Vii қысқы Азия ойындары


«Медеу» жоғары таулы спорт кешені



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі158,6 Kb.
#98487
1   2   3   4   5
Байланысты:
азиада
азиада
«Медеу» жоғары таулы спорт кешені
«Медеу» Азия ойындары үшін шешуші мағынаға ие болады. Бұнда бенди- допты хоккей бойынша жарыстар өткізу жоспарланған. Әлемге атақты жоғары таулы мұз айдынын қайта құрудың масштабты жобасына бірнеше кезеңдер кіреді. Біріншіден, ескі машина залын – оның шамамен 3300 шаршы метр алаңын толық ауыстыру жүргізіледі. Қайта құрудан кейін бокскүресбаскетболминифутбол – әр түрлі бағыттағы спорт залдары, сондай-ақ жаттықтыру залдары мен скалодром орналасады. Сонымен қатар, қоғамдық қолдану орындары – буфет, баспасөз орталығы, жаппай сырғанау вестибюлі және мұражай өзгертіледі, сондай-ақ мұз айдының әкімшілігі мен қызметшілеріне арналған қосымша орындар ашылатын болады. Спортшылардың уақытша демалысы үшін орындар да жөндеуге жатады – олар спортшылар тұру қажетті қазіргі тиісті талаптарына сай деңгейге дейін жеткізіледі, ал олардың жалпы саны 130-дан 150-ге дейін өседі. Трибунадағы көрермендер үшін орындықтар толығымен жаңаға ауыстырылады, ал трибуналардың өзі гидро бөлектенеді. Жылу, желдету, сумен жабдықтау және канализация, энергиямен жабдықтау сияқты кешеннің инженерлік-техникалық жүйелері толық ауыстыруға жатады. Қазіргі технологиялық жүйелердің халықаралық стандарттарға сәйкес келуі үшін жаңалар, - мысалы, мұз аренасын жарықтандыру жүйесі, теледидарлық жүйесі, күзет жүйелері және бейне бақылау құралдары, электрондық табло, фотофиниш жүйесі және әділ-қазылар жүйесі, сағатты бекіту жүйесі, мұз оқиғаларын хабарлау жүйесі, мұзды орналастыру жүйесі қосылатын болады.
Мұз айдынының өзі де өзгеріске ұшырамақшы. Коньки тебу спортыканада хоккейікерлингмәнерлеп сырғанау және допты хоккей сияқты спорт түрлерін аймақтық және халықаралық деңгейінде жаттығулар мен спорт іс-шараларын өткізуге толығымен дайындалады. Сонымен қатар, суық кезеңдерде мұз жабындысын және жазғы уақытта қосымша жабындыны қолданумен жаппай сырғанау мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу режимінде пайдаланылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет