Vііі ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт ата ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, ақын, əрі сазгер



Pdf көрінісі
Дата11.12.2019
өлшемі28,22 Kb.
#53482
Байланысты:
VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, ақын, әрі сазгер, күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы
33 Подсознание может все, Тема-4, zhenil atletika. 100 m zhugiru. aard lakt u tehnikas . sekiru zhatt

VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, ақын, əрі сазгер, 

күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы.  Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік 

құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тəлім- тəрбие, ата- салтын, дəстүрін құрметтеу мен қастерлеу мəселелері өз 

болды.Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мəселелерін көтерді. Мəңгі өлмеудің жолын қиялымен 

іздестірген еді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып 

жатқан көр кездеседі. «Кімге қазып жатсыздар?» деген сұрауына «Қорқыттың көрі» деген жауап алады. Содан кейін өлімнен 

қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған бүкіл əлем ұқтырған болатын. Қорқыт ата поэма, 

күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де Қорқыт ата шығармаларын «Қорқыт Ата кітабы» деп 

атайды. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. «Қорқыт Ата кітабы» – 

бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тəлімдік мəні күшті афоризмдер, қанатты 

сөздер мен тағылымдық, танымдық ойлар, өсиет сөздер жиілеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары 

ежелден қастерлеген. Сондықтан да болар халық оны : «Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан 

ата, таңқалып жұрттың бəрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда» – деп тегін жырламаған. Қандай да қиын іс 

болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған екен.  

Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар 

арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, əрбір жыр соңындағы қорытынды 

сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тəлімдік-тəрбиелік ой толғаныстарынан байқатады. Қорқыт ата 

дан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек: 

«Тəңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тəңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады». «Менмен, 

тəкəппар адамды тəңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тəңірі бақ-береке бермейді». 

«Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне 

кетеді, мүмкін ол тəрбиеленген адамға көрдім-білдім деген де сөз айтпас». 

– Қорқыт Баба еді. «Атаның атын былғаған жетесіз баланың əке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырылдап 

тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», – дейтін ұлы бабаның нақылөсиет 

сөздерінде өткен заман кескіні, үйтұрмыс жағдайы, ата-ана, ұл мен қыз, күйеу бала, хайуанаттар тіршілігінен түсінік беріп, 

өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында оптимистік сарын бар. Ұлы баба арманы, мұраты адамзатқа 

жер бетіндегі өмірдің мəнін ұғындыру, адамдар жүрегіне қайсар рух пен кемел ізгіліктің дəнін себу арқылы асыл қасиеттерді 

дарыту.  

Аталы сөзді бағалай білген елдің оған бағынбай кеткен тұсы болмаған. Осы тұрғыдан алып қарасақ та, Қорқыт бабамыздың 

мұраларында ұлтқа пайдасы тиер маңызды мəліметтердің көп екенін аңғаруға болады. Қорқыт сөзі «құт» деген мағынаны 



білдіретіні жайлы кей деректерде сөз етіледі. Сондықтан да Қорқыттың əр айтқан тағылымы əрбірімізге «құтты» болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет