген сөздердегі к, п, қ неге ұяң дыбыстармен айтылмайды?! Демек, А.Айғабыловтың көрсетуінше, бұл артикуляциялық мүмкіндікке қатысы жоқ өзгеріс дағдысына байланысты пайда болған нормалар ретінде морфонологнялық құбылыс деп қаралуы керек екен. Ғалым «Егер қазақ тіліндегі ілгерінді ықпал, кейінді ықпал жолымен түсіндірілетін өзгерістерді артикуляциялық мүмкіндікке қатысты өзгеріс пе, әлде сөйлеу кезінде әр түрлі айтылу дағдысымен нормаға айналып кеткен өзгеріс пе деген сұраққа жауап алсақ, фонетика мен морфонологияның еншісін де бөлу қиын болмайды», - дейді [1, 12].

Фонетистер тарапынан ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалға жатқызылып жүрген өзгерістердің бәрін фонетика заңымен түсіндіре беруге де болмайды. Себебі А.Айғабылұлы зерттеуі нәтижесінде фонетикалық құбылыс пен морфонологиялық құбылыстардың ара жігін ашып, түсінуге мүмкіндік болды. Мысалы, тарақ /тарағым/, керек /керегім/, ала кел /алагел/ деген сөздердегі қатаң дыбыстар өзінен кейін не бұрын келген дауысты дыбыстар әсерінен ұяңданып алмасады деген пікір бар. Ал шындығында, дауысты дыбыс қатаң дыбыстардың барлығымен де тіркесе алады. Мысалы: жақын, мықын, арқа, теке, ешкі. Сондай-ақ, А.Айғабыловтың көрсетуі бойынша, фонетикалық дыбыс алмасуда белгілі бір жағдайда бір ғана өзгеріс болса, морфонологиялық дыбыс алмасуда белгілі бір жағдайда түрлі өзгеріс болуы әбден мүмкін. Мысалы, фонетикалық құбылыс заңы бойынша көптік жалғауының бірі / Мысалы: - лар/жалғанған сөзге келесі варианты /-лер, -дар, -дер, -тар, -тер/ жалғанбайды, ал морфонологиялық құбылыс кезінде бір тұлғаға жататын -шік/тік, шек/тек жұрнақтары бір сөзге жарыса жалғана беруі мүмкін /бүр-шік, бүр/тік/; Морфемалар жігінде п дыбысының у дыбысымен алмасуы фонетика оқулықтарында бұрын регрессивтік ассимиляция деп түсіндіріліп келді. Енді бұл алмасу морфонологиялық құбылысқа байланысты екендігіне көз жеткіздік. Сонымен, А.Айғабылов пдыбысына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда п дыбысы барлық жағдайда ұяңдап, бдыбысымен алмаса бермей, басқа да үш түрін көрсетеді:1) сап-сары, теп-тепеңде; 2) жап-жамыл; 3) жап-жауып;«Демек, бұлайша ауытқуға ие болып отырған п-б алмасуы фонетика еншісіне жата алмайды»,- дейді [2, 27]. Міне, осындай толымды зерттеулер нәтижесінде морфонологияның нысаны, оның фонетика мен морфологиядан айырмашылығы анықталады.

Морфонологияның ерекшелігін жете тану бағытында М.Жүсіпұлы зерттеуіне де назар аударайық. Қазақ тілі аффикстері құрамында кездесетін морфонологиялық алмасуларды да тани білу қажет. Мысалы, дауысты дыбыспен бітетін түбірге бір жағдайда н сингармодыбыстарымен басталатын аффикстер жалғанады да, тағы бір жағдайда дсингармодыбыстарымен басталатын аффикстер жалғанады екен /бала-ның, бала-дан, кеме-нің, кеме-ден/ [3, 178]. М.Жүсіпұлы қазақ тілінің вокализм жүйесінде бір-ақ түрлі морфонологиялық алмасу бар екенін анықтады. Ол алмасу(ы,і) дауыстылардың нөл дыбыспен алмасуы, яғни бұл дауыстылар сөздің формасы өзгергенде «түсіп қалады», яғни дыбысталмайды.

Алмасулар: ы/0, і/0 (нөл): ойын-ойна, қырық-қырқыншы, ерік-еркім, көрік-көркім [3, 174]. Орыс тілінің дауысты дыбыстар жүйесінде морфонологиялық алмасулардың түлері көп. Альтернация мүшелері ретінде дауысты мен нөл дыбыс та, дауысты мен дауыссыз дыбыс та алмасуда қатынасады екен:

Алмасулар:о/0, е/0: сонь -сна, денъ- дня, пенъ -пня т.б. [4.175].

Альтернациялық алмасуға қатынасатын дауысты дыбыстардың саны екеу, үшеу болуы мүмкін, дауысты мен дауыссыз тіркесіп алмасуға қатынасуы мүмкін. Мысалы, Алмасулар:   

ы /у/о: засыхатъ – засушитъ – засохнет;

е/о петъ – пой;

и/е битъ – бей;

ев/у ночеватъ – ночую;

ов/у соватъ – сую; т.б. [3, 175].

«Сонымен, егер орыс тілінде дауыстылардың морфонологиялық алмасуы әрі көп, әрі сан түрлі болса, қазақ тілінде морфонологиялық алмасуда тек дауысты [ы, і] және /нөл дыбыс/ қатынасады. Қазақ тілінде екі, үш дауыстыдан тұратын, дауысты мен дауыссыз біріккен морфонологиялық алмасулардың болуы мүмкін емес, ал орыс тілінде мұндай морфонологиялық алмасулар тілдің үлкен ерекшелігі, белгілі қасиеті болып саналады»,- дейді М.Жүсіпұлы [3, 174-175]. Дегенмен, морфонологиялық құбылыстарды тап басып көрсетуге келгенде әлі де әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы, қазақ тілінің дәстүрлі зерттеулерінде ойын-ойна, мұрын-мұрны, ерін-ерні деген сөздердегі ы, і қысаң дауыстылардың түсіп қалуын, яғни қысаң дауыстылардың нөл дыбыспен алмасуы «толық редукция» деп аталып, фонологиялық алмасуға жатқызылған [5, 74]. 

Ал М.Жүсіпұлы мұндай алмасуларды морфонологиялық құбылысқа жатқызады. Оның көрсетуі бойынша, мұрын-мұрным, дарын-дарыным деген сөздердің бірінде қысаң дауысты ноль дыбыспен алмасатын болса, екінші дәл осындай жағдайда өзгеріс болмайды. Сондықтан бірдей жағдайда екі түрлі алмасу болуы фонологиялық құбылысқа жатпайды, оны морфонологиялық құбылыс деп дәлелдейді. Фонологиялық заңдылық бірдей жағдайда екі түрлі болуы мүмкін емес. Демек, фонологиялық алмасуларда заңдылық толық сақталып отырса, ал морфонологиялық құбылыстарда бір сөздерде алмасу болса, дәл осындай жағдайдағы келесі сөздерде алмасу кездеспейді. Мысалы, мұрын-мұрным, сабын-сабыным.Бұрын фонетика заңымен түсіндіріліп жүрген парақ-парағым, жүрек-жүрегім, доп-добым, мектеп-мектебім сияқты сөздердегі қ/ғ, к/г, п/б алмасулары морфонологиялық алмасуға жатқызылуы тиіс екен. Мәселен, Алмасулар:             

қ/ғ: парақ-парағым-парақтар;

к/г: терек-терегім-теректер;

п/б: доп-добым-доптар;

п/т: мектеп-мектебім-мектептер [3, 181].

М.Жүсіпұлының көрсетуі бойынша, «Орыс тілінде дәл осындай көзге іліп аларлық морфонологиялық алмасулар кездеспейді. Ал город [т] города, рог [к] рога сияқты сөздердегі алмасулар морфонологиялық алмасулар емес, фонологиялық алмасулар екеніне ешқандай дау жоқ. Мұндай сөздерде финалды ұяң дауыссыз дыбыс қатаңдайды, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстар үшін сөздің финалдық позициясы - әлсіз позиция. Себебі, бұл позицияда орыс тілінің ұяң, қатаң дауыссыздары қарама-қарсылық оппозиция, корреляция жасай алмайды: ұяң да, қатаң да болып дыбысталады», - дейді [3, 182]. Бұл туралы Н.Оралбаева мен А.Қалыбаева еңбегінде: «Кері ықпал тұсында түбір соңы к, қ, п қатаң дауыссыздарға біткендерге дауыстыдан басталатын екінші морфеманың басқы дыбысы әсер етіп, көг-і, шоғ-ы, таб-ылды, тау-ып, т.б. құбылулар да морфонологияның еншісіне тиеді», - деп көрсетілді [6, 77]. Морфонологиялық құбылыстарды морфологиядан ажырату үшін төмендегі мысалдарға назар аударайық: қызық-қызықты, тиіс-тиісті, мынадай-мынандай, барған едім-барған е/ді/м; Осы мысалдардан сөзге басы артық дыбыс қосылса да сөз мағынасында өзгеріс болмағанын байқаймыз. Демек, А.Айғабыловтың айтуы бойынша, морфология заңымен түсіндіре алмайтын, мұндай өзгерістер морфонологиялық құбылыстар деп түсіндірілуі керек. М.Жүсіпұлының пікіріне тоқталатын болсақ, фонологиялық алмасуда жеке сингармофонемалар емес, бір сингармофонеманың позициялық түрлері қатысады, яғни фонологиялық алмасу бір сингармофонеманың құрамына кіретін сингармодыбыстардың көлемін қамтиды [3, 173]. Фонологиялық алмасу тарихи алмасу емес, бүгінгі алмасу. Фонологиялық алмасу барлық сөздерде бірдей кездеседі. Мысалы: қазақ тілінде тіл алды /ң/, еріндік /м/, /б/-лардың бас жағында тұрып, барлық қазақ сөздерінде регрессивтік ассимиляцияға ұшырайды: нан ба /намба/ [3, 173]. Сонымен, фонологиялық және морфонологиялық алмасулардың төмендегідей ерекшеліктері бар екен: Фонологиялық алмасу: позицияға тәуелді, позициямен анықталады, барлық сөздерде бірдей қызмет атқарады; Морфонологиялық алмасу: позицияға тәуелді емес, позициямен анықталмайды, барлық сөздерде бірдей қызмет атқармайды.

М.Жүсіпұлы көрсетуіне қарағанда, қазіргі әдеби орыс тілінде фонологиялық және морфонологиялық алмасулар сөздің құрамында бір дыбыстар тіркесінде кездесуі мүмкін. Мысалы: намазать – намажу – намажь; резать – режу – режь т.б.

Бұл мысалдарда з/ж алмасуы морфонологиялық /бейпозициялық/, ж/ш алмасуы фонологиялық /позициялық/ болады [3, 173]. «Қазақ тілінде мұндай жағдайды кездестірмедік: егер сөздің құрамындағы бір дыбыстар тіркесінде морфонологиялық алмасу болса, онда фонологиялық алмасу болмайды, егер сөздің құрамындағы бір дыбыстар тіркесінде фонологиялық алмасу болса, онда морфонологиялық алмасу болмайды»,- дейді М.Жүсіпұлы [3, 174].



Сонымен, мұндай алмасуларға байланысты қазақ тілінде универсалды заңдылық жоқ, ал орыс тілінде бар. Орыс тілінде алмасуға бір фонеманың позициялық түрлері қатынасады, қазақ тілінде жеке сингармофонемалар қатынасады. Сондықтан мұндай алмасулар морфонологиялық алмасулардың құрамына жатады. Яғни қазақ, орыс тілдері арасында сыртқы тұлғасымен ұқсас алмасулардың ішкі жан-дүниесі бір-біріне мүлдем ұқсамайды, сондықтан бұлардың статусы бірдей емес: қазақ тілінде - морфонологиялық алмасу, орыс тілінде - фонологиялық алмасу [3]. Фонетика заңдылықтары бойынша көрші дыбыстардың бір-біріне әсер етіп алмасуын тіл дыбыстарының позициялық өзгерісі деп түсіндірілетіні белгілі. Ал кейінгі кезде фонетикалық дыбыс алмасуы деп түсіндіріліп келген кейбір алмасулар табиғаты өзгеше екендігіне назар аударылып, олардың морфонология заңдылықтарына бағындырылатындығы дәлелденді. Морфонологияның жеке сала ретінде бірліктері болуы керек болса, А.Айғабылұлы морфонологияның жеке еншісіндегі ұғымдарды да атап көрсетеді. Бұрын фонетика саласында әңгіме болатын игерусіз өзгерістер, сөз кұрылымының ықшамдалуы мен морфонологияда айтылып жүрген сөз құрылымының ұлғаюы - таза морфонология бірлігі, элизия, апокопа, гаплология, прокопа, метатеза, синкопа, қыстырма дыбыс, селбеспелі дыбыс, субморф дегендер морфонология ұғымдарын аңғартатын төл терминдер дейді [7, 147]. Морфонология тіліміздегі сөздердің түсіріліп айтылу мүмкіндігі бар мағынасыз бөлшектерін қарастырып, түсіріліп айтуға мүмкіндігі бар дыбыстардың сөз құрылымын ұлғайтуға себепкер болатынына назар аудартады. Мағынасыз бөлшектер сөз басында келуіне карай қатар дыбыс (протеза), тұлға жігінде келуіне қарай қыстырма дыбыс, сөз соңында келуіне қарай селбеспелі дыбыс, мағыналы бөлшектерге (жұрнақ, жалғау) ұқсас келуіне қарай тұлғасын (субморф) болып төртке бөлінеді [7, 158]. Тұлға жігіндегі дауысты дыбыстар арасына осы дауысты дыбыстарды сақтауды ғана мақсат ететін мағынасыз қыстырма дыбыстар қойылады. Мысалы, зырылда+ық – зырылда/ы/қ — зырылда +/у/+ық [8, 159]. Ал ықшамдалған сөздер сөз басында, сөз ортасында, сөз соңындағы ықшамдалу деп үш топқа бөліп қарастырылған. Мысалы, бақыр  ақыр, торы ала – торала, орын + ы  орны, қайын іні  қайыныны – қайын, аға-іні  аға-й-ыны  ағайын т.б. [7, 173]. Морфонологиялық дыбыс алмасу, сөз құрылымының ұлғаюы, сөз құрылымының ықшамдалуы жөніндегі зерттеу деректері фонетика мен морфология саласына қатысты бұрынғы қалыптасқан көзқарастар мен танымдарды қайта қарап, морфонологияны тіл білімінің бір саласы ретінде жете тануымызға жол ашты. Қорыта айтқанда, “Қазақ грамматикасындағы” А.Айғабылұлы жазған морфонология мәселелері осы саладағы ізденістерге тірек болатын, негізгі бағдарға алатын танымдық ғылыми ұстаным болды.

Қазақ тілі фонетикасы мен фонологиясының теориялық жағынан қалыптасуы мен дамуында сингармофонологиялық бағыттағы зерттеулердің, тіліміз дыбыс жүйесін сингармотеория негізінде қарастырудың маңызы зор болды. Қазақ тіліндегі сингармонизмнің фонологиялық қызмет атқаратындығы сингармонизм табиғаты, тіліміздің өн бойында сингармонизмге қатысты туындайтын теориялық мәселелердің заңдылықтары анықталып, жүйелі зерттеліп келеді.

Қазақ тілі дыбыс жүйесінің жаңа бағытта зерттелуі тіліміздің фонологиялық ерекшеліктері мен әр түрлі кырларын терең тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, жаңа міндеттерді де алға тартып отыр. Соның бірі - сингармониялық зерттеу нәтижесінде туындаған сингармонизм фонологиясының терминологиясын жасап, қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағытта да Ә.Жүнісбеков, М.Жүсіпұлы, С.Мырзабеков сияқты ғалымдардың жүйелі ізденістерін атап көрсетпекпіз. Қазақ терминдерін жасауда тіліміздің ішкі мүмкіншілігін пайдаланып, ал басқа тілден термин қабылдаған жағдайда оны өз тіліміздің заңдылығына бағындырып, дыбыстық өзгерістерге түсірудің дұрыстығын тіл дамуының қазіргі жағдайы айқын дәлелдегендей. Қорыта айтқанда, қазіргі кезеңде қазақ тілі фонологиясының зерттелуі жаңа бағытта дамып, тың ізденістермен толығып келеді. Сондықтан тіліміздің фонологиялық табиғатын терең тану мақсатында сингармонизм заңдылығын жан-жақты зерттеуге назар аударамыз. Қазақ (түркі) тілінің просодиялық доминантасы сингармонизм екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденуі нәтижесінде қазақ тіл білімінде сингармофонологиялық тұрғыдағы зерттеулерге жол ашылды. Қазіргі таңда қазақ тілі дыбыс жүйесі сингармофонологиялық бағытта жүйелі түрде зерттеле бастады. Қазақ тілі үндесім дыбыстар қоры, үндесім дыбыстары, дыбыс және буын үндесім бірліктері, қазақ сөз қабылданымының сингармониялық негіздері т.б. мәселелер ғылыми нысанаға алынды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыстар

2. Морфонологиялық құбылыстар

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.       Айғабылұлы А. Қазақ тілінің морфонологиясы. – Алматы: Санат, 1995. – 136 б.

2.       Жанабаева С.Б. Сингармонизм и слова во фразе (экспериментально – фонетическок исследование на материале казахского языка) АКД. – Ленинград, 1985. – 26 с.

3.       Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. – Алматы, 1998. – 216 б.

4.       Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 2001.

5.       Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 116 б.

6.       Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1986. – 192 б.

7.       Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. –784 б.

№15 дәріс тақырыбы: Қазақ морфонологиясының зерттелуі

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Қазақ морфонологиясының зерттелуі  

2. Морфонологиялық құбылыстар  мен фонетика арасындағы өзгерістердің  ара жігі

 

Қазақ тіліндегі морфонологиялық құбылыстардың зерттелуі нәтижелері бойынша фонетика саласындағы түсіндірілуі қиын бірқатар мәселелердің шешімі табылды. Морфонология саласындағы зерттеулер       фонетика-фонологиялық заңдылықтарды дұрыс тани білуге де  ықпал етті. Фонетика саласын  қарастыру барысында әлі де  кейбір  алмасуларды нақтылап, оның   қай саладағы өзгерістерге жататындығына ерекше мән беру керек. Бұрынғы оқулықтардағы деректерге  зер сала қарап, морфонологиялық құбылыстар  мен фонетика арасындағы өзгерістердің  ара жігін зерделей түсу қажет. Ғылым дамуының соңғы жетістіктері қазақ тіл білімінің жан-жақты зерттеулермен толыға түсіп жаңа бағытта ізденістер жүргізуіне жол ашты. Фонетика мәселелерін қарастыру барысында  морфонология  саланың қазақ тіл білімінде зерттелуіне ерекше үлес қосқан, морфонология жөнінде артына құнды ғылыми мұра қалдырған ғалым А.Айғабылұлы  зерттеулерін басшылыққа алып отырамыз. Морфонологияның зерттеу нысаны мен бірліктері, оның пайда болу жолдары т.б. жан-жақты зерттелуі фонетика мен морфология саласының да алға басуына игі ықпал етті, себебі бұл саладағы кейбір түсіндірілуі қиын құбылыстардың сыры ашыла түсті. Морфонология саласы кейінгі кезде одан әрі жаңа ізденістермен толыға түссе де, осы саланың зерттелуінің бастауында тұрған ғалым А.Айғабылұлы  еңбектерінің   маңызы зор деп білеміз. Сондықтан морфонологиялық құбылыстар  мен фонетика  арасындағы өзгерістерді  қарастыру барысындағы  күнделікті  зерттеулерімізде  аталған ғалым еңбектерін басшылыққа алып отырамыз.

Фонетика мен морфология - өзіндік зерттеу нысаны бар тіл білімінің жеке-жеке саласы. Ал осы екеуінің аралығындағы құбылыстарды немесе заңдылықтарды тіл білімінің кейінгі кезде ғана зерттеле бастаған бір саласы морфонология қарастырады. Морфонология термині морфема /сөз тұлғасы/ мен фонологияға қатысты алынған, морфонология сөзінен кірігу (гаплология) жолымен ықшамдалып жасалған [1.145]. Оны алғаш тіл біліміне Н.С.Трубецкой енгізді [2]. Морфонологияның дүниеге келіп, зерттеле бастауына әсер еткен басты себептердің бірі фонетика мен морфология аясында «шешімі қиын» мәселелердің саны артып, бірдей құбылыстарды бірде фонетика, енді бірде морфология аясында қарастырылуы еді. Дегенмен, зерттеушілер фонетика мен морфология қағидаларымен түсіндіруге көне бермейтін құбылыстарды байқап, оның басқа да сыры бар екендігіне назар аударған. Морфонология нысанына енетін құбылыстарды ең алғаш фонетиктер байқап, олар фонетика заңына сәйкес келе бермейтін грамматикалық өзгерістер болатынын аңғарып, оған жауап іздей бастады. Мұндай заңдылықтардың бар екендігі туралы алғашқы болып ой тастаған Бодуэн де Куртэне болды [3]. Ал осы ілімнің негізін салған Н.С.Трубецкой болып табылады. Морфонология мәселелері туралы түркітануда Э.Р.Тенишев, М.З.Закиев, И.П.Павлов, А.А. Юлдашев, ал қазақ тілінде алғаш Н.Оралбаева, А.Қалыбаева, М.Жүсіпұлының т.б. еңбектерінде сөз болғаны аян. Тіліміздегі морфонология заңдылықтары А.Айғабылұлының еңбектерінде арнайы қарастылырып, жан-жақты зерттелді. [4].

Тіл білімінде фонологиялық және морфонологиялық алмасулардың арасында қандай айырмашылық бар екендігін нақты көрсетудің маңызы зор. Фонологиялық алмасу негізінен қай тілде болмасын сөйлеуші ұлттың артикуляциялық мүмкіндігіне байланысты қалыптасады да, басқаша ауытқу болмайды. Морфонологиялық құбылыстар болса, артикуляцияның мүмкіндігіне бағынбайды. Сондықтан морфонологиялық құбылыстар бірыңғай қалыпта кездесе бермейді. Фонетикалық құбылыстар көрші дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы нәтижесіндегі өзгерістерге тәуелді болса, морфонологиялық  құбылыстар – сөйлеу кезіндегі әртүрлі айтылу дағдысымен нормаға түскен, артикуляциялық жағынан бағынышты болмайтын өзгерістер.

А.Айғабылов фонетика мен морфонологиялық құбылыстарды бір-бірінен ажырата білу жөнінде төмендегідей мысалдарға назар аудартады. Тіліміз артикуляциялық базасының мүмкіндігінде жоқ сш,шс, нк,ақ, нг дыбыстар тіркесімі айтуда басшы /-башшы/, күшсіз /-күшсіз/, түнгі /түңгү/ өзгереді. Ал ек-ін /егін/, түп-і /түбі/, ақ-ыс /ағыс/ деген  сөздердегі к, п, қ дыбыстарын ұяң г, б, ғ дыбыстарымен айтамыз. Бұл өзгерістер қазіргі қазақ тілі фонетикасы оқулықтарында кейінгі ықпал заңымен түсіндіріледі. Ал екі, апа, көпір, мықын деген сөздердегі  к, п, қ неге ұяң дыбыстармен айтылмайды?! Демек, А.Айғабыловтың көрсетуінше, бұл артикуляциялық мүмкіндікке қатысы жоқ өзгеріс дағдысына байланысты пайда болған нормалар ретінде морфонологиялық құбылыс деп қаралуы керек екен. Ғалым «Егер қазақ тіліндегі ілгерінді ықпал, кейінді ықпал жолымен түсіндірілетін өзгерістерді артикуляциялық мүмкіндікке қатысты өзгеріс пе, әлде сөйлеу кезінде әр түрлі айтылу дағдысымен нормаға айналып кеткен өзгеріс пе деген сұраққа жауап алсақ, фонетика мен морфонологияның еншісін де бөлу қиын болмайды», - дейді [4.12].

Фонетистер тарапынан ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалға  жатқызылып жүрген өзгерістердің бәрін фонетика заңымен түсіндіре беруге де болмайды. Себебі А.Айғабылұлы зерттеуі нәтижесінде фонетикалық құбылыс пен морфонологиялық құбылыстардың ара жігін ашып, түсінуге мүмкіндік болды. Мысалы, тарақ /тарағым/, керек/керегім/, ала кел /алагел/ деген сөздердегі қатаң дыбыстар өзінен кейін не бұрын келген дауысты дыбыстар әсерінен ұяңдап алмасады деген пікір бар. Ал шындығында, дауысты дыбыс қатаң дыбыстардың барлығымен де тіркесе алады. Мысалы: жақын, мықын, арқа, теке, ешкі; Сондай-ақ, А.Айғабыловтың көрсетуі бойынша, фонетикалық дыбыс алмасуда белгілі бір жағдайда бір ғана өзгеріс болса, морфонологиялық дыбыс алмасуда белгілі бір жағдайда түрлі өзгеріс болуы әбден мүмкін. Мысалы, фонетикалық құбылыс заңы бойынша көптік жалғауының бірі / Мысалы: - лар/ жалғанған сөзге келесі варианты /-лер,-дар,-дер,-тар,-тер/ жалғанбайды, ал морфонологиялық құбылыс кезінде бір тұлғаға жататын –шік/тік, шек/тек жұрнақтары бір сөзге жарыса жалғана беруі мүмкін /бүр-шік, бүр/тік/; Морфемалар жігінде п дыбысының у дыбысымен алмасуы фонетика оқулықтарында бұрын регрессивтік ассимиляция деп түсіндіріліп келді. Енді бұл алмасу морфонологиялық құбылысқа байланысты екендігіне көз жеткіздік. Сонымен, А.Айғабылов п дыбысына  біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда п дыбысы барлық жағдайда ұяңдап, б дыбысымен алмаса бермей, басқа да үш түрін көрсетеді:1) сап-сары, теп-тепеңде; 2) жап-жамыл; 3) жап-жауып; «Демек, бұлайша ауытқуға ие болып отырған п-б алмасуы фонетика еншісіне жата алмайды»,- дейді [5.27]. Міне, осындай толымды зерттеулер нәтижесінде морфонологияның нысаны, оның фонетика мен морфологиядан айырмашылығы анықталады.

Морфонологияның ерекшелігін жете тану бағытында М.Жүсіпұлы зерттеуіне де назар аударайық. Қазақ тілі аффикстері құрамында кездесетін морфонологиялық алмасуларды да тани білу қажет. Мысалы, дауысты дыбыспен бітетін түбірге бір жағдайда н сингармодыбыстарымен басталатын аффикстер жалғанады да, тағы бір жағдайда д сингармодыбыстарымен басталатын аффикстер жалғанады екен /бала-ның, бала-дан, кеме-нің, кеме-ден/; [6.178].

М.Жүсіпұлы қазақ тілінің вокализм жүйесінде бір-ақ түрлі морфонологиялық алмасу бар екенін анықтады. Ол алмасу [ы, і] дауыстылардың ноль дыбыспен алмасуы, яғни бұл дауыстылар сөздің формасы өзгергенде «түсіп қалады», яғни дыбысталмайды.

Алмасулар: ы/0,  і/0 (ноль): ойын – ойна, қырық-қырқыншы

                                     ерік-еркім, көрік-көркім [6.174].

Орыс тілінің дауысты дыбыстар жүйесінде морфонологиялық алмасулардың түлері көп. Альтернация мүшелері ретінде дауысты мен ноль дыбыс та, дауысты мен дауыссыз дыбыс та алмасуда қатынасады екен:

Алмасулар: о/0, е/0:    сонь – сна, день – дня,  пень – пня; т.б. [6.175].

Альтернациялық алмасуға қатынасатын дауысты дыбыстардың саны екеу, үшеу болуы мүмкін, дауысты мен дауыссыз тіркесіп алмасуға қатынасуы мүмкін, т.б.

Алмасулар:       ы /у/о: засыхать – засушить – засохнет;



е/о             петь – пой;

и/е             бить -  бей;

ев/у           ночевать – ночую;

                                      ов/у            совать – сую; т.б. [6.175]

«Сонымен, егер орыс тілінде дауыстылардың морфонологиялық алмасуы әрі көп, әрі сан түрлі болса, қазақ тілінде морфонологиялық алмасуда тек дауысты [ы, і] және /ноль дыбыс/ қатынасады. Қазақ тілінде екі, үш дауыстыдан тұратын, дауысты мен дауыссыз біріккен морфонологиялық алмасулардың болуы мүмкін емес, ал орыс тілінде мұндай морфонологиялық алмасулар тілдің үлкен ерекшелігі, белгілі қасиеті болып саналады»,- дейді М.Жүсіпұлы [6.174-175].

Дегенмен, морфонологиялық құбылыстарды тап басып көрсетуге келгенде әлі де әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы, қазақ тілінің дәстүрлі зерттеулерінде ойын-ойна, мұрын-мұрны, ерін-ерні деген сөздердегі ы, і қысаң дауыстылардың түсіп қалуын, яғни қысаң дауыстылардың ноль дыбыспен алмасуы «толық редукция» деп аталып, фонологиялық алмасуға жатқызылған [7.74]. Ал М.Жүсіпұлы мұндай алмасуларды морфонологиялық құбылысқа жатқызады. Оның көрсетуі бойынша, мұрын-мұрным, дарын-дарыным деген сөздердің бірінде қысаң дауысты  ноль дыбыспен алмасатын болса, екінші дәл осындай жағдайда өзгеріс болмайды. Сондықтан бірдей жағдайда екі түрлі алмасу болуы фонологиялық құбылысқа жатпайды, оны морфонологиялық құбылыс деп дәлелдейді. Фонологиялық заңдылық бірдей жағдайда екі түрлі болуы мүмкін емес. Демек, фонологиялық алмасуларда заңдылық толық сақталып отырса, ал морфонологиялық құбылыстарда бір сөздерде алмасу болса, дәл осындай жағдайдағы  келесі сөздерде алмасу кездеспейді.

М.Жүсіпұлының көрсетуі бойынша, «Орыс тілінде дәл осындай көзге іліп аларлық морфонологиялық алмасулар кездеспейді. Ал город [т] – города, рог [к] – рога сияқты сөздердегі алмасулар морфонологиялық алмасулар емес, фонологиялық алмасулар екеніне ешқандай дау жоқ. Мұндай сөздерде финалды ұяң дауыссыз дыбыс қатаңдайды, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстар үшін сөздің финалдық позициясы - әлсіз позиция., себебі бұл позицияда орыс тілінің ұяң, қатаң дауыссыздары қарама-қарсылық оппозиция, корреляция жасай алмайды: ұяң да, қатаң да болып дыбысталады» -, дейді [6.182]. Бұл туралы Н.Оралбаева мен А.Қалыбаева еңбегінде: «Кері ықпал тұсында түбір соңы к, қ, п қатаң дауыссыздарға біткендерге дауыстыдан басталатын екінші морфеманың басқы дыбысы әсер етіп, көг-і, шоғ-ы, таб-ылды, тау-ып, т.т. құбылулар да морфонологияның еншісіне тиеді», - деп көрсетілді [ 8.77].

Морфонологиялық құбылыстарды морфологиядан ажырату үшін төмендегі мысалдарға назар аударайық: қызық-қызықты, тиіс-тиісті, мынадай-мынандай, барған едім-барған е/ді/м; Осы  мысалдардан сөзге басы артық дыбыс қосылса да сөз мағынасында өзгеріс болмағанын байқаймыз. Демек, А.Айғабыловтың айтуы бойынша, морфология заңымен түсіндіре алмайтын мұндай  өзгерістер морфонологиялық құбылыстар деп түсіндірілуі керек.

Морфонологияның жеке сала ретінде бірліктері болуы керек болса, А.Айғабылұлы морфонологияның жеке еншісіндегі ұғымдарды да атап көрсетеді. Бұрын фонетика саласында әңгіме болатын игерусіз өзгерістер, сөз құрылымының ықшамдалуы мен морфонологияда айтылып жүрген сөз құрылымының ұлғаюы – таза морфонология бірлігі, элизия, апокопа, гаплология, прокопа, метатеза, синкопа, қыстырма дыбыс, селбеспелі дыбыс, субморф дегендер морфонология ұғымдарын аңғартатын төл терминдер дейді [1.147.]. Морфонология  тіліміздегі сөздердің түсіріліп айтылу мүмкіндігі бар мағынасыз бөлшектерін қарастырып, түсіріліп айтуға мүмкіндігі бар дыбыстардың сөз құрылымын ұлғайтуға себепкер болатынына назар аудартады. Мағынасыз бөлшектер сөз басында келуіне қарай қатар дыбыс (протеза), тұлға жігінде келуіне қарай қыстырма дыбыс, сөз соңында келуіне қарай селбеспелі дыбыс, мағыналы бөлшектерге (жұрнақ, жалғау) ұқсас келуіне қарай тұлғасын (субморф) болып төртке бөлінеді [1.158].

Морфонологиялық дыбыс алмасу, сөз құрылымының ұлғаюы, сөз құрылымының ықшамдалуы жөніндегі зерттеу деректері фонетика мен морфология саласына қатысты бұрынғы қалыптасқан көзқарастар мен танымдарды қайта қарап, морфонологияны тіл білімінің бір саласы ретінде жете тануымызға жол ашты. Қорыта айтқанда,  қазіргі зерттеулерде морфонология мәселелері  туралы А.Айғабылұлы   зерттеулеріндегі тұжырымдардың ғылыми  маңыздылығы артып, осы саладағы ізденістерге тірек болатын ұстаным, негізгі бағдар болып отыр.

        Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қазақ морфонологиясының зерттелуі  

2. Морфонологиялық құбылыстар  мен фонетика арасындағы өзгерістердің  ара жігі

  Ұсынылатын әдебиеттер:

1.       Айғабылұлы А. Қазақ тілінің морфонологиясы. – Алматы: Санат, 1995. – 136 б.

2.       Жанабаева С.Б. Сингармонизм и слова во фразе (экспериментально – фонетическок исследование на материале казахского языка) АКД. – Ленинград, 1985. – 26 с.

3.       Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. – Алматы, 1998. – 216 б.

4.       Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 2001.

5.       Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 116 б.

6.       Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1986. – 192 б.

7.       Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. –784 б.

 

3 Практикалық сабақтар



1-тәжірбиелік сабақ. Морфемика туралы түсінік.

Сабақ мазмұны:

  1. Морфемиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері

2. Морфемиканың басқа салалармен байланысы

Сабақтың мақсаты: Морфемика туралы түсінік беру. Морфемиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделерімен танысу.

Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілінінің грамматикасы. І. Морфология. А. Ысқақов, К. Аханов, С. Исаев еңбектеріне шолу жасау. Конспект. Таладау жұмыстары.

Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектерді морфемалар деп атайды. Морфеманың өзіне тән мағынасы(мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Морфемалар түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөлінеді.

Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін мағыналарды айтамыз.

1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Морфемиканың зерттеу объектілері

2.Морфемиканың Морфемиканың зерттеудің мақсат-мүдделері.

3.Морфемиканың басқа салалармен байланысы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991

3 Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

4 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

5 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

6 Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
2-тәжірбиелік сабақ. Түбір морфема (негізгі), аффикстік морфема(қосымша).

Сабақ мазмұны:

1.Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымдық бөлігі.

2.Морфема туралы түсінік. түбір морфема(негізгі), аффикстік морфема(қосымша).

Сабақтың мақсаты: Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымдық бөлігі екендігін түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау: Түбір морфема (негізгі), аффикстік морфема(қосымша) туралы мағлұмат беру. Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымды бөлшегі

Морфема дегенмен қатарласып, морф терминін де қолданамыз. «Орыс грамматикасында» бір морфеманың бір, екі, көп морфтары болуын негіздеп, нақты обьекті сөз болғанда, оны морф деп атайды. Бұлай атау қазақ тілі үшін қосымшаларға әбден сайма-сай келеді. Морфтардың түрлері. Қызметі.

2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Сөз формасы деген не?


  1. 2.Сөздің негізгі түрлері?

  2. 3. Туынды түбірлерге мысал келтіріңдер.

  3. 4. Түбір морфема және аффикстік морфема дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991

3 Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

4 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

5 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

6 Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
3-тәжірбиелік сабақ. Түбір морфема (негізгі), аффикстік морфема(қосымша).

Сабақ мазмұны:

1.Морфемалардың мағынасы мен қызметі.

2.Морфемалардың басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі.

Сабақтың мақсаты: Түбір морфема (негізгі), аффикстік морфема(қосымша) жайлы түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау: Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы.Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді.

Лексикалық мағынаны білдіретін морфема негізгі немесе түбір морфема деп аталса, грамматикалық мағынаны білдіретін морфема көмекші немесе аффикстік морфема деп аталады. Олар, мысалы, түркі тілдерінде дербес сөз ретінде қолданыла алады. Ал аффикстік морфемаларда мұндай дербестік болмайды. Сондықтан да олар көмекші морфемалар деп аталады. Аффикстік морфемалар әрқашан сөз құрамында қолданылады. Олар сөзден тыс, ешқандай мағынаны білдіре алмайды.



3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Морфемалардың мағынасы мен қызметі қандай?

2. Морфемалардың басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі не?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991

3 Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

4 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

5 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

6 Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
4-тәжірбиелік сабақ. Лексика-грамматикалық морфемалар туралы түсінік. Лексика-грамматикалық дербес морфемалар. Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар.

Сабақ мазмұны:

1.Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар.

2.Дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшілер.

3.Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық морфемалар туралы түсінік. Лексика-грамматикалық дербес морфемалар. Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар.

жайлы түсіндіру.



Әдістемелік нұсқау: Сөздердің жарты құралы екі бөліктен тұрады.1. Түбір (негіз) тұлға ( түбір морфелялар)
2. Аффикстер (қосымша морфелялар). Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, бір ізге түскен пікірді Түрік тектес тілдердің көбінде сөздердің құрылым жүйесі анық көрініп тұрады. Негізгі түбір морфема сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі негізі деп саналады да, ол сөздің лексикалық мағынасын білдіреді. Сондықтан негізгі морффолс сөздің құрамы мен мағынасының негізгі ұйытқысы болып табылады. Негізгі морфема - мағынасы жағынан да, қызметі жағынан да дербес қолданыла алатын морфема. Ал қосымша морфелада олардың дербестігі жоқ. Қосымша морфема негізгі морфемаларға қосылып айтылады да, сол арқылы белгілі лексика –грамматикалық мағынаға ие болады. Тілімізде көмекшілердің сөз құрамында алатын белгілі орны бар.

4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Түбір дегеніміз дегеніміз не?

2.Қосымша дегеніміз не?

3.Грамматикалық ұғымдар дегеніміз не?

4.Лексика-грамматикалық дербес морфемалар. Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемаларға қайсысы жатады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991

3 Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

4 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

5 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

6 Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.
5-тәжірбиелік сабақ. Бір және көп функциялы қосымшалар. Қосымшалардың семантикасы.

Сабақ мазмұны:

1. Аффикстер морфонологиясы туралы түсінік

2. Аффикстер морфонологиясы.

Аффикстер морфонологиясы туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Аффикстер морфонологиясы туралы түсінік

Аффикстер морфонологиясы. Аффикстер морфонологиясы туралы

жайлы түсіндіру.



Әдістемелік нұсқау: Агглютинативті тілдердің бір түбірде екі, үш, бес, сегізге дейін аффикстер үстеліп, тізбектеле қосылып қолданылуын тіл мамандары «әр аффикс бір-бірден ғана мағына беруінен» деп түсіндірді. Шындығына келгенде,өзге түркі тілдері сияқты қазақ тілінде де аффикстер басым көпшілігінде бір функциялы болып келеді.Бұған біз жалғаулардың,олардың ішінде, көптік жалғаулардың ішінен –лар,-лер дегенін арнайы бөліп алып,көрсетейік.бала-лар немесе олар дегендер мен біз-дер,сен-дер,сіз-дер, сондай-ақ,жіктік жалғауларының да: бала-сыз-дар,бара-сың-дар,отыр-сың-дар т.басқаларға зер салсақ,-лар тек көптікті білдіреді,ал 1-жақ па, 2-жақ па,оның анайы,сыпайы түрлері ме – бәрі де -лар,- дар арқылы емес,жіктеу есімдіктерінің мән мағынылары,жақтарымен ажыратылып,таны-лып тұр. 2.Мысалға –ді(оның –ды т.б.морфонемалық варианттарын қосып) дегенді алайық.Бұл,мәселен,кел-ді және кел-е-ді дегендерде қолданылады.Осы екі сөздегі тұлғаластар жұрнақша ма,жалғау ма,екуі бір ме,біреу ме әлде омомрф па? Бұл екуі –бір емес.Өйткені,біріншіден,соңбір емес.Өйткені,бірінiшіден,ол келе ме?-деп, -ді 3-жақ жіктік жалғауын түсіріп айтуға да болады.Біріншідегі-ні бұлай етуге келмейді.

3.Екі, үш,көп функциялы аффикстер де өзінен соң қосымшалар үстеліп,өзіне тән болып телінетін бір мағынаысын сақтап,өзге грамматикалық функцияларынан айрылады.

5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Бір функциялы қосымшалар

2.Көп функциялы қосымшалар

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991

3 Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

4 Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

5 Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

6 Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет