Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан»



Дата08.11.2023
өлшемі19,35 Kb.
#190234
Байланысты:
1301-72 Абдукаримова Ұ
Лек-Перинатология-негіздері

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Эссе
Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан» кітабында концлагерьлерде бастан өткерген оқиғалардан түйген ойларын жазады. «Неге бір адамдар күйзеліске түсіп, тез арада көз жұмады, ал екінші біреулері жанталасып өмір сүруге талпынады?»



Орындаған:Абукаримова Ұлжалғас
Топ:1301-72
Қабылдаған:Бекдаулетова К.


Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан» кітабында концлагерьлерде бастан өткерген оқиғалардан түйген ойларын жазады. «Неге бір адамдар күйзеліске түсіп, тез арада көз жұмады, ал екінші біреулері жанталасып өмір сүруге талпынады?» деген сұраққа жауап іздейді. Алғаш рет 1946 жылы жарық көргеннен бастап, 1997 жылы автор өмірден озғанға дейін, 10 миллионнан аса таралыммен сатылып, 24 тілге аударылған.
Адам баласы азаптан қашып құтыла алмайтын жағдайға тап болса, өз өмірінің мәнін табу арқылы қиындықты жеңе алады» деп түйіндейді автор өзінің ойын. Демек, өзіңіз өзгерте алмайтын жағдайға тап болсаңыз, Франкл сияқты түрмеге түссеңіз, кемтар болып қалсаңыз, жазылмайтын ауруға душар болсаңыз, қандай қиындық болса да, өмірден баз кешесіз бе, сол тауқыметтің өзінен өмірдің мәнін табасыз ба, оны өзіңіз шешесіз.
Виктор Франкл Австрия неврологы әрі психиатр логотерапия мектебінің негізін қалаушы.40 жылдары екінші дж соғыс басталар кезінде ғылым жолында жүрген жас ғалым болған.Ол кездері фашисттік Германия бүкіл еврейлерді концлагерге аттандырған еңбекке жарамдыларын жұмысқа жегіп балалармен қарттарды камераға жауып улап өлтірген содан ұлты еврей болған соң Виктор 1942 жылы лагерге түседі.Тұтқындарды адам құрлы қарамаған.Виктор Франкл ғалым болған соң қиындыққа тап болғандардың іс әрекетіне ой түйеді.Неге бір адамдар күйзеліске түсіп,тез арада көз жұмады?Ал екінші біреулері жанталасып өмір сүруге талпынады.Қиындықтан шыңдалып шығады деген сұраққа жауап іздеген. Тұтқындағы адамның психикалық реакциясын 3 кезеңге бөледі.Лагерге келу кезеңі содан лагерге мойынсыну кезеңі және босап шығу кезеңі. Автор бірінші кезеңге шошыну деп бірауыз сөзбен анықтама берген. Франкл қайғы-қасіреттің мекеніне айналған Освенцимге пойызбен қалай жеткені, жанындағы тағдырластарының бойынбилеген бастапқы шошыну сезімі жайлы әсерлі әңгімелейді. Освенцим деген жазуды көргеннентұла бойлары суып қоя береді. Себебі олардың көбі мұнда газ камералары бар екенінен хабардар
. Екінші кезең лагерге мойынсыну,үйрену.Автор бұл кезеңді апатиямен суреттеп оны эмоциялық өлім деп сипаттайды.Адам эмоциядан жұрдай болады.Күнделікті азап тұтқындарды жиіркеніш,қорқыныш немесе аяныш сезімдерінен жұрдай еткен.Ештеңкеден жиіркенбей не болмаса соны жей береді.Өліп қаламын деп қорықпайды.
Үшіншіден бостандыққа шығу жылдар бойы аңсаған армандары тұтқындар бостандыққа шыға салысымен бас айналар бақытты сезіне алмаған олар жылдар бойы жапа шеккендіктен рахаттану,қуануды да ұмытып қалады. Фрэнкл айтуы бойынша өмірдің мақсаты сүйікті іспен айналысу және мәнді ғұмыр кешу.Себебі өмірдің мақсаты адамды жануардан ерекшелеп қана қоймайды ол сонымен қатар қиын кездерде алға жетелейді.Ендеше өмірдің мәнін қайдан табамыз?Франклдың жазуынша бұл өмірде жалпыны түгел қамтитын әмбебап бір мән жоқ әр адам өзіне тән өзіндік мәні болады.
Сондай-ақ, Франкл адам басында бар невроз қоғамға да тән дейді. Және де әр дәуірдің ұжымдық неврозы болатынын айтады. Ол өзі өмір сүрген қоғам неврозын да «экзистенциялық вакуум» деп сипаттайды. Франкл экзистенциялық вакуумды халықтық феномен, ұжымдық синдромға балайды. Жан дүниені жайлаған мұндай жұтаңдық пен мағынасыздық сезімі науқастарды ғана емес, жастар мен үлкен кісілерді, жұмыссыздар мен тіпті төрт құбыласы тең тұлғаларды да мазалайды екен. Бұл сезім соғыс тұтқындары мен түрмеде азап шеккендерді де түгел шарпыған. Франкл өз заманындағы жас ұрпақтың жан-жүрегін жаралап, зердесін зақымдаған тәуелділік, агрессия және депрессия сезімдерін невроздың, экзистенциялық вакуумның симптомы дейді. Ал өмірдің мәнін іздеуге талпыну өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алатын әрекеттердің бірі дейді автор.
Қорытындылай келе .Автор қиындықтарды жеңуде трагедиялық оптимизмнің рөлін атап өтеді: оптимизм өмір мәнін іздеу құралы. Алайда Франкл трагедиялық оптимизмді америкалық мәдениетке тән «бақытты болу» қажеттілігінен бөліп қарайды. Логотерапияға сәйкес бақытқа ұмтылудың өзі бақытты болумен пара-пар. «Бақыт» дегеніміз – өмірдің шынайы мәнін жүзеге асырудың жанама әсері деп сипаттайды. Адам баласы қандай жағдайда да өмірдің мәнін тауып, оны жүзеге асыраалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет