Важнейшие правила


сыныпқа арналған АудХО-2019-2020 теориялық тур тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата08.06.2020
өлшемі493,82 Kb.
#72646
1   2   3   4   5
Байланысты:
10кл Задания каз (1)
Пікірталас мәдениеті, Пікірталас мәдениеті
10 сыныпқа арналған АудХО-2019-2020 теориялық тур тапсырмалары 

Орындалу уақыты – 180 минут. 35 балл 



 

 

№10-1-2019аудан. 5 балл.  

28  г  мыс  пен  темірдің  қоспасын  артық  мөлшерде  тұз  қышқылымен  өңдеді.  Нәтижесінде,  6,72  л 

(қ.ж.) газ бөлінді.  

1.  Бөлінген газдың зат мөлшерін есепте. (2 балл)  

2.  Қоспадағы металдардың массалық үлестерін есепте (3 балл) 



 

№10-2-2019аудан. 6 балл.  

20 г күміс нитратының қаныққан ерітіндісін 80°С-тан 20°С-қа дейін салқындатқанда тұздың белгілі 

бір мөлшері кристалданады. АgNO

3

-ның ерігіштігі 80°С-та 635 г, ал 20°С-та 228 г (100 г суда).     



1.  80°С-та қаныққан ерітінді құрамындағы АgNO

3

 массасын есепте. (2 балл) 



2.  Ерітіндіні 20°С-қа дейін салқындатқанда кристалданғанАgNO

3

 массасын есепте. (4 балл) 



 

№10-3-2019аудан. 7 балл.  

50 мл 3.451%-ды иодтау қышқылы (HIO

3

) (тығыздығы 1,02 г/мл) берілген.  



    1. Ерітіндідегі қышқылдың мөлшерін тап. (1 балл) 

    2. Ерітінді концентрациясын есепте.  (2 балл)  

    3.  Берілген  ерітіндідегі  сутек  ионы  концентрацияларын  есепте  (HIO

3

-ты  күшті  қышқыл  деп   



есептеңіз).  (1 балл) 

   4. Ерітіндінің сутектік көрсеткішін (pH) есепте. (3 балл) 



 

№10-4-2019аудан. 8 балл. 

Белгісіз бейорганикалық қосылыс құрамында 31.86% мырыш, 27.45% азот, 34.80% хлор, 5.88% 

сутек бар.   

1. Осы қосылыстың эмпирикалық формуласын (брутто-формуласын) анықта. (2 балл) 

Осы қосылысты қатты қыздырып ыдыратты, нәтижесінде құрамында мырыш пен хлор бар тұз және 

448 мл газ бөлінді.   

2. Қыздыру нәтижесінде қандай газ бөлінді? (1 балл) 

3. Түзілген тұздің мөлшерін есепте. (2 балл) 

Кейін тұзды суда ерітіп, пайда болған ерітінді арқылы анодта 56 мл хлор бөлінгенше ток өткізді.   

4. Нәтижесінде ерітінді массасы қаншалықты өзгерді? (3 балл) 



 

№10-5-2019аудан. 9 балл.  

Органикалық химия  – химияның қызықты да, ғажайып саласының бірі. Оқушылардың көпшілігі 

органикалық химияның терең меңгермей, тек химиялық реакциялар мен синтетикалық тізбектерді 

білуге  тырысады.  Ғылымға  бойлай  берсеңіз,  органикалық  химияда  фундаменталды  сұрақтарды 

терең  меңгеру  нәтижесінде  алдыңыздан  ғылымның  ғажайыптары  ашыла  бастайды  (көптеген 

механизмдер, реакцияның жүру себептері мен салдарлары). 

Органикалық химиядағы ең кіші қосылыс – метан (CH

4

). Метан құрылысы жағынан симметриялы, 



тетрэдр пішінді молекула.   

1.  Метан молекуласындағы көміртек атомының электронды конфигурациясын жаз. (2 балл) 

2.  Бұл конфигурацияда көміртек қанша байланыс түзе алады? (1 балл) 

3.  Көміртектің 4 байланыс түзу мүмкіндігін қалай түсіндіруге болады? (1 балл)  

Органикалық молекуланы қарастырғанда, көміртек атомының тотығу дәрежесін білген пайдалы.  

1.  C


5

H

12



 молекулалық формулалы қосылысының барлық мүмкін изомерлерін сыз. (3 балл) 

2.  Этанол  молекуласындағы  (CH

3

CH

2



OH)  әрбір  көміртек  атомдарының  тотығу  дәрежелерін 

есепте (2 балл) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет