Воп для вступительных экзаменов в интернатуру 5 курс терапия



бет1/4
Дата31.01.2018
өлшемі1,22 Mb.
#36612
  1   2   3   4
ВОП для вступительных экзаменов в интернатуру 5 курс

ТЕРАПИЯ

1. Бронх қабырғаларының іріңді-қабынулы деструкциясы нәтижесінде бронхтардың қайтымсыз патологиялық кеңеюі қалай аталады?

1.Пневмония

2.+Бронхэктаз ауруы

3.Өкпе эмфиземасы

4.Созылмалы бронхит

5. Муковисцидоз
2. Миокард инфарктісінің диагностикасындағы ең спецификалық маркерға не

жатады?


1.аспартатаминотрансфераза

2.аланинаминотрансфераза

3.+тропонин Т, І

4.креатинфосфокиназа

5.лактатдегидрогеназа
3. Миокард инфарктісімен науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тер байқалған. Науқаста қандай асқыну пайда болды?

1.өкпе сусіңділенуі

2.+кардиогенді шок

3.жүрек аневризмасы

4.Дресслер синдромы

5.қайталамалы миокард инфарктісі


4. Науқаста тамақ қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейін пилородуоденальды аймақта күшті ауырсыну пайда болып, ол арқаға таралған және ауырсынудың жоғары шегінде жеңілдік әкелмейтін құсық байқалған. Қандай жағдай туралы ойлауға болады?

1.аутоиммундық гастрит

2.асқазан кардиалды бөлімінің жарасы

3.асқазан денесінің ойық жарасы

4.+постбульбарлы ойық жара

5.эзофагит


5. Науқастың жағдайы нашарлап, есенгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды?

1.бромсульфалиенді сынама

2.белокты және оның туындыларын анықтау

3.альфа-фетопротеин құрамын анықтау

4.+қан сарысуындағы аммиакты анықтау

5.АЛАТ және АСАТ деңгейін анықтау


6. 18 жастағы науқаста бетінің ісінуі, бас ауруы, белдің сыздап ауырсынуы, зәр бөлінуінің азаюына шағымданып келді. 3 күннен бері өзін аурумын деп санайды. 2 апта бұрын баспамен ауырған. Объективті қарағанда: тері қабаттары бозарған, беттің ісінуі, аяғының ісінуі байқалады, дене қызуы - 37,70с. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Пульсі минутына - 84 рет. АҚ 165/100 мм сын. бағанасында. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы екі жағында да оң мәнді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.жедел пиелонефрит

2.бүйрек тас ауруы

3.бүйрек туберкулезі

4.бүйрек амилоидозы

5.+жедел гломерулонефрит


7. Науқас 18 жаста, бала кезінен қанағыштықпен ауырады: мұрыннан қан кетулер, гематомалар байқалған. Бір жыл бұрын тізе және тобық буындарында қан кетулер болған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.ДВС-синдромының созылмалы формасы

2.+гемофилия

3.геморрагиялық васкулит

4.тромбоцитопатия

5.идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура


8. Науқастың анамнезінде жедел ревматизмдік қызбаны басынан өткерген. Қан анализінде солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, СРБ оң мәнділігі, сиал қышқылы, фибриноген, α2 және глобулиндердің дәрежесінің жоғарылауы, церулоплазмина>0,25 г/л, серомукоид >0,16 г/л, антистрептокиназа>1:300, антистрептолизин>1:250 байқалған. Эхокардиографияда: митральды қақпақшаның стенозы мен айқын регургитациясы анықталған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.диффузды миокардит

2.+жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

3.гипертрофиялық кардиомиопатия

4.инфекциялы эндокардит

5.экссудативті перикардит


9. Бета-адреноблокатордың негізгі әсеріне не жатады?

1.ЖЖЖ артыру

2.қозғышты жоғарлату

3.оң инотропты әсер

4.+өткізгіштікті тежеу

5.жүректің электрофизиологиясына әсер ету


10. Науқаста жүрек маңында күйдіріп ауырсыну, жалпы әлсіздік, суық тер пайда болды. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның артқы–төменгі қабырғасының миокард инфарктісі анықталды, бұл өзгеріс қай тіркемеде байқалады?

1.V1-V2

2.І, AVL

3.V3-V4


4+III, AVF

5.I, AVL, V5-V6

11. ЭКГ-да QRS комплесінің біркелкі деформациясы тіркелінген. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін?

1.қарыншалық экстрасистолия

2.пароксизмальды суправентикулярлы тахикардия

3.синустық тахикардия

4.+пароксизмальды қарыншалық тахикардия

5.пароксзмальды қарыншалар фибрилляциясы


12. Науқаста биохимиялық қан анализінде келесі өзгерістер бар: жалпы билирубин -26 ммоль/л, конъюгирленген билирубин 5,2 ммоль/л, бос 20,8 ммоль/л, АЛТ 560 ммоль/л, сілтілі фосфотаза 1,4 ммоль/л. Қандай синдром жайлы ойлауға болады?

1.+цитолитикалық синдром

2.астеновегетативті синдром

3.сарғаю холестаз

4.портальды гипертензия

5.гиперспленизм синдромы


13. 51 жастағы әйелді оң жақ қабырға астында ұзаққа созылған ауырсыну мазалайды. Қарағанда сарғаю анықталмаған. Кера, Ортнер симптомдары оң мәнді, дене қызуы субфебрильді, гемограммада ЭТЖ-30 мм/сағ. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

1.+созылмалы холецистит, өршу сатысы

2.созылмалы панкреатит, өршу сатысы

3.асқазан ойық жарасы, өршу сатысы

4.созылмалы гепатит, өршу сатысы

5.бауыр циррозы, декомпенсация сатысы


14. Науқасты қараған кезде бет ұшында қызару байқалады, пальпацияда жүрек ұшында «мысық пырылы» сезіледі. Аускультацияда: жүрек ұшында диастолалық шу, шапалақты І тон, митральды қақпақшаның ашылу тоны, ырғағының бұзылуы, ЖЖЖ минутына 110 рет, пульс дефициті, өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар анықталды. Кеуде клеткасының рентгенографиясында: жүрек мықынының тегістелуі, кіші радиус доғасынан өңештің ығысуы. ЭКГ-да сол жақ жүрекшенің және оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқаста қандай қақпақша ақауы бар?

1.+митралды стеноз

2.митралды жеткіліксіздік

3.аорталды стеноз

4.аорталды жеткіліксіздік

5.трикуспидальды жеткіліксіздік

15. Жедел трансмуральды миокард инфарктісімен науқаста 20 күннен кейін тыныс алумен байланысты төс артында интенсивті ауырсыну, дене қызуының жоғарлауы, кенет әлсіздік, тершеңдік пайда болды. Жүрек тондары әлсіреген, жүректің абсолютті шекарасында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Жедел миокард инфарктісінің осы асқынуында қандай препараты қолданған жөн?

1.кең спектрлі антибиотиктер

2.+стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

3.кальций антагонистері

4.АФАТ (АПФ) ингибиторлары

5.антикоагулянттар

16. 32 жастағы науқас, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, оң жақ бел аймағында сыздап аурсынуға, зәр шығаруының жиілеп ауырсынуына шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Анамнезінде – жиі циститпен ауырған. Объективті қарағанда: дене қызуы 380С, аускультацияда- тыныс алуы везикулярлы, жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖЖЖ минутына 92 рет, АҚ 120/80 мм.сн.бағ. Іші жұмсақ, оң жақ шап аймағында және оң жақ қабырға доғасының деңгейінде іштің тік бұлшықеттінің сыртқы жиегінде ауырсыну байқалған. Пастернацкий симптом оң мәнді.Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.бүйрек туберкілезі

2.гломерулонефрит

3.+пиелонефрит

4.бүйрек амилоидозы

5.бүйрек тас ауруы


17. Трансмуральді миокард инфарктінің ЭКГ-белгісі қайсысы?

1.+терең, кеңейген QS тісшесі

2.теріс, коронарлы Т тісшесі

3.SТ сегментінің изосызықтан төмен орналасуы

4.SТ сегментінің изосызықтан жоғары орналасуы

5.Р-Q интервалының ұзаруы


18. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруын диагностикалауда «маңызды» тексеру тәсілі қайсысы?

1.өңешті рентгендік зерттеу

2.рН-метрия

3.+өңеш эндоскопиясы

4.гистологиялық зерттеу

5.өңеш кілегейінің биопсиясы


19. Рентгенограммада өкпе мөлдірлігінің жоғарылауы, қабырғааралық кеңістіктің кеңеюі, диафрагма күмбезінің тығыздалуы қандай аурудың көрінісі?

1.спонтанды пневмоторокстың

2.өкпеден қан кетудің

3.кавернозды өкпе туберкулезінің

4.ауруханадан тыс пневмонияның

5.+өкпе эмфиземасының


20. Созылмалы қайталамалы панкреатитпен ауыратын, ішімдік қабылдайтын, 53 жастағы ер адамда, ауырсынусыз сарғаю байқалған. Ретроградты панкреатохолангиографияда жалпы өт өзегінің тарылуы анықталған. Сарғаюдың пайда болуы немен байланысты?

1.+жалпы өт өзегінің перидуктальді фиброзымен

2.ұйқы безінің ісігімен

3.жалпы өт жолының ісігі

4.ұйқы безінің жалған кистасымен жалпы өт жолының басылуы

5.холелитаз салдарынан жалпы өт жолдарының стриктурасы


21. Науқас М. жедел миокард инфарктісімен кардиология бөліміндеемделу барысында жүрек ұшында І тон әлсіреуі, систолалық шу анықталған. Осы жағдайға қарап ЭХОКС-да қандай өзгерістер көруге болады:

1.+митральді қақпақша регургитациясы

2.митральді қақпақша жармақтарының тығыздалуы

3.митральді қақпақша вегетациясы

4.қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

5.перикард жапырақшаларының тығыздалуы


22. 56 жастағы әйелде жалпы қарағанда саусақаралық буындар ісінген, қозғалысы ауырсынумен шектелген. Қан анализінде: гипохромды анемия, ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, диспротениемия, фибриноген жоғарылауы, серомукоид, гаптоглобин, сиал қышқылының жоғарылауы анықталған. Иммунологиялық зерттеуде: ревматоидты фактор анықталған, Ваалер-Роз реакциясы 1:32 титрінде оң мәнді, латекс-тест-1:20. Буын рентгенограммасында: буын маңы эпифизарлы остеопорозы, буын саңылауларының тарылуы, жиектік эрозия байқалады. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.ревматизмдік артрит

2.+ревматоидты полиартрит

3.деформациялық остеоартроз

4.Бехтеров ауруы

5.подагралық артрит


23. Науқас 37 жаста, дәрігерге ентігуге, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге шағымданып келді. Жағдайының 5 күн бұрын нашарлауын айтады. 5 жыл бойы ауырады. Көктеммен -күз айларында аурудың өршуі байқалған. Шырышты-іріңді қақырық аурудың өршуі кезінде бірнеше ай бойы және өте көп мөлшерде бөлінеді. Темекіні 20 жылдан бері күніне 1 қорап шегеді. Объективті қарағанда: дене қызуы 37,50С. Өкпеде айқын перкуторлық дыбыс естіледі. Аускультацияда: везикулярлы тыныс әлсіреген. ТАЖ минутына 22 рет. Жүрек тоны анық, ырғақты, ЖЖЖ минутына 72 рет, АҚ 120/80мм.сн.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.пневмония

2.өкпе рагы

3.+созылмалы обструктивті бронхит

4.бронхиальді демікпе

5.өкпе туберкулезі


24. Науқас 38 жаста, бірнеше жылдар бойы тері мен ауыз қуысының шырышты қабатында петихиальді қан құйылулар, мұрыннан қан кетулер мазалайды. Идиопатиялық тромбоцитопения диагнозы қойылған. Преднизолонмен терапия курсы қандағы тромбоцитті 80-90х109/л дейін көтереді. Бірақ геморрагиялық синдром сақталған. Емдеудің қандай жолы дұрыс емес:

1.спленэктомия жасау

2.мұрыннан қан кеткенде жергілікті гемостатикалық губка қолдану

3.преднизолонмен емді жалғастыру

4.+донор тромбоцитін құю

5.цитостатиктер


25. Неспецификалық жаралы колит диагнозын анықтайтын зерттеулердің ішіндегі маңыздысы?

1.Физикалық зерттеу

2.Нәжісті жасырын қанға тексеру.

3.Ирригоскопия

4.Нәжісті микробиологиялық зерттеу

5.+Рекороманоскопия


26. Идиопатиялық тромбоцитопенияның патогенезі немен байланысты?

1.Тромбоцит түзілуінің жеткіліксіздігімен

2.Тромбоциттердің жұмсалынуының жоғарлауымен

3.+Тромбоциттердің антиденемен бұзылуымен

4.тромбоцитопоэтин түзілуінің механикалық бұзылысымен

5.Көкбауыр ұлғаюының салдарынан пайда болатын тромбоциттердің механикалық бұзылысымен


27. Бауыр циррозымен ауыратын науқаста гиперспленизм синдромы анықталды. Лабораторлық зерттеу кезінде осы синдромға тән қандай өзгерісті байқауға болады?

1.АЛТ, АСТ, ЩТ белсенділігінің өзгерісі

2.+Лейкоцитопения, тромбоцитопения, анемия

3.Билирубинемия

4.гипопротеинемия

5.Гипергаммаглобулинемия


28. Ұзақ уақыт темекі шегетін науқаста объектвиті қарау кезінде қабырғааралық кеңістіктің кеңеюі, қабырғалардың горизантальді бағытта орналасуы кеуде клеткасының көлденең өлшемі бойлама өлшеміне жақындаған. Перкуссияда –қорапты дыбыс. Аускультацияда – везикулярлы тыныс әлсіреген. Бұл өзгеріс немен байланысты?

1.бронхоэктазбен

2.өкпе абсцесімен

3.кавернамен

4.бронхолиттермен

5.+өкпе эмфиземасымен


29. 35 жастағы науқас, стоционарда идиопатиялық пурпуралы тромбоцитопениямен емделуде. Денесінде аздаған петехиальді-дақты қан құйылулар байқалады, етеккірінің көлемі көбейген, басқа өзгерістері жоқ. Тромбоциттер 18,0х109/л. Осы ауруына байланысты бұрын емделмеген. Қандай емдеу әдісін қолдану тиімді?

1.+Преднизолонмен емдеу

2.Спленэктомия

3.Цитостатик

4.Плазмаферез

5.Тромбомассаны енгізу


30. Науқас В., 43 жаста. Тұншығу ұстамасына, тыныс шығаруының қиындауына, қоймалжың, шыны тәрізді қақырықтың бөлінуіне шағымданады. Осы көріністер жыл сайын маусым айында пайда болып, шілде айында басылады. Объективті қарағанда: науқас қолын орындыққа тіреп отырады. Терісі көгерген реңді. Кеуде қуысы бөшке тәрізді, бұғана асты және үсті ойығы тегістелген, қабырғааралығы кеңейген, қосымша бұлшықеттер тыныс алуға қатысады, қабырға аралығы керілген. Тыныс алуы қатаң, ысқырықты шумен минутына 26 рет, перкуссияда қорапты дыбыс естіледі. Аускультацияда құрғақ ысқырықты сырыл барлық аймақтарда. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.Пневмония

2.Фиброзды альвеолит

3.Созылмалы обструктивті өкпе ауруы

4.+Бронхиальды демікпе

5.Өкпе туберкулезі


31. Науқас дене тұлғасының алдыңғы бетінде және аяқтарында кенеттен пайда болған немесе шамалы жарақаттан кейін геморрагиялардың пайда болуына, енгізу жасалған жерлерде ірі қанталаулардың байқалуына шағымданады. Қарағанда: басқа патологиялық өзгерістерсіз петехиальды- дақты типті қанағыштық, лабораторлық көрсеткіштер гипо және афибриногенемияны, дисфибриногенемияны шектейді. Протромбин, проконвертин құрамы қалыпты деңгейде. Қан кету уақыты ұзарған. Қан ұйығының ретракциясы төмендеген, сүйек минының трепанатындағы мегакариоциттердің саны қалыпты. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.Геморрагиялық васкулит

2.Гемофилия

3.+Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

4.ДҚІҚ (ДВС)- синдромы

5.Қырқұлақ


32. Науқас К. 28 жаста, бел аймағында және іштің оң жақ жартысында күшті ауырсынудың оң жақ аяқ және шат аймағына таралуына, жиі кіші дәретке отырғысының келуіне шағымданады. Бір жыл бұрын осындай ұстама пайда болып «Жедел көмек» шақырған, ауырсынуы анальгетиктермен басылған, бірақ ұстамадан кейін зәрі қызыл түсті болған. Қарағанда: дене қызуы 36,40С. Науқас тынымсыз, ауырсынуды жеңілдету үшін ыңғайлы жағдайды іздейді. Тыныс алу және жүрек қантамыр жүйесі жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Тамыр соғысы 76 мин, АҚ 120/60 мм сын. б.б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жағында ауырсыну байқалады. Постернацкий симптомы кенет оң мәнді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.Бүйрек обыры

2.Гломерулонефрит

3.Пиелонефрит

4.Бүйрек амилондозы

5.+Бүйрек тасты ауруы


33. Т. атты 38 жастағы науқастың оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. барынша мүмкін диагноз:

1.пневмоторакс

2.+өкпе абсцесі

3.өкпе гангренасы

4.саркаидоз

5.бронхоэктаз ауруы


34. И. атты 74 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Қандай зерттеуді шұғыл жүргізу керек?

1.+ЭКГ, тропонин Т-ны

2.Tl201сцинтиграфияны

3.ЭхоКГ добутаминмен

4.ЭКГ физикалық күштемемен

5.тәуліктік ЭКГ мониторлау


35. Н. атты 37 жастағы науқас басының ауруы, айналуы, жүрек тұсындағы шаншып ауыру, бұлшықеттердің ауыруы, жалпы әлсіздік, кейде тырысулар мен шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюіне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 - жылда АҚҚ максимальды 230/130 мм. с.б.б. дейін көтерілген. 1 жыл бұрын өтпелі парез дамыған. Объективті: АҚҚ - 190/100 мм с.б.б., ЖЖЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ST - сегменті V2-V6 шықпаларында қиғаш жоғарылаған және осы шықпаларда Т- тісшесі теріс. Қанда: калий деңгейі - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: менш.салм. 1006-1015. Қандай емдеу әдісі науқастың жағдайын жақсартуға көмектесуі барынша мүмкін?

1.ААФ ингибиторлары

2.-адреноблокаторлары

3.+оперативті ем

4.I1 имидазолиндік рецепторлардың агонистері

5.ұзақ әсерлі дигидропиридинді кальций антагонистері


36. Науқас А. 40 жаста бас ауруы, бас айналуы, естен тануға шағымдармен түсті. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Жүрек шекаралары солға ұлғайған, оң жақтағы ІІ қ/а, төстің сол жақ қырында жоғары тембрлі, протодиастолалық бәсеңдеген шуыл және әлсіреген II үн естіледі. Қан тамырларында Траубенің қос үні және Дюрозьенің қос шуылы, Квинке, білек артериясының пульстері жоғары әрі тез 100 рет мин., АҚ - 160/60 мм.с.б.б. Науқасты қандай тәсілмен емдеу НЕ ҒҰРЛЫМ тиімді?

1.кардиологтың бақылауы

2.медикаменттік ем

3.оперативті вальвулотомия

4.митральді қақпақшаны протездеу

5.+аорталық қақпақшаны протездеу


37. Науқас 16 жаста, физикалық күш түскенде ентікпеге және шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде – жиі бронх-өкпелік инфекциялық аурулар. Тері жабындылары бозғылт, жүрек ұшының түрткісі күшейген, төстің сол жақ шетіндегі IV қабырғааралықта естілетін дөрекі пансистоликалық шуыл, өкпе артериасында ІІ тон акценті естіледі. ЭХОКГ –дан күтетін өзгерістер:

1.Қанның сол қарыншадан жүрекшеге регургитациясы

2.+Сол қарыншадан сол қарыншадан шунт

3.Қанның оң қарыншадан жүрекшеге регургитациясы

4.Сол жүрекшеден оң жүрекшеге шунт

5.Қанның аортадан сол жүрекшеге регургитациясы


38. С. атты 42 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?

1.Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағым

2.Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)

3.Ишемиялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ І (ФК І)

4.Рестриктивті кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

5.+Дилатациялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)


39. Науқас Х., 49 жаста, тамақ немесе алкоголь қабылдағаннан соң жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы батып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпацияда эпигастрии аймағының жайылмалы ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-сараң қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША МӘЛІМЕТтІ?

1.+пантапрозол, себебі, тұз қышқылы экскрециясы мен синтезінің соңғы сатысына қатысатын ферментті тежейді

2.фамотидин, себебі, қабаттасқан жасушаларда орналасқан Н2 рецепторларды тежейді

3.метронидозол, себебі, антигеликобактерлік әсері бар

4.алмагель, себебі, антацидтік әсері бар

5.метацин, себебі спазмолитикалық әсері бар


40. 52 жастағы К. атты науқас клиникаға қозғалыс кезінде оң жақ иық буындарының ауыратын шағыммен келді. 5 жыл бойы ауырады, ауру пайда болғанда қозғалыс кезінде аталған буында ауру мен сықыр пайда болған. НПВС-пен емделгенде бұл жағдайлар азайған. 1 жылдан соң ауру қайтадан пайда болған. Буынның сырт көлемі өзгермеген, жергілікті дене қызуы байқалмайды. Пальпацияда буын ауырады. ҚЖА эр 4,6 х1012 /л, лейк 7,6 х109/л, НВ 135 г\л, СОЭ 15 сағ/мм, РФ (-), СРБ (+). Оң жақ иық буыны рентгенограммасында - буын саңылауларының тарылу, субхондральді остеосклероз, шекті остеофиттер байқалады.

Клиникалық диагнозын қойыңыз.

1.+Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА 0.

2.Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА I.

3.Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА II.

4.Оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА III.

5.Оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА III.
41. Компьютерлі томография нәтижесінде екі жақтық фиброз және екі жақтық «бұлыңғыр шыны» өзгерістер барынша тән:

1.+фиброзирлеуші альвеолитке

2.екі жақты пневмонияға

3.милиарлық туберкулезге

4.өкпе амилоидозына

5.өкпе саркоидозына


42. Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз:

1.ЖИА, Прогрессирлеуші стенокардия. ауруханаға жатқызу керек

2.ЖИА. Күштену стенокардиясы ФК 2. Антиангиналді ем тағайындау

3.Кардиалгия коронарлы себептерге байланысты емес болуы мүмкін. Науқасты зерттеу керек.

4.+ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Ауруханаға жатқызу керек, антиангиналді ем тағайындау керек.

5.ЖИА. Принцметалл стенокардиясы


43. Р. атты науқас 40 жаста. Найзды ұзақ қабылдаған науқасты соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрийдегі кесіп ауру сезімі, күйдіру, қышқыл ауамен кекіру мазалайды. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ТИІМДІ?

1.маалоксты

2.алмагельді

3.мотилиумды

4.рабепразолды

5.+мизопростолды


44. К. атты 43 жастағы науқасты бетінің және аяқтарының ісуі, әлсіздік, ентікпе мазалайды. Көп жылдан бері төменгі жақ остеомиелитімен ауырады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, макроглоссия, гепатоспленомегалия. Қанында: диспротеинемия гипоальбуминемиямен. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

1.+Астыңғы жақтың созылмалы остеомиелиті. AA-амилоидозы

2.Астыңғы жақтың созылмалы остеомиелиті. AL-амилоидозы

3.Астыңғы жақтың созылмалы остеомиелиті. AF-амилоидозы

4.Астыңғы жақтың созылмалы остеомиелиті. AS-амилоидозы

5.Астыңғы жақтың созылмалы остеомиелиті. AE-амилоидозы


45. 23 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз?

1.Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн

2.Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн

3.+Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн

4.Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн

5.Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн


46. 44 жастағы науқас дәрігерге физикалық күш түскендегі ентігуге, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауырсынуға, бөлінетін несеп мөлшерінің азаюына, оның түрінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырады. Қарғанда беті бозарған, үрленген, мойын веналары ісінген. АҚҚ-180/110мм.сын.бағ. Несеп талдауында: протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия. Сіздің диагнозыңыз:

1.Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, СБЖ 0

2.+Жедел гломерулонефрит, жайылған ағым артериалды гипертониямен бірге, СБЖ 0

3.Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0

4.Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі,СБЖ 0

5.Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0


47. 54 жстағы науқас әйел адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, метеоризмге, тәуілігіне түсі майлы жылтыр 3-4 рет іш өтуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Нәжіс анализінде- эластаза-1 – 100 мкг/г. Қан анализі өзгеріссіз. Ультрадыбысты зерттеуде: өт жолдарының тығыздалып, қалыңдауы, ішінде замазкотәріздес өт бар, ұйқы безінің паренхимасының існуі және диффузды өзгерістері байқалады. Осы жағдайда ең адекватты емдеу кестесін таңдаңыз:

1.Ұйқы бездерінің ферменттері

2.+Ферменттер + протонды помпаның ингибиторлары+урсодезоксихолий қышқылы

3.Ұйқы бездерінің ферменттері + протиолитикалы ферменттердің ингибиторлары

4.Протонды помпаның ингибиторлары +урсодезоксихолий қышқылы

5.Протонды помпаның ингибиторлары + дисбиоз корректорлары


48. Стенокардияға патогномды болып табылады

1.ЭКГ – да өзгеріссіз физикалық күштемеде төс артының ауыруы

2.физикалық күштемеден кейін экстрасистолияның дамуы

3.+төс артының ауыруы және ЭКГ-да ST сегментінің1 мм-ге және одан көп депрессиясы

4.ST –нің 1 мм-ге және одан аз көтерілуі

5.III стандарты және аVF әкетулерінде Q сермесінің ұлғаюы


49. Жедел миокард инфарктымен ауырған науқаста кеуде қуысында ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы көтерілді, перикард үйкелу шуы естіледі, ЭТЖ жоғарылаған, ЭКГ өзгерістерінің динамикасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Сіздің диагнозыңыз?

1.зақымданған миокард көлемінің ұлғаюы

2.идиопатиялық перикардит

3.+Дресслер синдром

4.миокард жарылуы

5.жүрек хордаларының үзілуі


50. Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антральды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулары байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

1.созылмалы гастрит А тип

2.+созылмалы гастрит В тип

3.асқазан жарасы

4.созылмалы панкреатит

5.созылмалы энтероколит


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет