В072-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «Гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы» пәні бойынша №2 Аралық бақылау сұрақтары 2021-2022 оқу жылына арналған


Ингредиенттерді майдалау және араластыру реттілігіне әсер ететін факторлар



бет6/36
Дата01.03.2022
өлшемі1,6 Mb.
#133765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
1РК ответы

Ингредиенттерді майдалау және араластыру реттілігіне әсер ететін факторлар.




  1. Тритурациялар. Анықтамасы. Гомеопатиялық ұнтақты ысқылауларды (тритурацияларды) құрғақ дәрілік заттармен дайындау.

Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылтулар
Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылтулар (потенция) – гомеопатиялық
тритурациялар, түйіршіктер және т.б. дәрілік түрлерді дайындау үшін, ішке
және сыртқа қолданатын дәрілік препарат ретінде пайдалануға болатын сұйық
дәрілік түрлер.
Сұйылтуларды алады:
- гомеопатиялық ерітінділерді сұйылту және потенцирлеу арқылы;
- тритурациядан сәйкес келетін еріткіштермен потенцирлеп;
- бастапқы тұндырмадан сұйылту және потенцирлеу арқылы.
Гомеопатиялық ерітінді мен сұйылтулар сәйкес келетін еріткіште сұйық
біркелкі жүйе болып табылады. Еріткіш ретінде пайдаланылады: тазартылған
және инъекцияға арналған су, әртүрлі концентрациядағы этанол, глицирин.
Егер жеке мақалада көрсетімесе ерітінділерді қыздырмау қажет.
Гомеопатялық тритурация
Гомеопатиялық тритурация (ұнтақты ысқылау) – дәрілік зат ұнтақ
қоспаларынан, сұйық препараттардан немесе қосымша заттардың
сұйылтуларынан тұратын ұнтақ тәрізді қатты дәрілік түр.
Тритурацияны дайын дәрілік түр ретінде ішке қолдануы, сондай-ақ әртүрлі
белгілеудегі басқа гомеопатиялық дәрілік түр дайындау үшін қолдануы
мүмкін. Әдетте тритурацияны дайындау С3 аяқталады, келесі сұйылтуларды
сұйық ретінде дайындайды. Тритурациядағы дәрілік заттардың
концентрациясы 1: 10 немесе 1: 100 қатынаста көрсетіледі.
Құрғақ дәрілік заттармен (соның ішінде металдар) лактоза алдын – ала
ұсақ ұнтаққа дейін , егер жеке мақалада көрсетілмесе, бөлшек өлшемі 65 мкм
–ге дейін ұнтақталады. Негізгі заттардың ұнтақтылығын елеуішпен талдау
немесе атмосфералық қысымда ауа ӛткізгіштігі бойынша өлшенген, сыртқы
беткейінің көлемі бағаланады. Лактозаның ұсақ ұнтақтылығының сыртқы
беткейінің кӛлем мәні 0,50 м 2
/г аз болмауы керек.
Тритурацияны қолмен дайындау кезінде фарфор келі пайдаланылады.
Метал келіні қолдану рұқсат етілмейді. Гигроскопиялық дәрілік зат
қыздырылған келіде ысқылануы керек.
Улы және иісті заттарды дайындау үшін әріптермен кӛрсетілген арнайы
келілер қолданады.
Құрғақ заттардан тритурация дайындау
Массасы 1 кг – дейін тритурация дайындау кезінде келесі түрде болады:
Негізгі (бастапқа) затты сүт қантымен фарфор келіде 1 сағаттан кем емес
мұқият ысқылайды. Келі қабырғаларынан мұқият жинақтайды.
1 бөлік зат және 9 бөлік сүт қанты - D1
0,1 бөлік зат және 9,9 бөлік сүт қанты - С1
Сүт қантының порциясын 3 бөлікке бөледі. Бір бөлігімен келінің
саңлауын бекітеді. Негізгі затты қосады 6 минут ысқылайды, 4 минут бойы
келі қабырғасынан жинақтайды. Тағы да 6 минут ысқылайды және 4 минут
бойы келі қабырғасынан жинақтайды. Сүт қантының екінші бӛлігін қосады
және тағы да 2 рет ысқылау және жинақтау операциясын қайталайды. Сүт
қантының 3-ші бөлігін қосып, сол операция қайталанады. Барлығы 1 –
сағаттық жұмыс.
Келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудан алынып, дәл осылай дайындалады.
Кейбір жағдайда анағұрлым жоғары сұйылтулар алу үшін сулы немесе сулы –
спиртті ерітінділерді дайындауға өтеді. Мысалы: калий карбонаты сұйылтуы
D 2 ден бастап В. Швабе жетекшілігі бойынша сулы ерітінді ретінде
дайындалады. Магний хлорат ерітіндісі D 3 – тен бастап В. Швабе
жетекшілігі бойынша сулы- этанол ретінде дайындалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет