Вестник казнпу им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4(72), 2020 г. 180 Мрнти



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата27.12.2022
өлшемі1,2 Mb.
#164592
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
136-Текст статьи-588-1-10-20210610
Полугодовой отчет
Практика
Нейрондық желілер адамның миына ұқсас аналитикалық есептеулерді қажет ететін күрделі 
мәселелерді шешу үшін қолданылады. «Нейрондық желілер» термині туралы алғаш мәлімет 
1943 жылы В. Маккуллохтың (ағылшын тілінде 
Warren Sturgis McCulloch
) және В.Питтстің 
(ағылшын тілінде
Walter Pitts
) идеялар мен жүйке белсенділігінің логикалық есебі туралы іргелі 
мақаласында кездеседі. Нейрондық желілер теориясының қалыптасуы Дональд Олдинг Хебб 
(ағылшын тілінде 
Donald Olding Hebb)
пен Фрэнк Розенблаттың (ағылшын тілінде 
Frank Rosenblatt

еңбектерінде де сипатталған. 1958 жылы перцептронды оқытушы алғаш рет оқытуды модельдеу үшін 
ұсынған [8, 9]. 
Нейрондық желіні модельдеу үшін модельденетін объекті туралы көптеген деректерді жинау, 
оның ерекше белгілерін анықтау, компьютерде орындалатын операциялардың жиынтығын құрайтын 
алгоритмін құру қажет. Нейрондық желілердің қызметі жіктеу (сұрыптау), болжау және объектілерді 
немесе оқиғаларды тану негізінде жүзеге асырылады.
Мұндағы, Жіктеу – деректерді параметрлер бойынша бөлу. Болжау – деректер негізінде зерттеу 
объектісінің болашақ жағдайы туралы пайымдау. Тану – қазіргі уақытта нейрондық желілердің ең 
көп қолданылған тәсілі [10-12].
Мысалы, 
«
Құртқашаш Фишер» тапсырмасы бойынша кейбір белгілеріне сүйене отырып, осы 
өсімдіктің түрлерін анықтайтын нейрондық желіні құру (1-сурет). 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4(72), 2020 
183
 
 
 
Қылтанды құртқашаш 
Виргин құртқашашы 
Түрлі-түсті құртқашаш 
Сурет 1. Құртқашаш (Ирис) түрлері 
 
1. 
Деректер
: Құрқашаш 150 дана түрінің өлшемдері, үш түрдің әрқайсысының 50 данасы: 
қылтаңды, виргин, түрлі-түсті [13]. 
2. 
Ерекше белгілері
: Әр үлгі үшін 4 ерекше белгі белгілі: гүл тостағаншасының жеке жапырағының 
ұзындығы, гүл тостағаншасының жеке жапырағының ені, жапырақтың ұзындығы, жапырақшаның 
ені. 
3. Деректер қорынан кез келген ирис түрін анықтау үшін оны жіктей алатын 
алгоритм 
құрастырамыз. Нысанды жіктеу дегеніміз - берілген Құртқашаш класына жататын түрін көрсетуді 
білдіреді. Машинамен оқытуда жіктеу мәселесі, атап айтқанда, мұғаліммен жаттығу түрінде 
эксперимент жасау арқылы жасанды нейрондық желілер әдістерін қолдану негізінде шешіледі. 
4. Нейрондық желіні оқыту процесін сипаттайық. 
1) Келесі сілтемеден http://www.neurotechlab.ru/download Neural Excel программасын жүктеп 
алайық [14]; 
2) Excel-ге келесі баптауларды енгізіңдер (Файл – Параметры – Надстройки – Управление – 
Надстройки Excel – Перейти. (Обзор) Шолу арқылы орнатылған Neural Excel файлын табыңдар). 
3) Орнатылғаннан кейін Neural Excel үлестірмесі меню қатарында пайда болады, содан соң 
«Примеры данных» таңдаймыз да, пайда болған менюден «Ирисы Фишера» таңдаймыз (Сурет 2). 
Сурет 2. Neural Excel үлестірмесі 
Кесте автоматты түрде деректермен толтырылады. Сонымен қатар дайын деректерді қолданып, өз 
еріктеріңмен деректерді толтыруға болады.
4) «Мастер обучения» батырмасын басамыз және «Создать новую нейронную сеть» командасын 
таңдаймыз да, ОК батырмасын басамыз.
 
5) «Настройка процесса обучения нейронной сети» терезесін суретте көрсетілгендей белгілермен 
баптаймыз:«Тип поля - Входное и Тип нормализации - Линейная нормализация» (Сурет 3). 
6) CLASS бағанасы үшін «Тип поля - Выходное және Тип нормализации - Линейная 
нормализация» деп таңдаймыз. Ары қарай «Далее» батырмасын басамыз. 
7) Баптауды жалғастырамыз, ол үшін қабаттардағы нейрондар санын өзгертіп жазамыз, біздің 
жағдайда – 17 (Сурет 4). 
8) Келесі терезеде «Описание нейронной сети»
 
жолында мысалдың атауын «Пример Ирисы 
Фишера» деп өзгертеміз. 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4(72), 2020 г. 
184
Сурет 3. Нейрондық желіні оқыту процесін баптау
Сурет 4. Қабаттардағы нейрондарды баптау
 
9) Ары қарай 
«Начать обучение сети» батырмасын басамыз және оқытуды динамикалық 
график түрінде бақылаңдар (Сурет 5).
Сурет 5. Желіні оқыту
 
 
10) Нейрондық желіні оқытылуын тестілеу үшін, 
«Протестировать обученную сеть» 
батырмасын басыңыз. Тестілеу үшін кестенің 20 жолындағы деректерді таңдаймыз (Cурет 6 және 7). 
Сурет 6. Нейрон желісін тестілеу
Сурет 7. Тестілеу нәтижесі
«Вычислить»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет