«Ветеринария» факультеті «Микробиология, вирусология және иммунология»


Шошқаның инфекциялық гастроэнтеритінің қоздырушысы



бет3/4
Дата15.12.2021
өлшемі22,83 Kb.
#100857
1   2   3   4
Байланысты:
Марсінбай А. Эссе

3.Шошқаның инфекциялық гастроэнтеритінің қоздырушысы

Гастроэнтерит малда - бұзылған азықтан, химиялық және өсімдік уларының зардабынан түрлі жұқпалы аурулардан (топалаң, пастереллез, қылау, шошқа тілмесі, мәлік т.б.) пайда болады. Мұның катаральдық, дифтериялық т.б. түрі бар. Ауырған мал әлсірейді, қан аралас тышқақтайды, дене қызуы көтеріледі.

 Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтериті (Gastrоеnterіtіs іnfectіosa suum, вирусный гастроэнтерит свиней) аса жұғымтал катарлы-геморрагиялық гастроэнтерит, құсу, іші өту, сусызданумен ерекшеленетін, әсіресе 10 күнге дейінгі торайларды көп шығынға ұшырататын ауру.


     Қоздырушысы - құрамында рибонуклеин қышқылы бар вирус, сыртқы ауаға төзімсіз, ультракүлгін сәуледе, күн сәулесінде, жоғарғы (60-80 о С) температурада жылдам өледі, сезімтал жануарлардың денесінде 45 күнге дейін сақталады.
     Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және аурудан айыққан шошқалар. Аурумен зақымдалу қоректенгенде және ауамен болады. Аурудың пайда болуына, шошқаларды үзіліссіз бір бөлмеде тудыру, аналық шошқаларды ұстайтын шошқа қораларының профилактикалық санациялауға үзілістің жоқтығы және жеке секциялардың жоқтығы себеп болады. Бұл орайда, сезімтал жануарларға қораларда әрдайым вирустың пассированиясы болады және вирус қораларда көбейеді.

     2. Вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруына диагнозды клиникалық, патологияанатомиялық, эпизоотологиялық деректерге және вирусты идентификациялаған жағдайда зертханалық зерттеулер арқылы қойылады.

     3. Зертханаға, ауру шошқалардың ащы ішегін (ащы және мықын ішектерді ішіндегі құрамымен бірге) және бірінші күн ауырған торайлардың ішек бездерін жібереді. Сынамаларды зертханаға, аузы тығыз жабылған шыны құтыға салып, оны ішінде сұйық азоты бар Дьюар құтысына салып жібереді. Серологиялық зерттеулер үшін, жануарлардан қан сарысуын, арнайы мұз салынған термосқа салып зертханаға жібереді.

     4. Трансмиссивті гастроэнтериттің табындағы эпизоотологиялық жағдайына байланысты шаруашылық субъектілер мыналарға бөлінеді:


     1) шошқаның трансмиссивті гастроэнтеритіне қан сарысуын тексергенде малдардың ауруға теріс нәтиже реакция беруі, яғни табылмауы және ауру қоздырғышы жоқ;
     2) аурудан таза, тек шошқаның трансмиссивті гастроэнтеритіне қан сарысуын тексергенде оң нәтиже көрсеткен жануарлары бар;
     3) шошқаның трансмиссивті гастроэнтеритінен таза емес (клиникалық белгілері анықталған шошқалары бар).

  2. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит


ауруын алдын алу іс-шаралары

     5. Қарамағында шошқалары бар шаруашылық субъектілері, шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруының алдын алу іс-шараларын орындау мақсатында, жыл сайын жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар өткізеді.

     6. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритін алдын алу келесілермен негізделеді:
     1) шаруашылық субъектілердің аумағын індет қоздырғышының енуінен қорғау;
     2) шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруын алдын алу мақсатында, барлық аналық шошқаларды, вакцинаны қолдану нұсқауына сәйкес профилактикалық вакцинация жасалынады;
     3) аналық шошқалардың тууын бөлекше орындарда ұйымдастыру;
     4) шошқалардың тууын бөлекше орындарда ұйымдастырғанда, "бос - бос емес" принципін сақтау керек;
     5) шошқалардың тууын бөлекше орындарда ұйымдастырғанда, профилактикалық уақыттар белгілеп, механикалық тазалық, күту құрал-саймандарды жуу, кептіру, дезинфекция жасау жұмыстарын жүргізеді.

     7. Трансмиссивті гастроэнтериттің табындағы эпизоотологиялық жағдайына байланысты шаруашылық субъектілерді біріктіргенде, репродукторларды белгілегенде, сатып алушылар мен тасымалдаушылар белгілейді.

     8. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритінен сау шошқа шаруашылық субъектілерін толықтырғанда, эпизоотиялық жағдайы ұқсайтын шаруашылық субъектісінен жасақтайды, сонымен қатар 30 күндік профилактикалық карантин кезінде міндетті түрде шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне серологиялық тәсілмен тексеру қажет. Егер, олар серологиялық зерттеу кезінде оң нәтиже көрсетсе, онда шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритінен таза шаруашылық субъектісін жасақтауға болмайды. Ол жануарларды союға немесе эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық субъектісіне жібереді.

     9. Егер тексеру кезінде ауруға оң реакция берген шошқалары бар шаруашылық субъектілерін топтастырғанда, осындай ауруы бар шаруашылық субъектілерінен немесе аурудан таза шаруашылықтан жасақтайды.

     10. Ауруға қолайсыз шаруашылық субъектілерінде және ауру малы бар шаруашылық субъектілерінде, тексергенде ауруға оң реакция берген шаруашылықта барлық аналық басты вакцинамен егеді.

     11. Шошқа қораларында технологиялық микроклиматты қалыпты жағдайда ұстау керек.


     Әрбір төлден жүріп өткеннен кейін, қораларды малдардан тазартады, 5-7 күн профилактикалық үзіліс беріп, құрал-жабдықтарды санитарлық өңдеуден өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет